BFGoodrich Advantage T/A Sport LT дөңгелектері қазіргі уақытта АҚШ-та өндірушінің сайты арқылы және екі жүзден астам авторландырылған сауда нүктелерінде барынша сатылуда.
Екі модельдің де дизайны ұқсас: олардың бұжыртабаны мен резеңке қоспасы құрғақ, сулы және қарлы төсемдерде, бір сөзбен айтқанда – әр түрлі ауа райы жағдайында, барынша тиімді болу және басқарылу үшін әзірленген.
BFGoodrich компаниясының маркетинг жөніндегі менеджері Мэтью Кейбтің айтуынша, компания дөңгелек өндірісінің ең заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларын – қарапайым және мультифункционалды және теңдестірілген әрмезгілді дөңгелек болып табылатын Advantage T/A Sport LT пайдаланады. Мұндай көзқарас осы уақытқа дейін
BFGoodrich дөңгелектерінің Performance санатты дөңгелек сегментінде көшбасшы орнын алуына септігін тигізеді.
BFGoodrich Advantage модельдік желісінде сулы және қарлы төсемдерде ілінісудің қосымша элементі рөлін ойнайтын өздігінен бұғаттаушы 3D-ламелі бар. Aqua-Flume субұрғыш жүйесі түйісу нүктесінен ылғалды белсенді шығарады, ал қалыңдығы дөңгелекті пайдалану мерзімі ішінде ілінісудің оңтайлы деңгейін қамтамасыз етеді. Жақсартылған резеңке қоспасы қыс жағдайында пайдалану және қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін болжайды, ол жөнінде дөңгелектің бүйіріндегі M+S таңбасы білдіреді.
Тәуелсіз сараптама ұйымының тестілеуінен өткен жаңа BFGoodrich әрмезгілді моделі ұқсас маусымдық санаттағы бәсекелестердің дөңгелектеріне қарағанда қарда 30% астам тиімді тартым күшін көрсетті. Өндірушінің өзі акважоспарлауға кедергісінің 9% жақсартылғанын және алдыңғы BFGoodrich Long Trail T/A Tour моделімен салыстырғанда беріктік қорының 30% артқанын атап айтады.
BFGoodrich 2017 жылдың 4-тоқсанының басына қарай әрмезгілді дөңгелектер нарығын 70 және одан астам пайызға толықтыра отырып, жалпы алғанда Advantage T/A LT моделінің 33 өлшем түрін ұсынатын болады, ал 2018 жылдың екінші тоқсанында компания жаңа өнімнің тағы 6 өлшемін шығаруды жоспарлап отыр. Сұрыпталымына қарай Advantage T/A LT дөңгелектерін диаметрі 15-тен 22-ге дейінгі дискілерге орнатуға болады.
BFGoodrich үшін жаңа Advantage T/A LT дөңгелегінің шығуы тек кезекті жаңа өнімді шығару емес, сондай-ақ мақсаты қолданыстағы төрт модельді біреуге дейін қысқарту болып табылатын модельдік қатарды қайта құрылымдау бағдарламасын орындау.