+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау

4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау

17.30.2022

4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау
 
Әмбебаптық қазір сән үлгісінде. Оны адамды қоршаған барлық дүниеден байқауға болады: фото-бейне түсірілім жасау, карта+кредитка, толыққанды ДК және ойын консолі мүмкіндігін беретін смартфондар; кез келген ауа райына киюге болатын курткалар; интернетке қосылу және ым-ишарамен басқару мүмкіндігі бар теледидарлар. Дөңгелек өндірушілер де мүмкіндік спектрі кең өнім жасай отырып, трендттен қалмауға тырысуда. Әрине, бәрінікі бола қоймайды, бірақ Goodyear Wrangler Duratrac дөңгелегін шығарып, айтарлықтай талпыныс жасады.
 
Бұл дөңгелектің әмбебаптығы жақындағаннан-ақ белгілі болады. Goodyear Wrangler Duratrac  дөңгелегі бір-бірінен оңтайлы қашықтыққа қойылған – түйісу нүктесінен суды, батпақты шығаруға, ұсақ және орташа тастарды шығару үшін жеткілікті түрде сиретілген, және қарлы, сулы және құрғақ жолдарда, асфальтты қоса алғанда, тиімді тарту күшін қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрде тығыз ірі шашкалардан тұрады. Дөңгелек көзге біршама агрессиялық болып көрінгенімен, шашкаларының осындай үйлестіруінің арқасында гибрид, яғни бір мезетте A/T және M/T, ретінде топтастырылады. Ал LT-өлшемінде ол сонымен бірге бүртабанға арналған ұяшықтармен жабдықталған, ол оны қар мен мұз ойлы-қырлы жермен үнемі алмасып келетін жерде пайдалануға жарамды етеді. Және де, әрине, Wrangler Duratrac дөңгелегімен осындай тюнинг жасау мүмкіндігін «адекватты» өлшемді қысқы дөңгелекті табу қиынға соғатын ірі, ауыр, соның ішінде биіктетілген жол талғамайтын көлік иелері бағалайды.
 
Goodyear Wrangler Duratrac дөңгелегін көзбен көріп қанағаттанған 4х4 Club сарапшылары сынақ барысында дөңгелектің өзін ұстау динамикасын бақылау үшін оларды штаттық Chevrolet Avalanche көлігіне орнатты. Және бұл үшін маусымдық жағдай да қолайлы болды: дөңгелектерді қарда да, тайғақта да; құрғақ, сулы және тіпті қатқақ – асфальтта да; көктемгі нөсерлі жаңбырда да сынауға мүмкіндік болды. Автомобильге дөңгелекті орната отырып, басылым тілшілері сыналатын дөңгелектердің теңдестіруге икемділігін таңданыспен атап өтті: төрт дөңгелектің біріне ғана аздаған мөлшерде жүк қажет болды.       
 
Сынақ кезінде Goodyear Wrangler Duratrac дөңгелегі түрлі жолда болжанатын және дәл жүріс көрсетті. Ал дөңгелек қысқы жолда біраз сырғанаса да, бұл күтілген еді және оны жылдамдықты азайту мен траекторияны түзету арқылы бақылауға болатын еді. Әлбетте, олардан таза қысқы дөңгелектердегідей ілінісуді талап ету дұрыс болмас еді, алайда, M+S стандарты дөңгелектері ретінде олар өздерін 100% ақтады. Сонымен бірге сынақтың бүртабансыз өткізілгенін ескерген жөн.
 
Ал ең қызығы асфальт төселмеген жолда басталады. Құм қандай болмасын, сулы немесе құрғақ - Goodyear Wrangler Duratrac оны жеңіл және емін-еркін игереді. Иінтірек аймағындағы трапеция түріндегі топырақілгіштігінің арқасында Duratrac тұрып қалмайды, сырғанамайды, жақсы тежейді, сондай-ақ сорап жолдан шығуда қиындық тудырмайды. Дөңгелектің бүйірі жұмсақ болғандықтан, оның қысымын қажетінше жабысқақ жерде азайтып, тасты жерде ұлғайтып, бақылап отыру қажет.
 
4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау   4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау    4x4 Club vs. Wrangler Duratrac: ұрыспен барлау
 
Жабысқақ және тайғақ учаскелер туралы айтар болсақ – мұнда Wrangler Duratrac классикалық M/T дөңгелектеріне жол береді. Сол баяғы бұжыртабан шашкаларының арасындағы «оңтайлы» арақашықтық және салдарынан бұжыртабан өзін аса жақсы тазарта алмайтын жырашықтарының биіктігінің аздығы әсер етеді. Сорап жолмен жүріп, одан шығу үшін оның тарту қабілеті жеткілікті, алайда суы аз қатты жабысқақ топырақта Wrangler Duratrac «сабындау» және сырғанақтауымен көрінетін қайсарлықты көрсетеді. Қысымды өршіту мәселені жартылай шеше алса, Wrangler Duratrac – кәдімгі батпаққа арналған дөңгелек екенін ұмытпаған дұрыс.  
 
Асфальтқа қайтып оралып, 4х4 Club сарапшылары А/Т дөңгелектердің көпшілігі мақтана алмайтын жұмсақ жүрісі мен басқару дәлдігін атап өтті. Және де автомобиль 80 км/сағ жылдамдықта «газ беруге» итермелейтін орнықтылығын көрсетеді. Тозуға тұрақтылық қоры тіпті «оңды, солды» агрессивті жүргізгенді жақсы көретіндер үшін де айтарлықтай көп. Wrangler Duratrac дөңгелегімен Ресейді түгелдей жүріп өткен Тверьдегі «Лебедушка» клубының қатысушысы Евгений Павловтың айтуы бойынша, бұл дөңгелектер 80 000 шақырымнан аса жол жүрген кезде де жүріс сипаттамаларын сақтап қалады.  Сол санаттағы басқа дөңгелектер екі есе кем жүрісінде әдетте «жел шығаратынын» ескерсек, бұл жақсы көрсеткіш. Төзімділік – барлық джиперлердің – әуесқой, кәсіби, алыс экспедиция қатысушыларының ойынан шығатын Wrangler Duratrac дөңгелегінің сапасы. Ақшаны үнемдеу, қосалқы дөңгелектің орнын босату, немесе дөңгелек жолда жарылып қалады деп уайымдамау керемет емес пе.   
 
Соңында, эстетикалық жағын айтпай өту мүмкін бе? Wrangler Duratrac дөңгелегінің келбеті – бір ғанибет. Оны кез келген жол талғамайтын көлікке орнатсаң, ол «тартылып», лайықты және, сонымен бірге, көрнекті болып көрінеді. Wrangler Duratraс бүйірі сорап жолда қаншалықты функционалды болса, соншалықты рельефі әдемі болып келеді. Және де авиаконструктор Туполев «Тек әдемі ұшақтар жақсы ұшады» демекші, әдемі дөңгелекке неге жақсы жүрмеске? Мұны растауға Wrangler Duratraс дөңгелегіне барлық негіз бар.