Алдағы қысқы маусым Michelin маркасы дөңгелектерінің қазақстандық табынушыларын өлшем түрі диапазонын 100-ден астам атауға кеңейте отырып, Michelin Latitude X-Ice North 2+ қысқы бүртабанды дөңгелектерінің және Michelin X-Ice 3 қысқы үйкелісті дөңгелектерінің қосымша өлшем түрлерімен қуантады.
Осылайша, мысалға, қолданыстағы 48 өлшем түрі бола тұра, Michelin Latitude X-Ice North 2+ өлшем қатары соңғы жылдары шығарылған шанақтағы Porsche Cayenne автомобилінің артқы осі үшін 275/50 R19 және 305/40 R20 өлшемдерімен, сондай-ақ BMW X5/X6 және Porsche Panamera автомобильдерінің артқы осіне 315/35 R20 өлшемімен толықтырылады. Ал 63 атаудан тұратын Michelin X-Iсe 3 өлшем түрлерінің қолданыстағы пулы алдағы маусымда Volkswagen Tiguan жаңа буын көлігіне арналған– 215/65 R17 бір өлшем түріне кеңейеді.
Біздің құрметті әуесқой автомобильшілерімізге қысы қатал елдер үшін Michelin қысқы жеңіл сегментінің бұл екі флагманы несімен ерекшеленетінін еске саламыз.
Michelin Latitude X-Ice North 2+
2014-2015 жылдары өткізілген Michelin компаниясының ішкі сынау тестілеріне сәйкес Latitude X-Ice North 2+ моделі алдыңғы Latitude X-Ice North 2 моделіне қарағанда бірқатар басымдықтарға ие болды.
Michelin Latitude X-Ice North 2+ дөңгелегінің қысқы бүртабанды моделінде қысы қатал елдер үшін әзірленген бірнеше алдыңғы қатарлы технология жинақталған:
Термобелсенді резеңке қоспасымен ұсынылған ThermoActive Tread Compound 2.0. Ол бүртабанның сенімді бекітілуін арттырады және мұз басқан жол төсемінде тамаша ілінісуді қамтамасыз етеді. Одан өзге, XIN2+ дөңгелегінің компаунды қоршаған орта температурасына байланысты, төмен температурада қатты болып, дөңгелектің жолмен түйісу нүктесінде бүртабанның қысымын арттыру есебінен мұздағы ілінісуді жақсарта отырып, өз сипаттамасын өзгертуге қабілетті.
Flex-Ice 2.0. Осы технология бойынша әзірленген бұжыртабанның сыртқы қабаты силикамен күшейтілген. Осылайша, резеңке қоспасы төмен температурада икемділігін, және плюстік температурада – қажетті түрде қаттылықты сақтайды.
«Катамаран». Мұндай атауға технология дөңгелек пен оның қаңқасының қабаттарының ерекше құрылымының арқасында ие болды, оның арқасында бүртабандар 10%-ға берік және бекем тұратын болды. «Катамаран» сондай-ақ бүйірі мен бұжартабанның зақымдануға беріктігін күшейтуге және басқарылуын жақсартуға мүмкіндік берді. Үлкен және ауыр автомобилі бола тұра, бұл қасиеттерді бағаламау мүмкін емес.
Michelin X-Ice 3 үйкелісті қысқы дөңгелегі алдыңғы буын модельдерімен салыстырғанда бірқатар сипаттамаларында тиімдірек болып шықты. Мысалы, мұзда тежеу 7%-ға, ал мұз басқан жол төсемінде - 17%-ға артты.
Тиімділік апргрейдіне сондай-ақ бұжыртабан блоктарын орналастырудың жаңа сұлбасы, Z-тәріздес ламель-сорғылар және кетілген жиектері жатады. Michelin X-Ice 3 моделінің ғаламдық түрленуіне сондай-ақ силиканың көп мөлшерінен тұратын және бұжыртабанның, жалпы дөңгелектің өнімділігіне оң әсер ететін жаңа Flex-Ice резеңке қоспасы жатады. Ал IronFlex технологиясын (беріктігі және икемділігі жоғары қаңқа тармағы) пайдалану және бүйірінің ерекше құрылымы Michelin X-Ice 3 дөңгелегінің беріктігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді.