Кепілдіктің кеңейтілген талаптарына сәйкес, шинаны пайдалану кезінде қасақана жасалмаған зақымдану және бұдырының түсуі анықталған жағдайда, «Континентал Тайрс РУС» ЖШҚ (өзінің дистрибьюторлары мен авторландырылған сауда нүктелері арқылы) сатып алынған шинаны бір рет тегін жөндеуді (жөндеуге жататын жағдайда) немесе бір рет тегін ауыстыруды (жөндеуге жатпайтын жағдайда) міндетіне алады.
Continental автомобиль шиналарына берілетін кепілдікке кеңейтілген талаптар стандартты Кепілдік Талаптарына толықтыру болып табылады және тесілу, кесілу, бүйір жағының шығуы кіретін механикалық әсерден пайда болған зақымдануларға ғана таралады. Бұған қоса, Кеңейтілген Талаптар бұдырлы шиналарға таралады және Сізді 3000 (үш мың) шақырым жүріс немесе Шинаны сатып алғаннан кейінгі екі ай ішінде (қайсысы бұрын болғанына қарай) бұдырының 10% түсіп қалған жағдайда бұдырдың түсуінен сақтандырады.
Кепілдікке кеңейтілген талаптар шинаның келесі сұрыпталымына таралады:
Кеңейтілген талаптар SSR және ContiSeal шиналарына таралады.
1. Бағдарламаның негізгі талаптары
осы Бағдарламаның шарттары соңғы тұтынушының САТЫП АЛУШЫДАН немесе САТЫП АЛУШЫ Шиналарды сатуға уәкілеттік берген ұйымнан Шиналарды сатып алған сәттен бастап бір жыл бойы әрекет етеді (және IceContact 3 моделі үшін - маусымдық сақтау шартына сәйкес екі жыл), бұл ретте САТЫП АЛУШЫҒА немесе САТЫП АЛУШЫ уәкілеттік еткен ұйымға жүгінген сәтте Шина протекторының қалдық тереңдігі 4 мм кем болмауы тиіс.
зақымданған шиналарды жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ жеке мақсаты үшін;
зақымдану механикалық әсерден (мысалы, вандализм актілерінен, зақымданған шиналарды пайдалану талаптарын бұзу, өндірістік ақауды алмағанда, тесілу және/немесе кесілу, бүйір жағының шығуы) болуы тиіс және зақымданған шиналарды бұдан әрі қауіпсіз пайдалануға кедергі жасауы тиіс. Бұл жағдайда вандализм актісіне шинаны әдейі/қасақана бүлдіру немесе жою жатады:
егер жоғарыда көрсетілген осы Бағдарламаның талаптары таралатын зақымданулар диаметрінде 6 мм асатын болса, шина ауыстырылады;
3000 (үш мың) шақырым жүріс немесе шинаны сатып алғаннан кейінгі екі ай ішінде (қайсысы бұрын болғанына қарай) бұдырының 10% түсіп қалған жағдайда, бұдырының түсуіне бағдарламаның күші таралады;
сауда ұйымының күшімен жөнделген шинаға Бағдарламаның күші таралмайды.
2. Бағдарламаға қатысатын Шиналарды сату тәртібі. Зақымданған шиналарды ауыстыру және жөндеу.
САТЫП АЛУШЫНЫҢ Бағдарламаға қатысуы кезінде сауда ұйымдары шиналарды сату кезінде әрбір түпкілікті тұтынушыға сатып алынған шинаның атауы көрсетілген тауар және касса чегін (екі чекті де ұсыну міндетті), сонымен бірге тиісті түрде толтырылған бірегей нөмірі бар, тұтынушы қол қойған және сауда ұйымының мөрі басылған кепілдік сертификатын ұсынады.
