+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Michelin шина өндірісі

Michelin шина өндірісі

10.0.2011

Қазақша | Русский

Шиналардың бірыңғай болып көрінетінінің астарында олардың өндірісі үшін көптеген материалдар пайдаланған әртүрлі элементтердің күрделі жиынтығы жасырынған. Ризиналы қоспалар табиғи және синтетикалық каучкутың әртүрлі қоспалармен қосындысының нәтижесі болып табылады. Бір шинада құрамы бойынша әртүрлі резиналардың қоспасы қатар кездеседі. Әрбір резина қоспасы тербелу кедергісіне, ілінісу және т.б. қойылатын қажетті сипаттамаларға қол жеткізу үшін аса мұқияттықпен жасалады.

Шина қаңқасы синтетикалық немесе ұзындығы үлкен  металл жіптерден тұрады, өндіру үрдісі айналатын барабанда жүзеге асады, оның ішкі бөліктері жақындасуға қабілетті. Сондай-ақ орталық бөлігінің үрілуі жүзеге асады.

Ең алдымен төселетін элемент ауаның өтуіне жол бермейтін синтетикалық каучук қабаты төселеді. Ол ауа үшін өзіндік камераны құрайды.  Одан кейін резиналы тоқылған төсем қосылады, оның жіптері радиалдық шина қаңқасын қалыптастырады. Екі бейімді резиналы таспа екі жағынан төселеді, олар шинаны дискіде ұстап тұратын бүйір сақиналарын орнықтыру үшін қажет.

Одан әрі тоқылған қаңқаның бүйір сақиналарын айнала қапталуы, олардың жағдайын қамтамасыз ету үшін жүзеге асады. Келесі төселетін элемент – бұл бүйір. Бүйірлер тығыз резина қоспасынан дайындалған, қаңқаны механикалық әсерден қорғауға қабілетті.

Барабанның бүйір бөліктерін біріктіріп және бір мезгілде орталық бөлігін үрген кезде дайындалып жатқан затқа шина пішінін еске салатын қалып беріледі. Одан әрі шинаның жоғарғы бөлігіне екі брекерлі қабат төселеді. Олар әртүрлі бағыттағы резиналанған металл жіптерден дайындалған. Брекерлі қабат жіптері қаңқа жіптерімен қиылысып үшбұрышты құрылым түзеді, ол майысуларға тұрақты келеді.

Ең соңынан резиналы беткі қабаты төселеді, ол протекторлы таспа деп аталатын шина бөлігіне сәйкес келеді. Шинаның бастамасы дайын. Енді ол вулканизациялауға жіберіледі. Сығылудың ортасында ыстық сумен толтырылатын мембрана бар және ол сыққыш – қалыптың ойық беткі жағына біз дайындаған жұмсақ материалды қысыммен қысады. Ыстық су және бу арқасында сыққыш-қалыптың сыртқы жағынан вулканизациялау үрдісі іске қосылады.

Жоғарылайтын температура әсерімен резина құрамына кіретін күкірт каучуктың малекулааралық байланысын қалыптастырады, осы үрдіс вулканизация леп аталады. Осы уақытта каучук жұмсақ күйден майысқақ күйге ауысады. Сыққыш-қалыптан шыққан кезде шина өзінің ең соңғы қалыпына ие болады.