1.1. «Юнитайр клуб картасы» (бұдан әрі «Карта») бонустық жинақтаушы карта болып табылады және «Юнитайр» ЖШС-да тауарды сату кезінде пайдаланылады.
1.2. Карта клиентке (жеке немесе заңды тұлғаға) кез келген сомаға кез келген тауарды сатып алған жағдайда беріледі. Клиенттің сауалнама толтыру арқылы өзі туралы деректерді ұсынуы картаны беру шарты болып табылады. Сауалнамада төмендегілер көрсетіледі:
1.3. Жеке тұлға немесе байланысушы туралы деректер клиенттің карта беретін тұлғаға ұсынатын оның құжаты: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі немесе төлқұжаты негізінде енгізіледі. Және де құжаттағы деректер сауалнамадағы деректермен салыстырылады.
2.1. Бонустық жинақтау картасы бірінші сатып алудан бастап қолданылады. Бұл кезде картаға келесі сатып алудан бастап пайдаланылатын бонустар есептелінеді.
2.2. Бонустар сатылатын тауар құнының әр тауар түріне жеке көрсетілетін белгілі пайызы түрінде есептелінеді.
2.3. Есептелінген бонустарды сатып алған күннен бастап екі апта (14 күн) өткеннен кейін қолдануға болады.
2.4. Егер сатып алу кезінде клиенттің бонустық картасы болмаса, онда бонустар иесінің дерегін айту (аты-жөні, телефоны) бойынша, соның ішінде егер ол деректерді үшінші тұлға беретін болса, есептелінуі мүмкін.
2.5. Картада бонустар 3 жыл (1095 күн) ішінде жинақталуы мүмкін. Егер жинақталған бонустар осы мерзім ішінде пайдаланылмаса, онда олар жойылады. Және де картадағы бонустың тек 3 жыл болған бөлігі ғана жойылады. Картада 3 жылдан кем уақыт жатқан кейін есептелген бонустар жойылмайды.
2.6. Егер клиент сол бойынша бонус есептелген тауарды қайтарса, ол бонустар картаның есебінен шығарылады. Егер есептен шығару үшін клиенттің картасында қажетті бонус мөлшері болмаса, онда картада минустық баланс қалыптасады.
3.1. Бонустар шина орталықтарында сатылатын «Юнитайр» ЖШС-ның кез келген дөңгелектері мен дискілерін сатып алу кезінде пайдаланылады. Басқа тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін бонустар жарамайды.
3.2. Картадан бонустар оны карта иесі ұсынған кезде ғана есептен шығарылуы мүмкін. Бұл жағдайда жөнелтпе құжат тек карта иесіне ғана рәсімделеді.
3.3. Жинақталған бонустар оларды жинақтағаннан кейін 2 аптадан (14 күн) соң ғана есептен шығарылады.
3.4. Әр тауар үшін бонусты есептен шығару сомасы прайс-листтің «бонусты есептен шығару %» бағанында көрсетілетін оның бағасының белгілі пайызы ретінде жеке есептеледі. Осыған байланысты әр тауар үшін тауардың құнын сол сомаға кемітетін бонусты есептен шығару сомасы автоматты түрде есептеледі.
3.5. Егер жөнелтпе құжатта тауар бір позициядан көп болса, онда әр тауар бойынша осы тауарға тағайындалған бонусты есептен шығару пайызына сәйкес сома есептен шығарылады:
3.6. Егер жөнелтпе құжатта бонустар есептен шығарылса, онда сол сатып алу бойынша жинақтау болмайды.
3.7. Бір сатып алуға бір бонустық карта ғана қолданылады.
3.8. Егер нақты тауар бойынша бонустарды есептен шығару сомасы бонустағы қалдық мөлшерінен кем болса, онда картада клиенттің келесі сатып алу кезінде пайдалана алатын оң қалдығы қалады.
4.1. «Юнитайрклуб картасы» 2016 жылғы 20 қазаннан бастап әрекет етеді. Осы күннен бастап тауарды сатып алу кезінде ескі үлгідегі дисконттық карталар әрекет етпейді, бірақ олармен дөңгелек жөндеу кезінде жеңілдік алуға болады.
4.2. «Юнитайр клуб картасын» жоғалтқан жағдайда, клиент «Юнитайр» ЖШС-ның кез келген шина орталығына келіп, бонустық картаны қалпына келтіру туралы өтініш жазуына болады. Өтініште өзінің төлқұжат деректерін көрсетіп, өтінішке жеке куәлігінің көшірмесін қоса беру қажет. Ұсынылған құжаттар мен жазылған өтініш негізінде клиентке «Юнитайр» ЖШС-дағы деректерге сәйкес әкімшілік түрде бонустар есептелінген жаңа карта беріледі. Жоғалған бонустық карта қолданыстан шығарылады.
4.3. «Юнитайр» сауда-сервистік орталықтар желісінің ниеттестік бағдарламасы үнемі дамып, жетілдіріліп отырады, сондықтан біз өзімізге осы ережеге өзгерістер енгізу құқығын қалдырамыз. Жеңілдіктер ұсыну талаптары мен олардың мөлшері арнайы хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін, ол туралы ақпаратты «Юнитайр» компаниясының www.unityre.kz. сайтынан алуға болады.
Бізге телефонға хабарласыңыз және +7 (708) 972 29 72 WhatsApp жазуға болады.
Я ваш постоянный клиент,пользуюсь вашими услугами для сына более 10 лет на кабанбай батыра. Коллектив профессионален во всех отношениях. У меня была дисконтная карта, но к сожалению сейчас он не действителен. Спасибо Вам и процветания!
Дүкеннің жауабы
Спасибо за Ваш отзыв!
К сожалению, при покупке товароы старые дисконтные карты более не используются. Но вы можете участвовать в программе накопления бонусов по новой "Клубной карте Юнитайр". Старые дисконтные карты продолжают действовать для получения скидки на услуги наших сервисных центров (шиномонтаж).