+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Екатерина Фигурская: «Юнитайр» компаниясының әлемдік шиналар концерндерінің дистрибьюторлық орталығының бас директоры

Екатерина Фигурская: «Юнитайр» компаниясының әлемдік шиналар концерндерінің дистрибьюторлық орталығының бас директоры

14.0.2011

Қазақша | Русский
 
 
 
Нөсерлі жаңбыр жауып тұр. Автокөліктен екі адам шықты. Екеуі де – қардай ақ манто, «шпилька» типті каблугы бар етік киген ханымдар. Машина жүксалғышынан ханым сабырлы кейіппен қол сорғысын алып, «ауызбен… шлангыға үру» операциясын бастап кетті (себебі сорғы бітеліп қалған). Операция сәтті аяқталды. Дөңгелектегі резина пысылдап, салондағы ағатай рөлді бұрап жатыр. Оқиға орын алған жер –Алматы қаласының орталығы– Ташкент –Сейфуллин көшелерінің қиылысы, болған уақыты – алдыңғы күні… Өсиет – біреу «аяқ киімін киюді» ұмытып кеткен: а) себебі, қандай «аяқ киім» таңдай керек екенін білмейді, b) себебі ескісімен жүре бергісі келеді, c) себебі оны өзінің қауіпсіздігі аса толғандырмайды, d) барлық жауап дұрыс… 
 
Автокөлікке арналған шиналардың – адамның аяғына арналған аяқ киімнен айырмашылығы жоқ: өлшемі дұрыс болмаса– жаның қиналып жүресің, аяғыңды сындырып алуың мүмкін, тіпті басыңды да жарып алуың  мүмкін, ал енді маусымдық емесін кисең – онда қара да тұр су боласың, немесе керісінше титықтап бітесің. Қай жағынан алып қарасаң да сен өз денсаулығыңа зиян келтіресің – және саған ешқандай да ABS көмектеспейді. Шиналар маңызды. Бұл туралы біздің сұхбатымыз әлемдік шиналар концерндерінің дистрибьюторлық орталығы– «Юнитайр» компаниясының бас директоры, Юрий Номикосовпен жүреді.
 

Тілші: Үстірт айтып өтсеңіз–шиналар не үшін қажет?
Юрий Номикосов: Олар автокөліктің жолмен жаңасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар байланыс дағының өлшемі бойынша алақаннан үлкен емес. Бірақ, көлік жүргізу қауіпсіздігінің соңғы нәтижесі тек шиналарға тәуелді. Ешқандай ABS, буксирге алуға қарсы жүйе сізге оны қамтамасыз ете алмайды. Олар тек көлік жүргізушінің ағымдағы үрдіске әсерін төмендетеді.

 

Тілші: Сонымен, резинаны таңдаған кезде абай болу қажет. Қандай шиналар жақсы, ал қандайы жаман?
Ю.Н.: Жақсы не жаман шина деген болмайды. Бұл сұрақты біз әрбір сатып алушыдан естиміз – ол дұрыс емес. Кез-келген шина өзінің шартына арналып жасалған. Егер ғылыми тілмен айтатын болсақ, бұл нақты құнға байланысты сипаттамалар жиынтығы. Батпақты жерге арналып жасалған, тасты жермен жүруге жарамайды. Және де керісінше. Және де шинаны бағасына және арналған бағытына қарай байланыстырмай қалай салыстыруға болады. Егер адам үшін қаражатын үнемдеу маңыздырақ болса, онда сәйкесінше басқа сипаттамалар оны қызықтырмайды. Яғни, біреу үшін қауіпсіздік маңызды – ол оны қамтамасыз ете алатын қуатты шиналарды таңдайды. Егер Ferrari үшін резина қажет болса, онда баға маңызды емес: бастысы – жолда нық тұру. Спорттық машина иелері үшін шинаның ресурты туралы сұрақ, 60 км/сағ жылдамдықпен жүретіндермен салыстырғанда аса өткір тұрған жоқ. Және экстремалдар да әрбір 10 000 км сайын жинақ үшін $ 2 000 резинаны айырбастауға мүмкіндігі бар, көлік сатып алған кезде көп ақта төлеп қойғандықтан оның өтемі ретінде адреналин алады. Сонымен қатар жолсызбен жүретін шинаға қатысы тақырып бойынша да өзінің шарттары бар. Біреулерге  кең шина қажет болса,  біреулері – жіңішкесін іздейді. Бірақ ол жіңішкелердің кең шиналарға қарағанда сапасы нашар деген сөз емес.

