+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг


Біздің сайтымызда сіз сатып алынған тауарды бірнеше тәсілмен төлей аласыз:

  1. Қолма-қол ақшамен. Тауарды біздің курьерімізден немесе біздің шина орталығымыздан алған кезде.
  2. Банк терминалы арқылы төлем картасымен. Біздің кез келген Шина орталығында сіз сатып алған тауарды банк терминалы арқылы картамен төлей аласыз. Төлем VISA және MasterCard төлем карталары арқылы қабылданады.
  3. Қолма-қол ақшасыз. Сіз тікелей шот дерегін алып, банк арқылы төлей аласыз. Шотыңыз бойынша дерек дұрыс шығу үшін, деректеріңізді дұрыс енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. Шотты алу кезінде мәселе туындаса, бізге жазыңыз немесе +7 (708) 972 29 72 телефонына хабарласыңыз.
  4. UNITYRE дөңгелек орталықтарында тапсырысты алған кезде Kaspi Red картасымен бөліп төлеу (Алматы және Ңұр-Сұлтан қ. үшін).
  5. UNITYRE дөңгелек орталықтарында тапсырысты алған кезде ForteCredit card картасымен бөліп төлеу (Алматы және Ңұр-Сұлтан қ. үшін).
  6. Visa және MasterCard* төлем карталарымен сайтымызда онлайн-төлем жасау. Төлем біздің сайтымызда «ForteBank» төлем карталарын авторландыру жүйесі арқылы жасалады. Төлемнің бұл түрі жеке тұлғалар үшін ғана әрекет етеді. Төлемнің осы тәсілін таңдаған кезде сайт сізден қосымша ЖСН сұрайды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: онлайн-төлем жасау тапсырысты ресімдеу кезінде ғана мүмкін болады. Егер тауар үшін онлайн төлем жасағыңыз келсе, оны «ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ» тетігін басқанға дейін жүргізу қажет.

* Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:

  • Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, тікелей «ForteBank» авторландыру жүйесінде енгізеді, яғни, сатып алушы карточкасының төлем деректері тиісті рұқсаты бар банк қызметкерлерінен басқа ешкімге белгісіз болады.
  • Банктің авторландыру жүйесі сатып алушыға оның карточкасының төлем деректері (нөмірі, әрекет ету мерзімі, CVV2/CVC2) авторландыру серверінде сақталғандықтан, ұрланбайтынына және алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді.
  • Интернет арқылы төлеу қызметі халықаралық төлем жүйесі Ережелеріне сәйкес, жабық байланыс арналары арқылы ең заманауи тексеру, шифрлеу және деректерді жіберу әдістерін қолданып, төлем жасаудың құпиялығы мен қауіпсіздігі сақтала отырып жүргізіледі.
  • Сіздің ұсынған жеке ақпаратыңыз да (аты, мекенжайы, телефон, e-mail) құпия болып табылады және жарияланбайды.
  • Талап етілген сома Қазақстан Республикасының теңгесінен басқа кез келген валютада сақталатын картамен төлем жасаған жағдайда, теңгеге ауыстыру картаны берген банк-эмитенттің бағамы, немесе банк-эмитент пен Халықаралық Төлем Жүйесі арасындағы келісімде көрсетілген өзге бағам бойынша жүзеге асырылады. Бағамды өз банкіңізде анықтап білуіңізге болады.

Оnline-төлемді қабылдамау жағдайлары:

  1. Мүмкін, сіздің банктік картаңыз интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы Банктен біле аласыз. Онда бұл шектеуді алып тастауға болады.
  2. Сіздің банктік картаңыздың деректері дұрыс енгізілмеуі мүмкін. Тағы да мұқият енгізіп көріңіз. Егер екінші рет төлем жасалмаса, өзіңіздің банкіңізбен хабарласыңыз.
  3. Сатып алынған тауарды төлеу үшін шоттағы қаражат жеткіліксіз.
  4. Сіздің картаңызға қойылған лимитке қарағанда төлем сомасы көп болуы мүмкін. Оны да өз банкіңізге хабарласып, біле аласыз.