+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
MICHELIN-нің жылдық кеңейтілген кепілдігі

MICHELIN-нің жылдық кеңейтілген кепілдігі

MICHELIN жеңіл, жол талғамайтын және коммерциялық көлік шиналарына арналған Жылдық Кеңейтілген кепілдік
Кепілдік MICHELIN тауар белгісімен шығарылған жеңіл, жол талғамайтын және коммерциялық көліктерге арналған шиналар тізіміне қолданылады.


Kепілдік қызмет көрсетудің шарттары

  1. Зақымдалған шиналар 2025 жылдың 1 наурызынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде сатып алынған болуы тиіс;
  2. Зақымдалған шиналарды жеке тұлғалар сатып алуы тиіс;
  3. Зақымдалған шиналар Жылдық кепілдік бағдарламасына қатысушы UNITYRE шиналар орталығынан сатып алынған болуы тиіс;
  4. Тұтынушы зақымдалған тауарды (шинаны) жөндеу/ауыстыру үшін сатып алынған күннен бастап бір жылдан кешікпей жүгінуі тиіс;
  5. Тауарды ауыстыру жағдайында тұтынушының осы тауар бірлігі бойынша жүгінуі алғаш рет болуы тиіс (бұған дейін осы Бағдарлама аясында немесе осыған ұқсас бұрын әрекет еткен бағдарламалар бойынша ауыстырылған тауарды қайта ауыстыруға жол берілмейді).

Кепілдіктің қолданылуы

Зақымдалу төменде көрсетілген механикалық әсердің салдарынан болуы тиіс, ол тауардың пайдалану қасиеттерін жоғалтуына әкеледі (басқа кез келген зақымдар өтелмейді). Тек Кеңейтілген кепілдік аясында өтелетін зақымдар ғана қарастырылады (қалдық протектор тереңдігі қысқы шиналар үшін кемінде 4 мм, ал жазғы және барлық маусымдық шиналар үшін кемінде 1,6 мм болған жағдайда):

  • Шинаның протекторы (жүріс бөлігі) толық тесіп өткен тесілуі/кесілімі;
  • Шинаның бүйір бөлігін толық тесіп өткен тесілуі/кесілімі;
  • Шинаның бүйірі және/немесе протекторы (жүріс бөлігі) түгел тесілмесе де, соның нәтижесінде шинаның қаңқасындағы жіптер не басқа ішкі қабаттары ашылып қалған зақымдар;
  • Шинаға бөгде затқа соқтығысу салдарынан келген бұзылу.

Бағдарлама шарттары келесі жағдайларға қолданылмайды

  1. Қасақана жасалған зақымдар (сатып алушы және/немесе үшінші тұлғалар тарапынан вандализм әрекеттері);
  2. Сатып алушы тарапынан тауарды дұрыс сақтамау салдарынан болған зақымдалулар;
  3. Жанар-жағармай материалдарының, химиялық заттардың, оттың әсерінен болған зақымдар;
  4. Тауардың шу деңгейіне байланысты шағымдар;
  5. Тауардың осьтік және радиалдық соққылары және/немесе дисбалансы;
  6. Тауарды монтаждау/демонтаждау барысында болған зақымдалулар;
  7. Сәйкессіз немесе зақымдалған диск қолданудан туындаған зақымдалулар;
  8. Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған немесе автокөліктің кузовы мен аспа элементтерінің әсерінен болған зақымдар;
  9. Тауарды пайдалану ерекшеліктерімен байланысты герметикалығын бұзбайтын зақымдалулар. Оларға мыналар жатады:
    • Дөңгелекті толық тежеген кездегі шұғыл тоқтау салдарынан тауардың біркелкі тозбауы;
    • Автокөліктің аспа түйіндері бұзылғанда болатын біркелкі емес тозу;
    • Дөңгелек орнату бұрыштарын дұрыс реттемеуден пайда болған біркелкі емес тозу;
    • Шина қысымы дұрыс болмаған кездегі пайдаланудан болған біркелкі емес тозу;
    • Жүргізу мәнеріне байланысты тозу;
    • Жол жамылғысының ерекшеліктеріне (құм, қиыршық тас және т.б.) байланысты тозу;
    • Пайдалану қасиеттеріне әсер етпейтін үстірт зақымдар;
  10. Тауарды пайдалану ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар:
    • Маусымға сәйкес келмейтін шиналарды қолдану (Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы Техникалық регламентке (ТР ТС 018/2011) сай емес);
    • Автомобиль нұсқаулығында көрсетілген өлшемдерге, жүк индексіне, жылдамдық индексіне, ішкі қысымға сай келмеу;
  11. MICHELIN шиналарындағы шиптердің түсіп қалуы және/немесе зақымдалуы; MICHELIN шиналарының зақымдалуы, егер жүгінген сәтте қысқы шиналардың қалдық протектор тереңдігі 4 мм-ден, ал жазғы шиналардың 1,6 мм-ден аз болса;
  12. Экстремалды жағдайларда (жарыстарға қатысу) пайдаланудан болған зақымдар;
  13. Құқық қорғау органдары өкілдерінің немесе көлікті мәжбүрлі тоқтатуға бағытталған басқа тұлғалардың әрекеттері нәтижесінде болған зақымдар;
  14. Сұйық герметикпен пайдаланылған шиналардың зақымдалулары.

MICHELIN жылдық кеңейтілген кепілдігі | Юнитайр интернет-дүкені

  • UNITYRE шиналар орталықтары желісінің MICHELIN кеңейтілген кепілдігінің мерзімі – тауарды сатып алған күннен бастап 1 (бір) жыл.
  • MICHELIN кеңейтілген кепілдігі бойынша қызмет UNITYRE орталықтарының кез келгенінде көрсетіледі.
  • ЮНИТАЙР шиналар орталықтары желісінің MICHELIN кеңейтілген кепілдігі келесі құжаттарды ұсынған кезде беріледі:
    • Шиналарды сатып алу туралы тауарлық және кассалық чектердің түпнұсқалары (онда тауар атауы міндетті түрде көрсетілуі қажет);
    • Кепілдік сертификатының түпнұсқасы.

Кепілдік берілетін үлгілер тізімі

MICHELIN-нің барлық жазғы, барлық маусымдық және қысқы шиналары.