 

Тілші: Сонымен шинаны қалай таңдау керек? 
Ю.Н.: Егер Сіз өз автокөлігіңізді жаңадан сатып алсаңыз, онда сәйкесінше көліктің құрастырылымын және пайдаланудың барлық аспектілерін ескеріп оған өндіруші зауыттың өзі орнатқан. Бұл дегеніміз, резинаның бұл типі – ең дұрысы деген сөз. Бірақ сіз өзіңіз де қажетті өлшемдерді анықтай аласыз. Жоғарыда көрсетілген сипаттамалардың ең маңыздысы оның өлшемі болып табылады. Шинаның өлшемі сандар және әріптер қатары түрінде көрсетіледі, Мысалға, 195/65 R 15 91 H, мұндағы: 195 –протектор ені мм, 65 – шинаның қырын пішінінің биіктігінің оның еніне қатысы, R – шина құрастырылымының радиалдық мәні, 15 – шеңбер диаметрі дюйммен, 91 – жүктеу индексі, ал H – жылдамдық индексі. Әрине, шинаның өлшемі дөңгелек шеңберіне тәуелді, сондықтан мұнда әдетте қиындықтар туындамайды. Жылдамдық индексі аталған шинамен ұзақ қозғалысқа арналған  жоғарғы жылдамдықты көрсетеді. Оны көлік маркасы және үлгісіне қатысты таңдау қажет. Аса кең таралған доңғалақ тысының жылдамдық индексі келесідей болып келеді: Q - 160 км/сағ; S - 180 км/сағ; Т - 190 км/сағ; H - 210 км/сағ; V - 240 км/сағ және W - 270 км/сағ. Жүктеу индексі «91» баламасы 615 кг. TL (tube less) комбинациясы шинаның камерасыз екендігін білдіреді. Өлшемдері анықталғаннан кейін, шинаның қандай шарттарда пайдаланатындығын анықтау қажет. Егер жолсыз жолмен жүрілетін болса, ең жақсы таңдау – шина саласындағы әлемдік сарапшының резинасы 4х4 – BF Goodrich. Сонымен қатар осы өндіруші өнімнің кең гаммасын ұсынады, ол біздің 4х4 автокөлік паркінің 90% жабады. Асфальттан аз ауытқитындар және жайлылықты жоғары бағалайтындар үшін, ең дұрысы Michelin компаниясының шиналары.

 

Тілші: Маусымға байланысты қандай шинаны таңдаған дұрыс?
Ю.Н.: Қыс мезгілінде – қысқы және танымал өндірушіден болғаны дұрыс. Егер түнгі температура 0 °С төмен болмайтын болса, онда жазғы маусымдық шиналарға ауысқан жөн. + 10 °С температурасы кезінде қысқы резина жылдам тоза бастайды. Абырой болғанда, қазіргі уақытта жазғы және барлық маусымдық шиналардың таңдауы кең.

 

Тілші: Ал типі бойынша – шипа шегеленген немесе шегеленбеген?
Ю.Н.: Бұл жерде тағы да доңғалақ тысы қалай және қашан пайдаланатындығында. Шипіленген жоғарғы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, бірақ жайлылығы және пайдаланудың жоғарғы жылдамдығы салыстырмалы төмен. Тағы бір  фактор – шу: шипі шегеленген шиналар шегеленбегендерге қарағанда шуы қаттырақ, бірақ бұл саладағы соңғы жетістіктер бұл кемшілікті «шип-шина» жетілдірілген байланысының арқасында минимумға дейін апарды.

 

Тілші: Ал қандай да болмасын автокөлік маркасы шинаның таңдауына әсер ете ма?
Ю.Н.:Міндетті түрде. Адамдар қазір өзінің беделіне аса көп көңіл бөле бастады. Құны $ 2 000 алынған қымбат костюммен арзан полиэтиленді галстук тағу ешкімнің ойына келмейді. Ол көзге оғаш көрінеді. Соңғы уақытта өндірушілер тұтынушылардың шинаның сыртқы келбетіне көп көңіл бөле бастағанын байқады және олар оған тек дөңгелек және қара кейіп беріп қана қоймай, әрбір үлгіге даралылық беруге тырысады: протекторға қайталанбайтын сурет салу, бүйірінің әрлендірмесі – әрине, резинаның техникалық сипаттамаларына зиянын тигізбейді. Галстук – бұл, дөрекі атқанда, аксессуар болса, шина – аксессуар емес.

 

Тілші:  Ал Сіздегі шиналар қандай?
Ю.Н.: BF Goodrich Mud - Terrain. Менің әуестігім жолсызбен жүрумен байланысты деп айтуға болады. Сондықтан мен жақын маңдағы асфальттан 100 км жерде жарылған шинамен тұрып қалмас үшін ең қиын шарттарға арналған шиналарды таңдаймын. Мен күнделікті күндерімде де сол шинамен жүремін. Онымен байланысты мәселе менде әлі туындап көрген жоқ. Олар ешқашан сенімнен шықпайды деп айтуға болмайды әрине. Білесіз бе дайындалған жолсызбен жүру көлігінен дайындалмаған жолсызбен жүру көлігінің айырмашылығы неде? Дайындалған көлікпен трактордың артымен одан әрі жүруге болады!

