ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕ ШИНАЛАР МЕН ДИСКІЛЕРДІ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
Неге шинаны бізден сатып алу керек?
-
Біз танымал брендтердің қысқы, жазғы және жол талғамайтын шиналарын сатамыз. Олардың бәрінің сапа сертификаты бар.
-
Біз бос ауа сатпаймыз: барлық шиналар сатылымда бар. Бізге тапсырыс беріп, тауарыңызды қысқа мерзімде алатыныңызға сенімді боласыз.
-
Біздің шиналарымыз барлық тиісті ережелерді ескере отырып сақталады.
-
Біздің шиналарымыздың көбіне жылдық Юнитайр кеңейтілген кепілдігі таралады.
-
Біз Алматы бойынша шиналарды тегін жеткіземіз. Қазақстанның барлық ірі қалаларына.
-
Сіз кез келген ыңғайлы тәсілмен, соның ішінде – онлайн түрде, сатып алуды төлей аласыз.
-
Шинаны интернет-дүкеннен сатып алғанда, сіз сыйлық ретінде автомобиліңіздің шанағын «Aqua Service» премиум-класты автожуу желісінде тегін жууға купон аласыз.
1. Қалай таңдау керек?
Сіз өзіңізге қажетті шинаны немесе дискіні кез келген ыңғайлы тәсілмен таңдай аласыз:
-
Каталогта. Каталогқа меню арқылы кіріңіз. Мұнда сіз барлық бізде ұсынылған шиналар мен дискілердің модельдерін көре аласыз. Брендттің белгісіне басып, сіз өндірушіні таңдай аласыз. Сонымен қоса каталогта шинаны маусымға, брендіне, машинаңыздың түріне және басқа параметрлерге байланысты таңдау мүмкіндігі бар. Әрбір модельдің маңызды сипаттамасы және бағасы көрсетілген түрлері мен өлшемінің тізімі берілген. Сіз әр түрлі модельдерді салыстырып, өзіңізге қажеттісін таңдай аласыз. Ол үшін «Салыстыру» сілтемесін пайдаланыңыз.
-
Негізгі бетте таңдау механизмінің көмегімен. Егер сіз керекті өлшемдегі шиналарды бірақ көргіңіз келсе, сіз Негізгі беттегі таңдауға арналған параметрлерді (пішінінің ені, биіктігі, диаметрі, маусымы және т.б.) толтыра аласыз. Сіз осы параметрлері және бағасымен барлық шиналар тізімін аласыз.
-
Сіз сайтта онлайн-кеңесшіге жүгіне аласыз, немесе +7 (708) 972 29 72 телефон нөмірлеріне хабарласа аласыз. Назар аударыңыз! Интернет-дүкеннің онлайн-кеңесшілері дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта 10:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні 10:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.
-
Сіз сондай-ақ сайтта сiздiң сұрақтарыңызды қалдыра алады. Біз жұмыс уақытында сізге жауап береді.
-
Сонымен қатар сіз сайтта өзіңіздің сұрағыңызды қалдыра аласыз. Біз жұмыс уақытында сізге жауап береміз.
2. Қалай сатып алуға болады?
Таңдау жасағаннан кейін, «Кәрзеңкеге» тетігін басыңыз. «4 данадан аз, не болмаса жеткізілім қажет. Анықтаңыз!» деген жазу осы тауарға сайттан тікелей тапсырыс жасау мүмкін еместігін білдіреді. Сіз электронды пошта арқылы сұрау салуыңызға немесе көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызға болады. Бұл тауар шектеулі мөлшерде қалған немесе қашықтағы қоймада. Біздің кеңесшілеріміз сізге көмектеседі және сұрақтарыңызға жауап береді.
Тауарды Кәрзеңкеге қосқаннан кейін тауар кестенің жоғарғы жағында және парақтың басында көрініп тұрады. Егер таңдау жасап болсаңыз, Кәрзеңкеге кіріп, тапсырысты ресімдеңіз.
3. Тапсырысты қалай ресімдеу керек?
Кәрзеңкеде сіз таңдап алынған тауар санын өзгерте аласыз. Шина немесе дискі жиынтығын (4 дана немесе одан көп) сатып алған кезде сізге тауарға жеңілдік ұсынылады («Жиынтықтағы данасының бағасы» қараңыз). Егер одан аз алатын болсаңыз, тауар бағасы жеңілдіксіз болады.
