Continental концерні қазақстандық нарыққа Еуропа мен Америкада классикалық жол талғамайтын бренд ретінде танымал болған General Tire брендін шығарады. Марканың 100 жылдан асатын тарихы бар: оның атымен жеңіл және жеңіл жүк көліктерінің әр түріне арналған жоғары технологиялық және сенімді дөңгелектер өндіріледі. Және де концерн Қазақстанда General Tire брендінің дамуын оның ең мықты жағы ретінде дәл жол талғамайтын дөңгелектерінен бастайды. Енді Қазақстандағы сатып алушылар үшін жаңа өнім американдық және еуропалық нарықпен бірге қолжетімді болмақ. |
2017 жылдан бастап қазақстандық жолдың әуесқой автомобильшілері үшін General Tire-дің екі жаңа дөңгелегі қолжетімді болады: Grabber X3 – жол жағдайы қиын қара жолды жермен жүруге арналған дөңгелек және Grabber AT3 – жолсыз жермен және қала жолдарымен жүруге арналған.
Екі модель де жоғары сенімділігі және мықты ілінісуімен ерекшеленеді, және де Grabber X3 үшін жолдағы/жолсыздағы арақатынас 20/80-ді құрайды, ал Grabber AT3 үшін – 50/50. Дөңгелектің екеуі де – барлық маусымға арналған және M+S пен қарлы тау белгілері бар.
Осылайша, тарихы мен дәстүрі бай General Tire бренді бұл жаңа өнімдерімен жолсыздықпен әуестенетін кез келген жерде жүре беретін буын үшін жаңа шешім, сонымен қоса құрылыстағы, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы секторларындағы кәсіпқойлар үшін ең қиын жағдайлардың өзінде ең жоғары мобильділікті ұсынады.
Мәлімделген техникалық талаптарды қанағаттандыру үшін инженерлер 3 жаңа техникалық талап әзірледі: жүруі қиын жабысқақ топырақта іліністің бар күші үшін «экстремалды батпақ» (XMud), балшық пен қиыршық таста жүру үшін «экстремалды балшық» (XDirt), қиын жартасты ландшафтта жүру үшін «экстремалды тастар» (XRock).
Барлық үш талап терең ізді, балшықты шығаруға арналған өзектері бар және сатылы шеті бар бұжыртабанның арқасында жүзеге асады. Бұл бедері дөңгелектің құмда, балшықта және қиыршық таста жоғары өтімділігін сақтауға көмектеседі.
Блогының шетінің дөңгеленген жиектері, бұжыртабандағы кеңірек ойықтар және оның негізіндегі тар ойықтар қиыршық таспен жүрген кезде тастарды жылдам өткізуге көмектеседі және дөңгелектің тесілуіне, және олардың бұжыртабанда қалып қоюына жол бермейді.
Ірі тастармен жүрген кезде дөңгелекте әр түрлі бұрышта орындалған жиектеріндегі кішкентай жырашықтар түйіскен жерінде жоғары ілініс береді. Қабырғалар сериясы дөңгелекті қиын ландшафтты жерде сенімді ете отырып, дөңгелектің бүйір жағын тастармен, қиыршық тастармен бүлінуден сақтайды. Бұдан өзге дөңгелектің үш қабатты құрылымы қосымша тесілуден қорғау күшін береді.
Бұл дөңгелектердің негізін қалаушымен салыстырғанда, оның құм мен қиыршық тастағы жұмыс сипаттамасы әрбір жағдайда 5%-ға жақсартылған, ал жартасты ландшафт пен қарлы жолда - 10%! Grabber X3 құрғақ және сулы жол төсемінде өзін тамаша ұстайды. Шуыл жағынан сипаттамасы жақсарды.
GeneralTireGrabber X3 қазақстандық нарықта Continental ресми дилерлерінде 19 өлшем түрінде қолжетімді болады. Барлық өлшемдер 160 км/сағ. дейінгі жылдамдыққа бекітілген.
Жаңа GrabberAT3 үшін GeneralTire инженерлері дөңгелектің жұмыс сипаттамасын жақсартатын және дөңгелектің шуылы бойынша сипатамасын жақсарта отырып, және жоғары төзімділігін қамтамасыз ете отырып, жол және жолсыз жерлерде ілінісу сенімділігін беретін үш жаңа технология әзірледі.
“TracGen” технологиясына иінінің ашық дизайны, әзірлеушілер «тартым қалтасы» деп атайтын тартым жотасының күші және түрлі бұрышта орындалған дренаж жырашықтары кіреді. Ерекшеліктерінің бұл қисыны бұжыртабанның өзін тазалау қабілетін көтереді, жұмсақ жолмен байланысын жақсартады және меңгеріктің кез келген күйінде, және түрлі ауа райы жағдайында жолмен сенімді түйісуді қамтамасыз етеді. |
“DuraGen” технологиясы тік құламалы бұралаң бұрылыстары бар қиын ландшафтты жағдайда өтімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Арнайы жасалған бампері тастардың ламелінде тұрып қалып, дөңгелекті бүлдірмейтініне көз жеткізе отырып, бұжыртабанның жырашық асты қабатын қорғайды, ал мықты болат белдіктері дөңгелектің өтімділігін көтеруге көмектеседі. |
“ComfortBalance” технологиясы асфальт пен жолсыздықта жайлылық қайшылығын жоюда әзірлеушілердің жетістігін көрсетеді. Қаттылығы төмен адым блогы геометриясының тепе-теңдігі, адым ортасындағы әдейі өзгертілген блоктардың орналасуы дөңгелектің дірілін азайтады, бұл жолсыз жерде жүруді жайлы етеді, сонымен қоса тегіс жолтабанды қамтамасыз етеді. |
Сулы және құрғақ асфальтта жаңа Grabber AT3 өзінің негізін салушысы сияқты өзін жоғары деңгейде көрсетті, осыған қоса қардағы тарту күші біршама жақсартылған. Жолсыз жерде қолдануда балшықта және сулы шөпте өтімділігі жақсартылған. Бұдан басқа, дөңгелек өзінің негізін салушыға қарағанда бұжыртабанының зақымдануына жоғары қарсыласуын көрсетті.
Барлық маусымға арналған дөңгелек ретінде Grabber AT3 оның қарлы жолда қауіпсіз қолданыла алатынын растайтын M+S және қарлы тау белгілері бар.
Таяуда қазақстандық нарықта 15 және 20 дюймдік 40 өлшем түрі ұсынылады. Осы дөңгелектің барлық өлшемдері 240 км/сағ. дейінгі жылдамдыққа бекітілген.
Continental компаниясы адамдар мен жүктің мобильділігін қамтамасыз ету үшін зияткерлік технологиялар әзірлеуде. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сенімді серіктесі, автомобильдер үшін толымдаудың халықаралық өнім берушісі және дөңгелек өндіруші ретінде компания экологиялық қауіпсіз, сенімді, ыңғайлы, жеке және қолжетімді шешімдер ұсынады. 2016 жылы бес бөлімшеден тұратын концерн: «Жүріс бөлігі және қауіпсіздік» (Chassis & Safety), «Салон жабдығы» (Interior), «Трансмиссия» (Powertrain), «Дөңгелектер» (Tires) және ContiTech, 40,5 млрд евро айналымға қол жеткізді және бүгінгі күні 55 елде 220 000 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр.
Дереккөз: Continental AG