 

Тілші: Шинаның қызмет ету мерзімі неге тәуелді?
Ю.Н.: Ең алдымен көлікті жүргізу мәнеріне байланысты. Егер Формула-1 жарыстарында шинаны бірнеше айналымнан кейін айырбастаса, раллиде – ең аз дегенде, әрбір 60 км сайын айырбастайды. Сондай –ақ, шина, тежегіш жүйесі сияқты жол жағдайымен тікелей байланысты. Егер жол нашар болса, онда ол таза алфальтпен салыстырғандағыға қарағанда тез тозады.

 

Тілші: Юрий, шинаны жылдам «өлтіріп» тастамау үшін қандай кеңес бересіз?
Ю.Н.: Қауіпсіздікті жоғарлатудың, ұзақ жүрудің және шинаның қызмет ету мерзімін ұзартудың бес алтын ережесі бар.

 

Алдымен, шинадағы қысымды тұрақты түрде тексерген жөн. Шиналардағы тең емес қысым автокөлікті басқаруға әсер етеді және протектордың бірқалыпты тозбауына алып келеді. Сонымен қатар шиналардығы қысымның 20 % ауысуы оның қызмет ету мерзімін 30% қысқартады.

 

Екіншіден, автокөліктің алдыңғы доңғалағындағы тысты артқымен әрбір 5-10 мың шақырымнан кейін ауыстырып отырған жөн, себебі әртүрлі біліктердегі шиналар әртүрлі тозады. Дөңгелектердің орнын ауыстырған кезде шинадағы қысымды тексеруді ұмытпаған жөн.

 

Үшіншіден, шинаның бүйірінде көрсетілген «бағытталған» шиналарды айналу бағытына қарсы орнатып пайдалануға жол бермеу қажет. Егер шиналар есептелінген бағытқа қарсы айналатындай етіп орнатылса, онда олардың сипаттамалары барлық тәртіптерде және пайдаланудың барлық шарттарында оңтайлы болмайды.

 

Төртіншіден, көлікті сабырмен басқарған дұрыс. Шұғыл тежеулер және бұрылыстардағы сырғанаулар дөңгелек тысының қызмет ету мерзімінің қысқаруына алып келеді, ол әсіресе шипі шегеленген резиналарға тән. Және соңғысы, шиналарды айырбастаған кезде ескі дөңгелек тыстарының біркелкі тобауына назар аударыңыз. Дұрыс орнатылған және қалыпты пайдаланылатын шиналар біркелкі тозуі керек. Егер протектордың біркелкі емес тозуы байқалған болса, басқарылатын дөңгелектердің орнатылған бұрыштарын тексеру қажет, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станциясында дөңгелектерді қайта орнату және теңестіру қажет.

 

Тілші: Көктемге арналған мінсіз шина – ол қандай?
Ю.Н.: Мінсіз шина жоқ. Егер пайдалану сипаттамаларына келетін болсақ, көктем мезгіліндегі езіліп жатқан жол кез-келген типтегі шинаның тозуын арттырады. Біз түнгі температура нөлден түспейтіндей болған кезде жазғы шиналарға ауысуды ұсынамыз.


Тілші: Бізде танымалдылығы артып келе жатқан жолсызбен жүру спорты туралы сіз не айта аласыз?
Ю.Н.: Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы «жолсызбен қозғалу» бірнеше сатыға алға қадам жасады. Және де ол нарықта сапалы шиналардың пайда болуына байланысты. Экстремалды жолсызбен жүру саяхаты және жарысының адамдарға берері көп: басқа біреумен салыстырғанда оның қолынан көп іс келетінін сезіну, басқа біреу «отырып» қалатын жерден жүріп өту және бұл жерде шинаның атқаратын рөлі, мәлім болғандай 50 %, өту қабілеті көбіне резинаға байланысты.
Бұрын жанкүйерлердің жарыста көретіндері негізгі нұсқадағы жолсызбен жүру шиналары және қос белдіктегі БТР блокка салатыны бар УАЗ болған. Қазіргі уақытта дайындалған көліктердің құны $ 50 000 – 60 000 дейін жетеді және біздің спортшыларымыз, оларды әуесқой деуге аузым бармайды, әлемдегі күрделі трофи-рейдтерде, мысалы «Ладога», жүлделі орындарды алады. Әдетте, қарапайым  шиналар жарысқа қатысатын арнайы шиналар сияқты, аса қымбат емес, олардың сапасын сынға алуға болады, және біз оны келесі жолы жасаймыз.