+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Бұрынғы жарысушы Армин Шварц автоәуесқойларға кеңес береді

Бұрынғы жарысушы Армин Шварц автоәуесқойларға кеңес береді

24.0.2013

Қазақша | Русский

 

1988 және 2005 жылдар аралығында 119 раллиге қатысқан неміс жарысушысы Армин Шварц AutoBild неміс автокөлік басылымының оқырмандарымен өзінің қысқы уақытта жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Соның ішінде, қысқы шиналарды қолдануға қатысты бірнеше кеңес бере кетті.

 

«Жақсы протектор қарда ғана маңызды емес. Жолда қардың сумен араласқан қоспасын үнемі көріп жүрміз. Протектор тереңдігі жеткілікті шиналар ғана мұндай жағдайда қауіпсіз жүруге көмектеседі. Өлшем маңызға ие: егер сорттық автокөлік жүргізсеңіз, сәйкес өлшемдегі қысқы шиналар қажет.

 

Тар шиналар қауіпіздіктің қажет деңгейін берген уақыт баяғыда өтіп кеткен. Ламмеллирлеудің заманауи технологиясы арқасында заманауи қысқы шиналар қар мен мұзға жақсы ілінісуге мүмкіндік беретін жүздеген ілігу жиектеріне ие. Жақсы қысқы шина ең алдымен жақсы бүйірлік айдап кетумен ерекшеленеді. Ол тұрақты басқару мен қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді, әсіресе тайғақ төсемеде. Бұл әсіресе қуатты автокөліктерде байқалады.

 

Толық жетек жанкүйерлерінің сақтықты жоғалтуына болмайды — автокөлік 4×4 тобынан болса да, жоғары тартылысымен ерекшеленеді, олардың бәрібір қысқы резеңке алғаны дұрыс. Тәжірибелі жарысушы ретінде айтып отырғаныма жауап беремін. Қысқы шиналарда бүйрлік айдап әкету үлкен, ал олардағы ламелдер қиын жағдайларда ең қысқа тежеу жолын қамтамасыз етеді».