+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Goodyear-дің премиум-кепілдігі

Goodyear-дің премиум-кепілдігі

Goodyear-дің премиум-кепілдігі

Қасақана зақымдамаған кездегі тегін жөндеуге немесе ауыстыруға берілетін кепілдік

Goodyear шиналарына берілетін Премиум Кепілдік стандартты кепілдік талаптарына толықтыру болып табылады.
Премиум Кепілдік шинаны сатып алған кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде әрекет етеді және төмендегілерге таралады:
  • Букiл көрсетілген гудер, жане басқа да, маркалы шиналарға, 17-i размерлерге,бірак женіл комерциялық көликтерден басқасы Wrangler AT/SA, Wrangler AT/SA+, Wrangler AT/R, Wrangler All-terrain Adventure with Kevlar,Wrangler Duratrac и Wrangler MT/R with Kevlar), Премио атты "ТЖО"-да Жане де, ұжымға кіретіндердең, шиналар алынған боса, тізімді қарыңыздар www.goodyear.ru
  • Бұжыртабанының қалдық тереңдігі 4 мм кем болмайтын шиналарға.
Goodyear Премиум Кепілдігі бағдарламасы шегінде шина-сервис орталығы (бұдан әрі – Шина орталығы) әрбір сатып алынған Goodyearтобының шинасына шинаның тесілуін, кесілуін, жарылуын және бүйірінің шығуын қоса алғанда, зақымдану қасақана жасалған жағдайлардан басқа (сатып алушы немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм актісі), шинаның пайдалану кезіндегі зақымдануы анықталған жағдайда бір тегін жөндеу жүргізуді (жөндеуге жататын жағдайда) немесе жаңасына бір тегін ауыстыруды (жөндеуге жатпайтын жағдайда) міндетіне алады.
Премиум кепілдік Goodyear жолаушы дөңгелегін сатып алуды растайтын осы кепілдікті сертификаты мен құжатын сатып алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде warranty.goodyear.ru порталында тіркеген жағдайда ҒАНА әрекет етеді.
Премиум гарантия Goodyear | Интернет-магазин Юнитайр
Goodyear Премиум Кепілдігі бағдарламасына шинаның жөндеу немесе монтаждау кезінде болған зақымдануы, сонымен қатар пайдалану ерекшелігіне: шинаның бірқалыпты тозбауы, жүргізу мәнеріне, жол төсемінің ерекшелігіне байланысты тозуы, пайдалану қасиетін жоғалтуға әкеп соқпайтын бет жағындағы косметикалық зақымданулары және т.б. жататын жағдайлар кірмейді. Кепілдік бұдан бұрын жөнделген шиналарға берілмейді. Бұдырлардың түсіп қалуы және/немесе шуыл деңгейінің көбеюі кепілдік жағдайы болып табылмайды.
Сатып алушы сол шина сатып алынған Шина орталығына осы Шина орталығының мөрі басылған кепілдік сертификатын, сатып алу мерзімі, шинаның моделі мен өлшемі көрсетілген тауар немесе касса чегін (заңды тұлғалар үшін - тауар жүкқұжатын) ұсына отырып, зақымданған шинаны ұсынады. Шина орталығының қызметкерлері сараптама жасап, шинаны жөндеу мүмкіндігі немесе оны ұқсас модельге және өлшемге ауыстыру туралы қорытынды жасайды. Шина орталығы кепілдік жағдайы бойынша шинаны экономикалық жағынан негізделген, алайда 90 күннен аспайтын, мерзімде ауыстыруға міндетті.
Ауыстырылған шинаға Премиум Кепілдік таралмайды және кепілдік сертификаты берілмейді.
Жөндеуден немесе ауыстырудан кейін сатып алушыға кепілдікті қызмет көрсету Актісінің көшірмесі беріледі.

Кепілдік берілетін модельдер тізімі

Eagle F1 Asymmetric 2, Eagle F1 Asymmetric 3, Eagle F1 Asymmetric AT, Eagle F1 Asymmetric SUV, Eagle NCT 5, EfficientGrip, EfficientGrip Compact, EfficientGrip Performance, EfficientGrip SUV, Vector 4Seasons SUV, Vector 4Seasons Gen-2, Vector 4Seasons SUV Gen-2, Wrangler HP All-Weather , Eagle Sport TZ, Eagle Sport
UltraGrip Ice 2, UltraGrip Ice Arctic, UltraGrip Ice Arctic SUV, UltraGrip Ice WRT.
«Goodyear Премиум Кепілдігі» бағдарламасының талаптары туралы толық ақпаратты www.goodyear.ru сайттарынан алуға болады.