Қазақша | Русский
Шиналар автокөлік және жолдар арасындағы жалғыз байланыстырушы буын болып табылады. Кез-келген жол шарттарында қауіпсіздік аудан бойынша салыстырмалы үлкен емес байланыс дағына тәуелді. Осылайша, шиналарды жақсы күйде ұстап және оларды ауыстыру кезінде тиісті қондырғыны қолдану өте маңызды.
Сіздің автокөлігіңіздегі бастапқы жинақтама жағдайында шиналардың көлемі пайдаланудың барлық аспектілерін ескере отырып автокөліктер құрастырушылары және өндірушілермен айқындалады. Оларды ауыстыру кезінде маманмен алдын-ала кеңеспестен өлшемдерді, типін, жүктеу және жылдамдық индекстерін өзгертудің қажеті жоқ. Шиналар өндірушісі оның затбелгісіне ие шиналар құрастырылымына үшінші тұлғалармен енгізілген қандай да бір өзгерістер үшін ешқандай жауапкершілікке ие емес.
Бұл операцияларды тиісті қондырғыларын қолдана отырып, тек кәсіби мамандар жүргізуі тиіс. Дұрыс емес монтаждау жазатайым жағдайдың немесе шиналардың, камераның және жиектеменің бүлінуіне алып келуі мүмкін.
Шиналардың көпшілігінде жүктеме (саны) және жылдамдық (әріптері) жүктемелерінің индекстерінің типінің пайдаланушылық сипаттамалары көрсетілген. Мысалы (микроавтобустар және коммерциялық автокөліктерге арналған шиналар) 106/104R шина біртекті шиналарды монтаждау жағдайында 170 км/сағ қозғалыстың максималды жылдамдығында 950 кг жүктемені және қосарланған шиналарды монтаждау жағдайында 900 кг шыдай алатындығын білдіреді. Бастапқы жинақтамада орнатылған шиналар автокөліктің максималды жүктемесі үшін қарастырылған. Ауыстыру кезінде монтаждалатын шиналардың техникалық талаптар мен заңнамалық нормаларға сәйкес келетіндігіне сенімді болу үшін маман көмегіне жүгініңіз. "M+S" қысқы шиналарға келер болсақ, олардың жылдамдық индексі бастапқы жинақтама шиналарына қарағанда төмен болуы мүмкін, алайда бұл жағдайда қозғалыс жылдамдығы аталмыш көрсеткішке сәйкес келуі тиіс. Максималды жылдымдық 160 км/сағ немесе кем болатын автокөлікте өндірушімен қарастырылған жылдамдық индексі бар шиналар орнатылуы міндетті.
Протектор суретінің тереңдігін ретті түрде тексеру қажет. Біздің шиналарымызда автокөлік иегері протектордың тозу деңгейі туралы пікір қалыптастыра алатын индикаторлар бар. Шиналарды ауыстыру кезінде жолдағы автокөліктің тәртібі көзқарас тұрғысынан, жаңа шиналарды монтаждау немесе артқы оське барынша кем тозғанды монтаждау ұсынылады. Егер бұрын қолданыста болған шиналар монтаждалса құзіретті маманның пікірін тыңдаған жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа камералық шина үшін жаңа камераны және жаңа камерасыз шинаны монтаждау кезінде жаңа вентельді қолдану ұсынылады. Камерасыз шиналар жиектемесі камерасыз шиналар үшін арналған диксіде ғана монтаждау қажет.
Ерекше жағдайлар және артық дөңгелекті қолдану жағдайынан өзге бір оське монтаждалатын шиналар бір типті және өлшемді болуы тиіс. Егер алдыңғы оське радиалдық шиналар орнатылған болса, артқы оське диагнольды шиналарды монтаждау ұсынылмайды, ал кейбір елдерде бұған тыйым салынған. Шинаны дискке монтаждау
Біз, ережеге сай, DOT заттаңбасының (борт аумағында орналасу) дөңгелектің сыртқы жағында орналасындай етіп монтаждауға кеңес береміз. Келесі шиналардан өзге жағдайларда:
Ескертпе: REINF (reinforced): күшейтілген.
Ескертпелер: 4х4 автокөліктердің басым көпшілігі үшін бастапқы жинақтамамен салыстырғанда сыртқы диаметрден 5% шектеулерде (яғни 35-40 мм-ге) шиналар өлшемін өзгертуге рұқсат етіледі. Осыған қоса өлшем барлық төрт дөңгелектерде өзгертілуі тиіс.
Келесілер қажет: