+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Шиналарды маусымдық сақтау

Шиналарды маусымдық сақтау

Карантинді енгізуге байланысты 5-20 шілде аралығында Алматы қаласында UNITYRE шиналық орталықтары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін және сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Нұр-сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Шиналарды немесе дискілерді сақтайтын жер жоқ па? Шешім бар! Барлық орталықтарда «Шиналарға арналған отель» - шиналар мен дискілерді маусымдық сақтау қызметі ұсынылады.

Алынып тасталған шиналар мен дискілерді шинаны монтаждау жасалған соң бірден сақтауға қалдыра аласыз. Маусым аралығында шиналарды жеңілдікпен қолайлы бағада сатып алдыңыз ба – оларды қажет болғанша бізде сақтауға қалдыра тұруыңызға болады. Шиналарды бізде сатып алған жоқсыз ба – бәрібір әкеле беріңіз, біз оларды сақтауға қуана-қуана қабылдаймыз.


UNITYRE-дан шина сервисі – бұл жан-жақты ыңғайлылық. Егер сіз UNITYRE клиенті болсаңыз, ештеңеге де қолыңызды тигізбеуіңізге болады, барлық жұмыстарды біздің қызметкерлер орындайды.


Автокөлік шиналарын немесе дискілерді маусымдық сақтауға қабылдағанда «Юнитайр» компаниясы клиентпен келесі талаптармен шарт жасасады:

АВТОШИНАЛАРДЫ САҚТАУ ШАРТЫ

  1. Орындаушы Мүлікті тек Тапсырыс беруші Шарт бойынша Мүлікті барлық сақтау мерзіміне 100% алдын ала төлем жасаған жағдайда ғана сақтауға қабылдап алып, одан кейін Тапсырыс берушіге Шарт пен қабылдау-табыстау Актісінің түпнұсқасын береді.
  2. Және де, Тапсырыс беруші мүлікті қабылдап алуды тиісті уәкілеттігі көрсетілген нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өз өкіліне тапсыруға құқылы. Бұдан басқа, Тапсырыс беруші мүлікті қабылдап алуды жеке куәлігі, ЖСН және мекенжайы көрсетілген, және де мүлікті алу кезінде жоғарыда аталған құжаттарды көрсетуі тиіс шартқа енгізілген үшінші тұлғаға тапсыруға құқылы. Мүлікті үшінші тұлға қабылдап алған жағдайда, осымен байланысты барлық тәуекелдер Тапсырыс берушіге ауысады. Бұл жағдайда, Орындаушы мүліктің бұдан кейінгі тиісті түрде тапсырылмауы (жоғалуы) үшін қандай да бір жауапкершіліктен босатылады.
  3. Тапсырыс беруші мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызмет үшін Орындаушыға толық бір айға (ҚҚС қоса алғанда) шина үшін 17,5 теңге және дискісі бар шина үшін 20 теңге күніне, есебінен мүлікті сақтауға тапсыру кезінде белгіленген соманы барлық сақтау мерзіміне төлейді. Орындаушының Мүлікті сақтау бойынша көрсеткен қызметі үшін шот-фактура Тапсырыс берушіге тоқсан сайын ұсынылады.
  4. Тапсырыс беруші Орындаушыға сақтауға тапсырылған мүлікті Шартта белгіленген мерзімнен бұрын немесе кейін алған жағдайда, бір сақтау күні үшін орташа құны: шина үшін күніне 17,5 теңге және дискісі бар шина үшін күніне 20 теңге, есебінен азаю немесе көбею жағына қарай сақтау мерзімі қайта есептеледі.
  5. Тапсырыс беруші мүлікті алу мерзімін 3 айдан астам мерзімге кешіктірген жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің мүлкін келтірілген залалдың орнын толтырусыз жою құқығын өзіне қалдырады.
  6. Сақтау мерзімі аяқталған кезде, Тапсырыс беруші өз Мүлкін алу үшін Мүлікті алу күнінен кемінде 3 тәулік бұрын өтінім беруге міндеттенеді. Бұл жағдайда Мүлікті сақтау құны Мүлікті Орындаушыға сақтауға тапсыру күнінен бастап Тапсырыс беруші Орындаушыдан өз Мүлкін алған күнге дейін есептеле отырып, нақты сақтау мерзіміне сәйкес қайта есептеледі.
  7. Тапсырыс беруші Шарт бойынша Мүлікті тең шамалас өзгерткен (ауыстырған) жағдайда (шинаны шинаға, дискісі бар шинаны дискісі бар шинаға), Шартқа Мүлікті қабылдау-табыстау Актісі ресімделеді. Бұл жағдайда, Мүлікті өзгерткені (ауыстырғаны) үшін Тапсырыс беруші қосымша ақы төлемейді.
  8. Тапсырыс берушінің мүлкі шартта көрсетілген телефон нөмірі бойынша Тапсырыс берушіге хабарлана отырып, Орындаушының қоймасынан 2 (екі) тәулік ішінде жеткізіледі.
  9. Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша сақтауға тапсырылған Мүлікті Тапсырыс берушіге тапсыру үшін Орындаушының басқа қалада орналасқан Сауда-сервис орталығына ауыстыру мүмкін болады. Бұл жағдайда, Орындаушы осындай мүмкіндікті растаған жағдайда, аталған ауыстыру бір бірлік үшін (шина, дискісі бар шина) 700 тг мөлшерде қосымша төлем жасау арқылы жүргізіледі.

Дөңгелек жөндеу қызметті

UNITYRE қызметтерінің прайс парағы