+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Michelin: уақыттан оза отырып

Michelin: уақыттан оза отырып

17.30.2022

Move'On Michelin 2017 - Что нового рассказала и показала Michelin на конференции в Монреале

 

 

Бибендум 2018 - ...

Монреальда (Канада) өткен және Michelin компаниясының дамуына арналған Movin’On 2017 маусым айындағы конференциясында қатысушылардың назарына «бибендум» - 1898 жылдан бері Michelin компаниясының барлық жарнамалық материалдары мен өнімімен қоса жүретін дәстүрлі дөңгелек адам ұсынылды.
 
Өзінің атауымен «дөңгелек адам» ежелгі римдік ақын Горацийге борышты. Горацийдің император Августке мадақ өлеңіндегі латын тілінен аударғанда «Енді алып қою керек!» дегенді білдіретін «Nunc est Bibendum!» фразасы кейіннен Michelin брендінің синонимі болды. Алғашқыда ежелгі римдік ақынның нақыл сөзі дәл Michelin компаниясы Еуропадағы және бүкіл әлемдегі автожарыстарға бастау бергенін ескере отырып, «жеңіс үшін алып қою» контекстіне ойдағыдай кіріккен еді. Және де олар сол жарыстарға тікелей қатысты, ал болидтер Michelin дөңгелектерімен көптеген жеңістерге жеткен еді.
 
Біршама уақыттан кейін, Michelin компаниясының негізін қалаушы ағайынды О’Гэлоппалар «мастық» жақсылыққа апармайды деп шешіп, бастапқы тұжырымдамаларынан бас тартты. Осылайша, келбетін жетілдіре отырып, бибендум сүйкімдірек, оптимист, жағымды және өз аудиториясына жақынырақ бола бастады.
 
 
Постер Michelin, 1898 г.  История бибендума
 
Michelin компаниясы Movin’On 2017-де көрсеткен бибендумның (немесе тағы «мишлен-мэн» деп аталатын) жаңа нұсқасы логотиппен қоса жүретін компанияның ұраны сияқты – оның философиясы мен жайғастырылымын білдіреді: «Ең жақсы жол – ол алға ұмтылыс». Алайда, егер логотип өзгермеген болса, онда жылулық пен оптимизмді таратып, қолын алға созған дөңгелек адам клиентті өзімен инновация жолын және болашаққа деген ұмтылысты бөлісуге шақыратын тәрізді.
 
Жаңарту компанияның маркетингтік стратегиясын да шеткері қалдырмады. Егер бұрында Michelin клиентті өз әлеміне шақырса, енді Michelin өнімі клиенттің ең жақсы сәттері мен өмірлік құндылықтарын қорғап, қоштай отырып, күнделікті өмірінде кездеседі. Michelin бұл бағыттағы алғашқы қадамын 2017 жылдың басында-ақ, «I Need You» жарнамалық бейнеролигін көрсете отырып жасады.
 
 

Vision жобасы

Сол монреальдық конференцияда Michelin жұртқа көптеген жаңа технологияларды біріктірген және ауасыз, органикалық, қалпына келтірілетін және тұтынушы сұранысына икемделетін дөңгелек ретінде бірегей Vision тұжырымдамасын ұсынды. Осылайша, Michelin жақын болашақта дөңгелек өндірісі қандай болатыны туралы ойымен бөлісті.
 
Vision дөңгелектерінің ерекшеліктерінің бірі сол, оны БАСЫП шығаруға болады? Иә, иә, танымал болып келе жатқан үш өлшемді баспа технологиясының көмегімен. Осы ерекшелігінің арқасында дөңгелекті «қайта оқтауға» - тозған жерлерін пайдалануына қарай жөндеуге болады. Michelin мақтанышына қарай, Vision қазіргі сәтте әлемдегі басып шығаратын және қайта басып шығаратын жалғыз дөңгелек. Бұл, біріншіден, шикізаттың жоғары үнемділігін, екіншіден – дөңгелекті пайдалану мерзімінің ұзақтығын және арнайы  қызмет көрсету орындарынан, соның ішінде жүргізуші ондай жерлерден алыста болған жағдайда, тәуелсіздігін білдіреді. 
 
Vision дөңгелегінің өзінің ұялылығымен не маржанға, не теңіз кірпісіне ұқсайтын ғажап ішкі құрылымын жасай отырып, Michelin толығымен табиғи пішімімен жігерленетін. Дәл осындай құрылым Visionға ауаны мүлде қолданбай берілген және тиімді пішімді қолдауға мүмкіндік береді. Оған қоса, «ұялылығы» бұл дөңгелекке көлікті қауіпсіз және жайлы алып жүруге мүмкіндік бере отырып, жарылу мен желінің шығып кетуіне беріктігін қамтамасыз етеді.
 
Концепт Michelin Vision  Концепт Michelin Vision  Концепт Michelin Vision
 
Vision дөңгелегінің бағалығын айта келе, ол онымен қоса ақылды дөңгелек екенін айтпаса болмас. Оның бұжыртабанының суреті тұрақты жайлылық пен қауіпсіздікті қолдай отырып, жол төсеміне икемделеді, ал дөңгелектің құрылымы оның басылымы үшін материалдарды тиімді пайдалану үшін оңтайландырылған.
 
Vision интеллекті осымен бітпейді. Michelin мобильді қосымшасы арқылы дөңгелек иесіне өзінің күйі туралы әр сәтте ақпарат беріп отырады. Бұл ақпаратты жүргізуші 3D принтерді ескеріп, санаулы минуттарда дөңгелектерді түрлі ауа райы жағдайына, жүру ерекшелігіне және жол төсеміне ыңғайлап қайта басып шығаратын жеке күйге келтіру үшін пайдалана алады.
 
Негізінде Vision прототипі жатқан биоматериалдар қайта өңдеуге жарамды және табиғи жолмен ыдырауы мүмкін, бұл экологияға кері әсерін төмендетеді.
 
Visionның не екенін – жасанды механизм немесе организм бе - сенімділікпен айту қиын. Тәжірибелі мақсаттағы жансыз зат бола тұра, Vision дөңгелектің қарапайым өндірісінен біршама ерекшеленетін тәсілмен және материалдармен жасалады; ол өзін жетілдіруге және қайта жасауға қабілетті; ол иесімен тілдеседі; түптеп келгенде, ол жартысынан көбі органикалық материалдардан тұрады. Нағыз ғажап? Неге олай болмасқа.