Егер бәрін тексерген болсаңыз, «Тапсырысты ресімдеу» тетігін басыңыз.
Егер сіз алдын ала тіркелмеген болсаңыз немесе сайтқа өз логиніңізбен қосылмасаңыз, сізге осылай істеу ұсынылады.
Интернет-дүкенінің менеджерлері сізбен хабарласып, тауарды беру немесе жеткізу орнын келісуі үшін, тіркелу кезінде өз атыңызды және байланыс телефондарыңызды көрсету қажет. Егер сіз заңды тұлға ретінде тіркелсеңіз, онда барлық сізге қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу үшін сізден компания туралы толық деректерді енгізуді сұраймыз.
Егер сіз тіркелген болсаңыз, сізге сайтқа өз логиніңіз және құпиясөзіңіз арқылы кіру қажет. Логин ретінде сіздің E-mail қолданылады. Сонымен қатар бізге әлеуметтік желілер арқылы (жеке тұлғалар үшін) қосыла аласыз.
Сайтқа өз логиніңізбен кіргеннен кейін, сіз тапсырысты ресімдеуді жалғастыра аласыз. Бұл кезде сізге төлем төлеу және жеткізу тәсілін анықтау қажет болады.
4. Тапсырысты қалай төлеуге болады?
Біздің сайтымызда сіз сатып алынған тауарды бірнеше тәсілмен төлей аласыз:
-
Қолма-қол ақшамен. Тауарды біздің курьерімізден немесе біздің шина орталығымыздан алған кезде.
-
Банк терминалы арқылы төлем картасымен. Біздің кез келген Шина орталығында сіз сатып алған тауарды банк терминалы арқылы картамен төлей аласыз. Төлем VISA және MasterCard төлем карталары арқылы қабылданады.
-
Қолма-қол ақшасыз. Сіз тікелей шот дерегін алып, банк арқылы төлей аласыз. Шотыңыз бойынша дерек дұрыс шығу үшін, деректеріңізді дұрыс енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. Шотты алу кезінде мәселе туындаса, бізге жазыңыз немесе +7 (708) 972 29 72 телефонына хабарласыңыз.
-
Үстеме төлем арқылы төлеу. Қазақстанның кейбір қалаларына тауарды үстеме төлем арқылы төлеу тәсілімен жеткізу мүмкін. Егер сіз осындай төлеу тәсілін таңдасаңыз, сізге жеткізуді біздің менеджерімізбен келісу қажет. Бұл жағдайда бізге жазыңыз немесе +7 (708) 972 29 72 телефонына хабарласыңыз.
-
UNITYRE дөңгелек орталықтарында тапсырысты алған кезде Kaspi Red картасымен бөліп төлеу (Алматы және Ңұр-Сұлтан қ. үшін).
-
UNITYRE дөңгелек орталықтарында тапсырысты алған кезде ForteCredit card картасымен бөліп төлеу (Алматы және Ңұр-Сұлтан қ. үшін).
-
Visa және MasterCard* төлем карталарымен сайтымызда онлайн-төлем жасау. Төлем біздің сайтымызда "Альфа-банк" АҚ ЕБ төлем карталарын авторландыру жүйесі арқылы жасалады. Төлемнің бұл түрі жеке тұлғалар үшін ғана әрекет етеді. Төлемнің осы тәсілін таңдаған кезде сайт сізден қосымша ЖСН сұрайды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: онлайн-төлем жасау тапсырысты ресімдеу кезінде ғана мүмкін болады. Егер тауар үшін онлайн төлем жасағыңыз келсе, оны «ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ» тетігін басқанға дейін жүргізу қажет.
* Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
-
Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, тікелей «Альфа-банк» АҚ ЕБ авторландыру жүйесінде енгізеді, яғни, сатып алушы карточкасының төлем деректері тиісті рұқсаты бар банк қызметкерлерінен басқа ешкімге белгісіз болады.
-
Банктің авторландыру жүйесі сатып алушыға оның карточкасының төлем деректері (нөмірі, әрекет ету мерзімі, CVV2/CVC2) авторландыру серверінде сақталғандықтан, ұрланбайтынына және алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді.
-
Интернет арқылы төлеу қызметі халықаралық төлем жүйесі Ережелеріне сәйкес, жабық байланыс арналары арқылы ең заманауи тексеру, шифрлеу және деректерді жіберу әдістерін қолданып, төлем жасаудың құпиялығы мен қауіпсіздігі сақтала отырып жүргізіледі.
