+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Goodyear Eagle F1 Asymmetric 5: тестілеудегі жеңіс рецептісі

Goodyear Eagle F1 Asymmetric 5: тестілеудегі жеңіс рецептісі

17.30.2022

 

 

 

 2015 жылы ұсынылған GOODYEAR Eagle F1 Asymmetric 3, ұзақ уақыт бойы шина тестілеуінің топтарында орын алып келді. Және де осы модельден кейін «ассиметриялық «төрттіктің» шығуын күту қисынды болар еді.  GOODYEAR концерні, алайда, атауында «5» саны бар Asymmetric топтамасының жаңа буынын шығара отырып, сандық ретін елеп ескермеді. Дегенмен, оның жоғары сипаттамасы шинаны екеуі үшін де, яғни соның ішінде жіберіп алған буын үшін де, жұмыс жасайды деген ойға қалдырады.

 

 

 

Бұжыртабанының суретімен GOODYEAR Eagle F1 Asymmetric 5 алдыңғы модельден еш айырмашылығы жоқ сияқты, содан бастапқыда: не өзгерді? – деген сұрақ туындауы мүмкін.

 

 

   

 

Impulse Control Compoundрезеңке қоспасының инновациялық құрамы. Құрамында үйлестірілген силикасы бар жаңа рецептура сулы және құрғақ төсемдерде ілінісуді ұлғайтуға көмектесті (+7%). Және де GOODYEAR жаңа шинасы құрғақ төсемде басқарылуы және тозуға төзімділігі жағынан ұтылмады.

 

 

 

Active Brakingсулы төсемде тежеу тиімділігі +4%. Active Braking — негізінде концерннің автоспорттағы табыстары жатқан GOODYEAR-дің салыстырмалы түрде жаңа технологиясы. Егер жүктеменің әсерінен тежеу кезінде қарапайым шиналардың түйісу нүктесі аз ғана ұлғайса, GOODYEAR Eagle F1 Asymmetric 5 шинасында бұл жағдайда бұжыртабанның әрбір шашкасының аумағы ұлғаяды. Түйісу нүктесі кеңірек – автомобильдің тежеу жолы қысқарақ.

 

 

 

Power Cushion — жоғары басқарылу және шинаның меңгеріктің бұруына жылдам жауап қатуы. Power Cushion — бұжыртабан қабатының астында жатқан және бұрылу кезінде, соның ішінде жоғары жылдамдықта, шинаның пішінінің өзгеруіне жоғары орнықтылығын қамтамасыз ететін GOODYEAR-дің фирмалық технологиясы бойынша дайындалған шентемір қабаты. Осының арқасында шина құрғақ және сулы төсемдерде тамаша басқарылады.

 

 

 

Бұжыртабанының суреті. Түрі жағынан GOODYEAR Eagle F1 Asymmetric 3 шинасынан айырмашылығы жоқ ,егер жақынырақ қарамаса: түйісу нүктесінен суды барынша жылдам шығару үшін, кәріздік арнасы кеңірек болған, акважоспарлауға орнықтылығын арттыру үшін бұл ойықтардың жиектері қиғашталған; тежеу кезінде бұжыртабан шашкасының пішінінің өзгеруін төмендету үшін және түйісу нүктесінің тұрақтылығын арттыру үшін ойықтардың қабырғалары да түрлі бұрышпен қиғашталған.

 

Қазіргі сәтте GOODYEAR концернінің жазғы UHP-флагманы 17-ден 22-дюймге дейінгі отырғызу диаметрімен 68 өлшем түрінде шығарылады. Кейбір өлшем түрлері бірқатар еуропалық және америкалық автомобиль маркалары үшін омологацияланған, сонымен қатар SoundComfort (шуылды бәсеңдету), SealTech (өздігінен бітеу) және RunOnFlat (өздігінен көтеруші) типті технологиялық модификациясы бар. 

 

 



* GOODYEAR Eagle F1 Asymmetric 5 шинасымен 2020 жылға шина тестілеуі