Жақында болған тұсаукесерде Continental неміс концерні жаңа Gislaved Ultra*Speed 2 жазғы шинасын таныстырды. Жаңа өнім 2012 жылы шығарылған Gislaved Ultra*Speed жазғы шинасының екінші буыны болып табылады және шағын, орта ауқымды жеңіл көліктерге, сонымен қоса кроссоверлерге арналған. Ultra*Speed 2 шинасының сатылымы 2019 жылдың басына жоспарланған.
Gislaved Ultra*Speed 2 шинасын өндіруші кез келген жазғы ауа райы жағдайында барынша қауіпсіздікті және жоғары жылдамдықта сенімді ілінісуді қамтамасыз ететін орта бағалы санаттағы шина деп сипаттайды.
Gislaved Ultra*Speed 2 бұжыртабанының суреті өзгеріп қана қоймады – оның блоктарының арасында ерекше бөгеттер пайда болды. Мұндай технологиялық шешім бұжыртабанды пішінінің өзгеруіне орнықты етіп, шинаның жол төсемімен түйісу нүктесінде жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде: маневр жасау кезінде басқарудың жоғары тұрақтылығы және құрғақ жолдағы қысқа тежеу жолы.
Бұжыртабан дизайны шинаның иінді аймағы мен қабырғаларына да қатысты өзгерді: олар ашық бола түсті, ол сулы жол төсемінде жүріс сапасына оң әсер етті.
Дизайнымен қоса бұжыртабанның резеңке қоспасының құрамы да өзгерді: жаңа өнімде кремний диоксидімен (силик) қосылып, беріктік қоры мен отын үнемділігін арттырған жаңа полимерлер қолданылады.
Еуропалық таңбалау жүйесіне сәйкес жаңа Gislaved жазғы шинасы отын тиімділігінің «C» және «E» рангіне жатады; сулы жол төсеміндегі ілінісуі «В» рангіне сәйкес келеді.
Gislaved Ultra*Speed 2 шинасын 185/65 R15 өлшемінен бастап 255/35 R19 өлшеміне дейін шығару жоспарланған.
UNITYRE дөңгелек орталықтарында және unityre.kz интернет-дүкенінде жаңа өнім 2019 жылғы қаңтар айынан бастап қолжетімді болады.