+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental VikingContact 7 — 2018-2019 қысқы маусымның жаңа өнімі

Continental VikingContact 7 — 2018-2019 қысқы маусымның жаңа өнімі

17.30.2022

 

2018-2019 қысқы маусымға Continental концерні  VikingContact 7 - скандинавиялық және қазақстандық қатты қыс жағдайларына арналған жаңа үйкелісті шинасын ұсынды.  

 

Бұжыртабанының жұмсақ резеңке қоспасының арқасында бұл жаңа өнім қарлы және мұзды жолдарда қиыр солтүстікте басым болатын өте төмен температурада сенімді ілінісуді қамтамасыз етеді.

 

Бұжыртабан жырашықтарының біріктірілген жүйесі түйісу нүктесінен борпылдақ қар мен судың жылдам шығарылуын қамтамасыз етеді. Қар немесе мұзда жүрген кезде, бұжыртабан блоктарының ламельдері жол бетіне жақсы ілініседі. Басқарылу сипаттамасы бойынша скандинавия елдері мен Қазақстанға арналған бұл әмбебап шина алдыңғы ContiVikingContact6 моделінен 7% артық түседі.

 

UNITYRE дөңгелек орталықтары мен интернет-дүкенінде VikingContact 7 шинасы отырғызу диаметрі 15-тен 20 дюймді қоса алғанға дейінгі өлшем түрлерінде қолжетімді. Бұл шиналардың барлығы 190 км/сағ жылдамдықта пайдалануға рұқсат етілген, бұл солтүстік Еуропа мен Қазақстанның жолдарында рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықтан біршама көп.

 

Бұл шинаның бес өлшем түрі ContiSeal тесілмейтін технологиясымен жабдықталады. Тесілген жағдайда мұндай шиналар бұжыртабанның 5 мм дейінгі жарығын автоматты түрде бітейді. Бұдан басқа, бірнеше өлшем түрі SSR Runflat авариясыз жүру технологиясымен жабдықталатын болады. Бұл қатарда автомобиль салонындағы шуыл деңгейін төмендететін ContiSilent технологиясы қолданылған модельдер болады.

 

Еуропалық таңбалау жүйесіне сәйкес, VikingContact 7 шинасы шайқалу кедергісі бойынша С санатына және сулы төсемде ілінісуі бойынша Е санатына жатады. Шинаның жолмен түйісуінен болатын шуыл деңгейі 72 дБ, бұл шинаны екі қара дыбыс толқыны түріндегі белгімен белгілеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл шиналар «Тау шыңы мен қар» таңбасын алу үшін қажетті тежеу сынағынан өтті.

 

      

 

 

Резеңке қоспасы мен бұжыртабанының суреті қатты қыс кезінде қауіпсіз басқарылуын қамтамасыз етеді

Жаңа VikingContact 7 шинасын жасаған кезде Continental концернінің жасаушылары жаңа деңгейге жетті. Бұжыртабанға олар жақсы ілінісуді, соның ішінде сулы төсемде, қамтамасыз ететін кремний диоксиді қосылған резеңке қоспасын таңдап алды. Резеңке қоспасының құрамындағы рапс майы төмен температурада тіпті скандинавиялық қыс жағдайында шинаның сенімді ілінісуіне мүмкіндік бере отырып, икемділігін қамтамасыз етеді.

 

Бұл шинаның сулы және борпылдақ қар жамылған жолмен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, Continental концернінің инженер-әзірлеушілері су мен қар жылдам шығарылатын бұжыртабанның тиімді терең жырашықтар жүйесін жасады. Дәл басқару үшін аса маңызды бұжыртабан блоктарының тиімділігінің кепілі ретінде блоктар бұрылыстағы орнықтылықты қамтамасыз ететін кішкене жалғастырғыштармен немесе «көпіршелермен» біріктірілген. Мұз немесе қармен жүрген кезде үш өлшемді ламельдер ілінісі жиектерінің көп мөлшерін жасайды, сонымен қоса қарды ұстап қалу үшін қалталарды қалыптастырады. Бұл қалталар қармен толтырылып, қар мен қардың үйкелісі қосымша ілінісуді қамтамасыз етеді. Мұзды жолмен жүрген кезде ламельдердің арқасындағы ілінісу жиектері бұдыр әсерін қамтамасыз етеді. Олар қозғалысты бастау және тежеу үшін жақсы ілінісуге кепілдік ете отырып, мұздың жоғарғы қабатына жабысады.

 

 

Басқарылу сипаттамасы 7% жақсартылды 

Танымал алдыңғы модельмен салыстырғанда VikingContact 7 келесі артықшылықтарға ие болды: акважоспарлаудан қорғау 7% күшейтілген; сулы төсемде тежеу жолы 6% қысқарды және борпылдақ қар мен мұзда басқарылу сипаттамасы 4% жақсартылды. Қар мен құрғақ жолда басқарылуы 2% өсті. Сонымен бірге алдыңғы модельмен салыстырғанда шайқалу кедергісі 3% жақсарды. 

 

   

 

 


Continental концерні адамдар мен жүктердің желіге біріктірілген ұзақ мерзімді мобильділігін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы технологиялар мен қызметтерді әзірлейді. 1871 жылы құрылған технологиялық компания автомобильдер, машиналар, жол-көлік құралдары үшін сенімді, тиімді, ойластырылған және қолжетімді шешімдер ұсынады. 2017 жылы Continental концернінің айналымы 44 млрд еуроны құрады, ал қазіргі уақытта концернде 60 елде 243 000 қызметкер жұмыс істейді.