+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Goodyear Vector 4Seasons Gen-2 – танымалдылық шыңында

Goodyear Vector 4Seasons Gen-2 – танымалдылық шыңында

17.30.2022

Goodyear Vector 4Seasons Gen-2 – танымалдылық шыңында
 
Vector 4Seasons Gen-2әрмезгілді дөңгелегінің жоғары танымалдылығының құпиясы тәжірибе деп аталатын мықты іргетасында.Goodyear инженерлері мен технологтарының үздіксіз зерттеулермен өткізген 40 жылы; сәтті және сәтсіз өткізген прототиптерінің 40 жылғы сынақтары; 40 жыл – бұл Goodyearдің әрмезгілді дөңгелек нарығында мойындауы мен салмағын жеңіп алуы үшін өтеген құны. Дегенмен,  Goodyear әрмезгілді дөңгелегінің жаңа моделінің жетістігі барлық өндірушінің барлық күткен болжамынан асып түсті: 2 жылдан кем уақытта Vector 4Seasons Gen-2 моделі автомобиль иеленушілерінің сенімі мен көңілін жаулап алды, беделді бейінді басылымдар мен тәуелсіз сараптама ұйымдарының көптеген сыйлықтарын алды және көбінесе еуропалық  автомобиль өндірушілерінің 50-ден астам автомобильдерінің - Audi, Citroen, Fiat, Opel, Renault, Seat, Skoda, Smart (Mercedes-Bens), Volkswagen, сондай-ақ америкалық Ford, базалық толымдауы үшін бейімделген болатын. 
 
Әрмезгілді дөңгелектердің белсенді дамып келе жатқан нарықтық сегментінің арқасында, Goodyear сенімді, өнімділігі жоғары және қауіпсіз әрмезгілді дөңгелекке тұтынушылық сұранысқа дер кезінде және сапалы түрде жауап бере отырып, бұл салада 70-ші жылдардан бастап көшбасшы болып келеді.   
 
Goodyear Vector 4Seasons Gen-2 – танымалдылық шыңында
 
Goodyear әрмезгілді дөңгелегінің тамаша сапасы мен теңдестірілген сипаттамалары тестіленіп, түрлі тәуелсіз сараптау ұйымдарымен және Gute Fahrt, Auto Bild, Auto Express, Auto Motor und Sport және басқа да беделді бейінді басылымдармен танылды. Сулы және құрғақ жолдағы тамаша ілінісуі, қардағы дәл басқарылуы және жоғары отын үнемділігі – бұл Vector 4Seasons Gen-2 дөңгелегінің жоғары сараптама бағасын жеңіп алуына себепші болған қасиеттер.
 
EMEA жеңіл көлік дөңгелектерінің өңірлік бөлімінің басқарушы директоры Ник Харли көптеген ірі автомобиль өндірушілерінің таңдап алуы және әлі де таңдауы үлкен жетістік және мақтаныш боларлық жайт деп есептейді. Әрмезгілді дөңгелектердің танымалдылығының өсуімен қатар, Goodyearдің «әрмезгілд» технологиясы да үздіксіз дамуда, оның табысты өткізілуін кез келген ауа райы және маусым жағдайында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Vector 4Season Gen-2 дөңгелегінің жоғары сапасы мен сипаттамаларынан көруге болады деп атап өтті Харли.