+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Michelin тозған дөңгелектерді таңбалауды ұсынады

Michelin тозған дөңгелектерді таңбалауды ұсынады

17.29.2022

Michelin тозған дөңгелектерді таңбалауды ұсынады

 

Француздық Michelin дөңгелегін өндіруші тағы да тозған дөңгелектер үшін таңбалауды енгізу мәселесін қозғады. Оны бұған итермелеген Клерман-Ферранаға жақын жердегі Ладудағы өз трегінде өткізілген 24 түрлі модельдің тозған дөңгелектеріне жүргізген жабық сынақтың қорытындысы еді. Тест бұжыртабанның қалыңдығы сыни (1,6 мм) мөлшерге жақындағанда, дөңгелектің кейбір модельдерінің сулы жолда тежеу жолының ұзындығы 80 км/сағ-тан 20 км/сағ дейінгі жылдамдықта (төмендегі кестені қараңыз) тежеу кезінде 60 метрге жететінін көрсетті.

 

ЕС сертификаттаудың ағымдағы стандарты бойынша жаңа дөңгелектер «отын үнемділігі», «шуыл деңгейі», «сулы асфальттағы ілінісуі мен тежеу» сияқты сипаттамалары бойынша А-дан F-ке дейінгі сыныптарға бөлінеді, ал бұл жағдайда бұжыртабанның қалыңдығы 7 мм болуы мүмкін. ЕС-таңбалаудың бағалауына сәйкес «ілінісуі мен тежеуі» А сыныпты дөңгелектердің тежеу жолында «F-дөңгелектерден» 18 метрге дейінгі қашықтыққа айырмашылық болады, әрине, екіншісінің пайдасына емес.

 

Бұған қарамастан, Michelin Еуропа Одағындағы стандарттау жүйесі жеткілікті түрде сенімді емес екендігіне күмән келтірмейді, себебі дөңгелек бұжыртабанының желінуіне қарай тежеу жолы қашықтығының номиналды қашықтықтан айтарлықтай айырмашылығы болады.


Француз дөңгелек өндірушілерінің ойынша, барлық дөңгелектер үшін өнімділік деңгейі төмен болып келетін ресми түрде сыни белгісі болуы тиіс. Бұл түзетуді ескере отырып, дөңгелек тестілеуі бұжыртабан күйінің екі жағдайында – оның қалыңдығы 7 мм (ал спорттық үшін – 5 мм) құрайтын жаңа күйінде және тозған күйде – қалдық қалыңдығы кемінде 1,6 мм болғанда өткізілуі тиіс.

 

Michelin тозған дөңгелектерді таңбалауды ұсынады    Michelin тозған дөңгелектерді таңбалауды ұсынады

 

Автомобильшілерге, көбінесе сарапшы болмай тұрып, пайдаланылған дөңгелектерді сатып алған кезде оның сулы асфальтта тежеу тиімділігін және ілінісуін бағалау аса қиын, себебі бұл сипаттамалар серпінді болып табылады – дөңгелектің пайдалану мерзіміне байланысты. Алайда дөңгелектің пайдалануына қарай теңселу кедергісін де («отын үнемділігі») ескермеуге болмайды.

 

Дөңгелек сипаттамаларының (жаңа күйінен – тозғанға дейін) жоғарыда айтылған нашарлау нюанстарын ескере отырып, Michelin компаниясы өзінің барлық дөңгелек өніміне жаңа таңбалау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

 

Алайда Michelin өткізген түрлі санаттағы 24 дөңгелектің тестілеуіне қайта оралайық.

 

Бұл сынақтардың қорытындысы «сулы төсемдегі ілінісуі» бойынша А рейтингімен дөңгелектің бір моделінің тежеу жолы тозған күйінде жаңаға қарағанда екі есе ұзағырақ болатынын көрсетті. Қысқасы – тозуына қарай А сыныпты жаңа дөңгелек нақтысына келгенде В сыныпты, болмаса одан да төмен сыныпты дөңгелекке айналады. 

 

Дөңгелектің өнімділігінің бұжыртабан қалыңдығына тәуелділігі

 

Пайдаланылатын дөңгелектердің нақты өнімділігі жөнінде ақпараты болмай, автомобильшілердің көбі бұжыртабанның сыни мөлшерге дейін тозуын күтпей, жаңасын сатып алады. Мұндай үрдіс, Michelin ойынша, экология және үнемдеу тұрғысынан тиімді емес. Бұлай ойлауға негіз болған - зерттеу барысында автомобильшілердің көпшілігі дөңгелекті бұжыртабан қалыңдығы 1,6-2 мм астам болғанда ауыстыратыны анықталған Michelin зерттеулері. Нәтижесі – дөңгелекті өндіру көп шикізат мөлшері мен энергия шығынын талап еткендіктен, орасан зор қалдық мөлшерінің жиналып қалуы. Michelin пайымдауынша, егер жүргізушілер дөңгелектерді барлық өнімділігінің қолайлы қорын жүріп өтетін болса – бұл дөңгелек өндіру көлемін жылына 400 млн. бірлікке төмендетеді, ал бұл кезде өндірілетін және ауаға шығарылатын көмірқышқыл газ көлемі («Жылыжай эффектісін» қараңыз) 35 млн. тоннаға дейін қысқарады.

 

Еуропада 5 жыл бұрын енгізілген дөңгелектерді стандарттау жүйесі сатып алушылардың дөңгелекті таңдау рәсімін қысқартуы тиіс еді. Алайда соңғы зерттеулерді ескере отырып, Michelinнің осы жүйені жетілмеген және жақсартуды қажет етеді деуге барлық негізі бар. Бұдан басқа, бұл шаралар тек дөңгелек өндірісі мен оны сертификаттау органына ғана қатысты болмай, сараптау ұйымдарының дөңгелектерді сынақтан өткізу тәртібін өзгертуі, сондай-ақ тұтынушылар құқығын қорғау одақтарының жұмысын жетілдіруі тиіс.

 

Michelin компаниясының коммуникация жөніндегі менеджері Сириль Роже, дөңгелектің қауіпсіздік деңгейін бағалау кезінде тек бұжыртабанның қалдық қалыңдығын ғана емес, сондай-ақ оның сипаттамаларының өзара байланысын ескеру қажеттігіне сенімді. Осындай өнімділік пен қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету мысалы ретінде Michelin компаниясының өнімін айтуға болады, өйткені дәл оның дөңгелектері әлемде ең тозуға төзімді ретінде белгілі. Оларды бұжыртабан қалыңдығы 1,6 мм жеткенде пайдалануға жарамсыз деуге болады. Және де тек осы жағдайда ғана Michelin өз сатып алушыларына дөңгелектерін жаңа дөңгелекке ауыстыруды ұсынады.

 

С. Роженің өкінішіне орай, еуропа нарығындағы (әлемдік нарықтағы да) дөңгелектердің барлығы өнімділігінің осындай көрсеткішімен таңдандыра алмайды. Дәл осы себепті Michelin тозған дөңгелектерді бағалау және таңбалаудың жаңа жүйесін енгізуді ұсынады.