+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental жаңа жазғы PremiumContact 6 шинасын таныстырды

Continental жаңа жазғы PremiumContact 6 шинасын таныстырды

17.29.2022

Continental шиналардың «спорт» және «жайлылық» атты екі санатын біріктірген жаңа жазғы PremiumContact 6 моделін таныстырды

  

Continetnal представляет новую летнюю шину PremiumContact 6

 

 

2017 жылдың басында Continental портфолиосы жаңа жазғы Continental PremiumContact 6 шиналарымен толыққаны белгілі болды. Бұл оқиғаның әйгілі болуына алмандық өндірушінің жаңа туындысына бірден екі санат – «спорт» және «жайлылыққа» тән сипаттамаларды беріп, осылайша шиналардың жаңа санатын жасап шыққаны да себеп болып отыр.

 

Continental компаниясы спорттық шиналар мен «жайлылық» санатындағы шиналарды бір ғана сараланымда беруді артық деп тапқан сияқты, сондықтан да «SportContact» атауын қолданбауға шешім қабылдапты. Мұндай әрекеттің қажеттілігі аталмыш сараланымдағы бүтін бір аудитория – қымбат машиналар иелерін жартылай спорттық SportContact 5 және біршама хардкор SportContact 6 арасындағы шатасудан арылтуда да болып отыр.

 

 

Новый класс шин Continental — "спорт/комофрт"

 

 

Сөйтіп, “Sport” сөзі аталмыш санаттан алынып тасталды да, ContiSportContact 5 спорттық-бағдардан біршама өркениетке бет бұрып, PremiumContact 6 атауына ие болды.

 

ЕМЕА өңірінің өнім-менеджері Катарина Сильва Continental шиналарының жаңа санатын ұсына отырып:

 

 


 

«Жаңа  PremiumContact 6 қауіпсіздігі жайлы айтпай-ақ қоюға да болады — Continental-да аталмыш критерийді жетілдіруге ұзақ уақыттық әрі тұрақты назар аударылады; ал жайлылық және басқарылуға келер болсақ— иә, бұл тұрғыдан белсенді жұмыс жасадық,»- деп атап өтті.

 


 

 

Continental протектордың жаңа суреті мен икемді және тозуға төзімді полимерлер құрамдастырымынан тұратын жаңартылған резеңке қоспаның есебінен шуды 10 % төмендетуге, ал шина ресурсын 15 % ұлғайтуға қол жеткізілгенін айтып отыр. Бұл ретте басқарылу 3% өскен, ал томалақтауға кедергі 5% азайған. Екпіндеу мен тежелу көрсеткіштері ылғал бетте де, құрғақ бетте де бұрынғыша қалған. ContiSportContact 5-тен PremiumContact 6-ға көшуден зардап көрген жалғыз көрсеткіш — бұл акважүзуге деген тұрақтылық, ол 5% төмендеген.

 

 

Сравнение ContiSportContact 5 и новой PremiumContact 6

 

 

Қауіпсіздік пен жайлылықты жақсартумен бірге, Continental компаниясы PremiumContact 6 шинасын ContiSportContact 5-ке қарағында спортқа бейімірек етуге тырысты. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әзірлеушілер SportContact 6 иық тұс аймағының дизайнын алып оны протектор қабырғасының ассиметриялы суретімен біріктірді.

 

Так называемый «улучшенный макро-блочный дизайн» протектора плечевых зон, где крупные блоки поддерживают друг друга, позволил достичь более эффективного сцепления с дорогой. Во-первых, такая сложная структура блоков плечевой зоны шины стала более эффективно справляться с огромными нагрузками, порождаемыми прохождением поворотов. Во-вторых, ассиметричная структура ребра шины, позволила обеспечить высокую производительность при боковых нагрузках.

 

Ірі блоктар бір-бірін сүйеп тұратын иық тұс аймағы протекторының «жақсартылған макро-блоктық дизайны» жолмен біршама тиімдірек ілінісуге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біріншіден, шинаның иық тұс аймағы блоктарының мұндай күрделі құрылымы бұрылыстан өтуден туындайтын аса зор жүктемелерді тиімді түрде жеңіп өтетін болды. Екіншіден, шина қабырғасының ассиметриялы құрылымы бүйір жақ жүктемелері кезінде жоғары өнімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Continental мәлімдеуінше, жаңа жазғы PremiumContact 6 шинасы 2017 жылдың басында сатылымға шығады және орта санаттағы автомобильдерден бастап SUV  санаты мен жол талғамайтын көліктерге дейінгі типтік-мөлшерлердің кең ауқымында қолжетімді болады.

 

 


 

«2017 жылғы жаз маусымына қарай шамамен 70 типтік-мөлшерді сатылымға шығару жоспарланып отыр», — дейді Сильва. «Сұранымның басым бөлігін ені 195-275 мм аралығындағы 16”- 21” шамасындағы диаметрлі және шина профилінің биіктігі 65-40% болатын типтік-мөлшерлермен жабуды жоспарлап отырмыз, бұл нарықтың көп бөлігінің қажеттіліктеріне жауап береді. Ұсынылатын типтік-мөлшерлерді пайдаланудағы ең жоғары рұқсат берілген жылдамдық 186 миль/сағатқа дейін жетпекші, бұл Z жылдамдық индексіне сәйкес келеді.»

 


 

 

Жаңа модель қатары біртіндеп ContiPremiumContact 5 және ContiSportContact 5 шиналарының орнын басады да (соның ішіндесанаттық тауашаларда да), барлық сәйкес келетін типтік-мөлшерлердіалатын болады.

 

Қазіргі уақытта аталмыш екі санат шамамен 400 омологациядан тұрады, сондықтан да Continental алдында үлкен жұмыс күтіп тұр: жаңа санаттағы шиналардың 70 прототипі, сынақтан өтіп, расталу үшін, күллі әлемдегі автоөндірушілерге жөнелтіліп қойды.

 

 


Деррекөз tyrepress.com