Түпкүлікті тұтынушы сауда ұйымына зақымданған шинаны әкеп көрсеткен кезде сауда ұйымының өкілі ол шинаға Бағдарлама әрекеті таралатынына көз жеткізуі тиіс. Және де сауда ұйымының өкілі тұтынушыда Шинаның атауы көрсетілген тауар және касса чегінің (екі чектің де болуы міндетті), сонымен қатар САТЫП АЛУШЫНЫҢ немесе САТЫП АЛУШЫ уәкілеттік берген ұйымның мөрі басылған кепілдік сертификатының бар болуын тексереді.
Шинаның және түпкілікті тұтынушы ұсынған құжаттардың осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетінін анықтап, сауда ұйымы зақымданған Шинаны жөндеу немесе оны ауыстыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Шинаны ауыстыру туралы шешім қабылданған және сауда ұйымының қоймасында шинаның сол моделінің болмаған жағдайында, сипаттамасы мен сапасы бойынша ұқсас модельге ауыстырылады. Осы Бағдарлама шегінде шиналарды ауыстыру төмендегі тәсілдермен жүзеге асырылады:
сауда ұйымының қоймасында зақымданған және ауыстырылуға жататын шинаға ұқсас шина болған жағдайда, түпкілікті тұтынушыға сауда ұйымының қоймасынан жаңа шина ұсынылады;
сауда ұйымының қоймасында зақымданған және ауыстырылуға жататын шинаға ұқсас шина болмаған жағдайда, сауда ұйымы шина жеткізушілермен хабарласады. Өнім берушінің қоймасында қажетті шина болған жағдайда сауда ұйымы тапсырыс беріп, шинаның қоймаға жеткізілу дерегі бойынша зақымданған шинаны жаңасына ауыстырады;
сауда ұйымының және өнім берушінің қоймасында шина болмаған жағдайда, ауыстыру тәсілі мен тиісті өтемақы туралы шешім өнім берушінің сауда ұйымымен келісуі бойынша жеке тәртіпте жүргізіледі.
Кеңейтілген кепілдік Бағдарламасының осы редакциясын өнім беруші өз қалауы бойынша Бағдарламаның жаңа редакциясын енгізу арқылы кез келген уақытта өзгерте алады.
Бағдарламаның әрекет ету аумағы – Қазақстан Республикасы.
Пікірлер
Пікір қалдыру
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіруіңіз керек.
Аккаунтыңыз болмаса, тіркеліп, телефон нөміріңізді растаңыз.
1Сатып алушылардың
пікірлері
1 отзыв
0 отзывов
0 отзывов
5Жалпы рейтинг
Ходков Андрей Александрович
Нур-Султан Водительский стаж: 13
06.08.2019
1Пікір пайдалы болды ма?
Иә 1
Жоқ 0
түсініктеме
Добрый день! Хочу выразить огромную благодарность Вашей компании " UNITYRE " филиал в городе Нур-Султан ЗА КАЧЕСТВЕННОЕ ОБСЛУЖИВАНИЕ И Лучший СЕРВИС. Мною были приобретены ШИНЫ 205/55 R16 91H PREMIUMCONTACT 6 20.07.2019г. Обслуживал Нас Менеджер по продажам Юрий. Все четко объяснил рассказал по данной модели + на данный комплект оказалась Гарантия от производителя шин на 1 год, что не мало важно и плюс шиномонтаж в подарок при приобретения полного комплекта шин. Класс!! Супер!!! Но 4.08.2019. У нас случилась беда. мы порезали один баллон. На следующий день я обратился в данный магазин в отдел гарантии. Меня принял Сотрудник Николай, который занимается по вопросам гарантии. Все расспросил что да как было и забрали баллон для проверки на порез ,спустя некоторое время приняли решения произвести замену на новый баллон. Тут то я понял, что ГАРАНТИЯ реально работает и это круто!!!! Еще раз Хотел поблагодарить весь персонал кто участвовал в продажи и обслуживанию. Очень Доволен, буду всем рекомендовать ВАС!!!
Дүкеннің жауабы
Большое спасибо за такую высокую оценку нашей работы! Для нас важно, чтоб наши клиенты были довольны качеством наших услуг!