2019 жылғы жазғы маусымда қазақстандық автоиеленушілерді жағымды тосын сый күтуде:
Continental AG неміс концерні EcoContact модельдік қатарындағы «жасыл» шинаның алтыншы буыны —
Continental EcoContact 6 жазғы шинасын ұсынды. Жаңа өнім шағын- және орта ауқымды жеңіл автомобильдерге арналады.
Алдыңғы —
ContiEcoContact 5 — моделімен салыстырғанда жаңа Continental жазғы шинасының пайдалану ресурсы 20% артты, ал шайқалу кедергісі 15% төмендеді. Сонымен қоса, басқарылу сапасы біршама жақсарды және де тежеу мен ілінісу сипаттамалары артты.
Шина өндірушілері қоршаған орта қорғаушыларының автомобильдердің пайдаланылған газынан болатын зиянды әсерін және өнімдер мен шинаның тозуынан болатын улы әсерді қысқартуға шақыруына жауап ретінде 1992 жылы «жасыл» (экологиялық) шина тұжырымдамасын ұсынды. Тұжырымдама өндіріс сатысында санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайын жақсартуды және отын шығыны мен пайдалану барысында пайдаланылған газдың шығарындысын азайту мақсатында шайқалу кедергісін төмендетуді қарастырды.
EcoContact 6 шинасын әзірлеуді бастар кезде Continental инженерлері алдыңғы модельдің әрбір бөлшегіне технологиялық тұрғыдан қайта мән беріп, оларды оңтайландырудың әр нұсқасын пысықтады.
Біріншіден, резеңке қоспасының құрамындағы химиялық компоненттер мен кремний диоксидінің (силика) ара салмағы өзгертілді. Компаундтың құрылымын қайта қарау полимерлік байланысты күшейтуге әкеп соқты, соның есебінен отын үнемділігі мен шинаның пішінін өзгертуге төзімділігі артты.
Резеңке қоспасының құрамына сонымен бірге шинаның түйісу нүктесінің бейімділігін арттыруға мүмкіндік берген жаңа компоненттер қосылды. Нәтижесі: тежеу, ілінісу тиімділігінің артуы және жоғары пайдалану ресурсы.
Осылайша, EcoContact 6-ны әзірлеу барысында резеңке қоспасының жаңа буыны — GreenChili 2.0 пайда болды.
Модельдің атауындағы Eco қосымшасы EcoContact моделі қатары шиналарының екі басты құндылығы жайлы баян етеді: отын үнемділігі және экологияны қорғау. Осылайша, EcoContact қатары шиналарын сатып алып, және оны пайдалана отырып, жағымды және пайдалы істі қатар алып жүресіз – отынға ақшаңызды үнемдейсіз және автомобильдің пайдаланылған газының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетесіз.
Екіншіден, бұжыртабан дизайны. Қырлары мен жырашықтар мөлшерінің ара қатынасы шинаның өлшем түріне тәуелді болатын болды. Мұндай тұжырым, шинаның сипаттамасы автомобильге «бейімделген» кезде, басқарылу дәлдігін қамтамасыз етіп, акважоспарлау қаупін төмендетті.
Бұжыртабанның иінді жағының дизайны өзгерді: бойлық арнасымен қосылу жерлерінде иілген пішіні мен қиғашталған қыры есебінен ламельдерінің беті ұлғайды; көлденең су ағызатын жырашықтардың да қырлары қиғашталып, қапталға шығар тұсында кеңейе түсті. Осы өзгерістердің арқасында сулы жол төсемімен ілінісу деңгейі жоғарылады.
EcoContact 6 кейбірін «спорт» санатындағы шина дизайнынан алды: бұжыртабан ассиметриялы бола түсті, ал оның элементтері бірқалыпты пішінді және қырлары қиғашырақ бола түсті, бұл құрғақ жолда шинаның басқарылу дәлдігін ұлғайтты және оның акважоспарлауға шығу шегін арттырды.
Неғұрлым өлшемі үлкенірек болса, соғұрлым EcoContact 6 шинасы бұжыртабанының орталық бөлігіндегі қабырғалар мен жырашықтары көбірек. Ол модельдің барлық өлшем түрінде бірдей жоғары басқарылуын қамтамасыз етеді.
|
|
EcoContact 6 бұжыртабанының иінді жағындағы ламельдері мен су ағызатын арналары ашығырақ бола түсті, ол сулы жол төсемінде шинаның өнімділігін жақсартуға мүмкіндік берді.
|
|
GreenChili 2.0 жаңа компаундының арқасында: ресурс — 20%-ға, үнемділік — 15%-ға артты. Бұдан басқа EcoContact 6-ның жүру сапасы да жақсарды.
|
Continental жаңа шина өнімі үшін мақтанышын жасырмайды және де оны шина индустриясының жаңа технологиялық сатысы деп есептейді. Бұл өнімнің қаншалықты жақсы болып шыққанын неміс концерніне 10-нан астам еуропалық автоөндірушілерден омологацияға келіп түскен өтінімдерден байқауға болады.
Жаңа өнім сериялы өндіріске жіберілді қарай бейінінің ені 145-тен 315 мм дейін және Y жылдамдық индексімен отырғызу диаметрі 13-тен 22 дюймге дейінгі өлшем түрілерінде сатуға шығарылады.