-
Сіздің ұсынған жеке ақпаратыңыз да (аты, мекенжайы, телефон, e-mail, ЖСН) құпия болып табылады және жарияланбайды.
-
Талап етілген сома Қазақстан Республикасының теңгесінен басқа кез келген валютада сақталатын картамен төлем жасаған жағдайда, теңгеге ауыстыру картаны берген банк-эмитенттің бағамы, немесе банк-эмитент пен Халықаралық Төлем Жүйесі арасындағы келісімде көрсетілген өзге бағам бойынша жүзеге асырылады. Бағамды өз банкіңізде анықтап білуіңізге болады.
Оnline-төлемді қабылдамау жағдайлары:
-
Мүмкін, сіздің банктік картаңыз интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы Банктен біле аласыз. Онда бұл шектеуді алып тастауға болады.
-
Сіздің банктік картаңыздың деректері дұрыс енгізілмеуі мүмкін. Тағы да мұқият енгізіп көріңіз. Егер екінші рет төлем жасалмаса, өзіңіздің банкіңізбен хабарласыңыз.
-
Сатып алынған тауарды төлеу үшін шоттағы қаражат жеткіліксіз.
-
Сіздің картаңызға қойылған лимитке қарағанда төлем сомасы көп болуы мүмкін. Оны да өз банкіңізге хабарласып, біле аласыз.
5. Сатып алған тауарды қалай алуға болады?
-
Тапсырысты Алматы қ., Щелковский к-сі, 69Г мекенжайы бойынша орналасқан қоймадан алу.
-
Тауарды Алматы және Ңұр-Сұлтан қалаларындағы кез келген шина орталықтарымыздан алу.
-
Біздің кез келген шина орталықтарымызға дөңгелек жөндеуге жазылу арқылы, тапсырысыңыз қажетті шина орталығына жеткізіледі.
-
Алматы қ. бойынша жеткізуге тапсырыс беру.
Жеткізу талаптары мен құны туралы толығырақ
6. Тауарлар мен ақша қайтару
Тауарды қайтару
Тиісті сападағы және қолданылмаған тауарды тауарға берілген жүкқұжаты мен тауар чегі болған жағдайда сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде біздің кез келген шина орталығында, сонымен қатар біздің орталық қоймамызда (оны сатып алған немесе алған жеріне қарамастан) ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Тауарды қайтару орнына жеткізу бойынша шығынды сатып алушы төлейді.
Шина орнатылған автомобиль дискілері ауыстыруға және қайтаруға жатпайды. Тауарды қайтару талаптары толығырақ «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV ЗРК заңында сипатталған.
Ақшалай қаражатты қайтару
-
Қолма-қол ақшамен: Сатып алушы ақшалай қаражатты жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыратын куәлік, төлқұжат немесе оларды алмастыратын құжат), чек және тауар жүкқұжаты болған жағдайда ала алады. Ақшалай қаражат өтініш білдірген күні кассада қолма-қол беріледі.
-
Қолма-қол ақшасыз. Сізге интернет-дүкен менеджерлерімен +7 (708) 972 29 72 телефондары арқылы хабарласу, немесе onlineshop@unityre.kz адресі бойынша сұрау салу қажет.
-
Ақашалай қаражатты төлем картасына қайтару. Сізге onlineshop@unityre.kz адресі бойынша сұрау салу қажет. Сұрауда сіздің интернет-тапсырыңыздың нөмірі (тауар жүкқұжатының нөмірі) немесе фактура-шотының нөмірі; сатып алу күні; карта иесінің аты-жөні және нөмірі көрсетілуі тиіс. Ақшалай қаражат сатып алушы талап қойған сәттен бастап 10 күн ішінде қайтарылады.
Ескерту:
-
Ұсынылып отырған тауар саны шектеулі, қоймада жоқ тауарды сатуымызға кепілдік бере алмаймыз;
-
Арнайы ұсыныстар (төмендетілген бағамен ұсынылатын тауар және т.б.) науқан және сәйкес бағдарлама жария етілген кезеңде ғана әрекет етеді.
Тіркелу бетіне қайту / Жеке кабинетке ауысу
UNITYRE сауда-сервистік орталықтарының мекенжайы мен байланыс телефондары