+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Continental. Бұдыр орнатудың революциялық тұжырымдамасы

Continental. Бұдыр орнатудың революциялық тұжырымдамасы

17.30.2022

Continental. Бұдыр орнатудың революциялық тұжырымдамасы

 

IceContact 3 шығар алдында Continental AG неміс концерні 2018 жылдың екінші жартысында резеңкеленген бұдырдың революциялық тұжырымын ұсынды.   

 

 

Резеңкеленген бұдыр технологиясы  

Есімізге алсақ, 2013 жылы ЕО және Кеден одағы елдерінде қысқы шиналарда бұдырдың санын қума метріне 50 бірл. дейін шектейтін техникалық регламент күшіне енген болатын (Ресейде 60 бірл. дейін).  Бұл шара бұдырдың асфальт төсеміне зиянды әсерін төмендетуге бағытталған болатын.   

 

Бүртабанды шина өндірушілерінің бұл жаңалыққа ойға қонымды жауабы басты қайшылықты: мұздаға сипаттамасы және жол төсемінің тозуын, шешетін технологиялық зерттеулер болды. Оңтайлы шешім іздеу барысында біреулер бұдыр санын азайтып, олардың пішімі мен бұдырлардың қоспасымен жұмыс жасады, екіншілері олардың салмағын азайтып, және, керісінше, шинадағы санын ұлғайтты, үшіншілері оны да, басқасын да жасады. Жаман емес, алайда бұдырдың негізі ретінде ең жеңіл деп алюминий қоспаларын пайдаланудан әрі бармады – тіпті жеңілдетілген бұдырлар да жол төсеміне залал келтіруін тоқтатпады. Бүгінгі күнге дейін, Continental AG бұдырдың инновациялық тұжырымы – резеңкеленген бұдырды ұсынғанға дейін.     

 

Каучук қоспасы негізіндегі бұдырдың жаңа тұжырымы мұздағы ілінісу сипаттамасын 7% жақсартуға, ал жол төсемінің тозуын 20% қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге қатты төсеммен жүрген кезде  - әсіресе асфальтта – әдетте бүртабанды шинадан шығатын шуыл мәселесі шешілді.    

 

 

Резеңкеленген және алюминий бұдырлар 

Алюминий қорытпасынан жасалған бұдыр мен негізі резеңке қоспасынан жасалған бұдырдың негізгі айырмашылығы – жол төсемімен әрекеттесуі.  

 

Жол төсемі ешқашан тегіс болмайды. Резеңкеленген негізінің арқасында жаңа Continental бұдыры жолға зақым келтірмей сол төсемге бейімделе алады.

 

Резеңкеленген және алюминий бұдырлар

 

Ал негізі алюминий қорытпасынан тұратын, ұштығы одан да қатты стандарттық бұдыр туралы олай айта алмайсың. Бірге алғанда мұндай бұдыр жол төсеміне икемделе алмағанымен қоса, Continental тұжырымдамалық бұдырына қарағанда, оған үлкен зиян келтіреді. 

 

 

Қызмет мерзімі

Жаңа резеңкеленген Continental бұдырының қызмет мерзімі алюминий қорытпасынан жасалған стандарттық бұдырға қарағанда 20% артық. Концерн технологтары екі түрдің де тозуына тест жүргізді – нәтижесі күтілгеннен де асып түсті. 

 

Қызмет мерзімі

 

 

Мұздағы ілінісуі 

Бұдырдың негізгі жаратылысын анықтайтын сипаттама – мұздағы ілінісуінде инновациялық бұдыр алюминийге қарағанда өнімділігінің 7% өсуін көрсетеді.  

 

Мұздағы ілінісуі

 

Мұндай өнімділіктің құпиясы ұштығында ғана емес. Бұдырдың иілмелі негізі жол төсеміне икемделуге мүмкіндік береді және бұдырдың ұшымен мұзға қаттырақ басуға мүмкіндік бере отырып, оның жиектерін тиімді ашады. Нәтижесінде – мұздағы үлкен тартым күші. Каучук – бұдыр негізінің құрамындағы негізгі ингредиент – шинаның мұздағы жалпы өнімділігін арттыра отырып, ілінісуді ұлғайтуға қатысады.  

 


Қазіргі сәтте жаңа тұжырымдаманың Continental бұдыры пилоттық жоба болып табылады және эксперименталды түрде шектеулі партиямен шығарылған 235/45 R18 өлшеміндегі Continental IceContact 2 қысқы флагманына орнатылады.