2017 жылдың басында Детройтта Michelin солтүстік-америкалық бөлімшесі таныстырған жаңа Michelin Pilot Sport 4S шиналары автоөндірушілердің назарын өзіне аудартты. Michelin өзі негізді түрде Pilot Sport 4S аты аңызға айналған Michelin Pilot Super Sport жетістігін қайталап, омологация сараланымында оның орнын басады деп есептейді. Жаңа өнімге автоөндірушілерден біраз өтінімдер түсіп те қойды.
«Автоөндірушілер премиум санатты модельдерді шығара отырып, көбінесе Pilot желісіндегі шиналар жиынтықтарын таңдайтынын таңқала отырып атап өтеміз», — деді Детройтте өткен баспасөз конференциясында Michelin бас директоры Жан-Доминик Сенар. «Michelin Pilot Sport 4S —Pilot модельдік қатарындағы тағы бір тамаша нұсқа, және де алдағы күндері бұл шиналарды аз дегенде автомоблиьдердің 60 моделі үшін жетілдіретін боламыз».
|
Омологацияға алғашқы үміткер Ford Mustang GT автомобилі болды — Pilot Sport 4S аталмыш “muscle car” жаңартылған нұсқасының Performance Package жиынтығына кірді. Шиналардың бейімделген нұсқасы Ford және Michelin мамандарымен бірге дайындалды, әрі алдыңғы өске 255 мм енмен және артқы өсіне 275 мм шамасында орнатылатын болады.
Michelin инженерлері мен технологтарының мақтан етер дүниесі баршылық. Олар Michelin Pilot Super Sport пен Pilot Sport Cup 2 басты қасиеттері мен сипаттамаларын жаңа модельге жетістікпен біріктіріп қана қоймай, оны жақсарта алды: Pilot Sport 4S меңгеріктің бұрылыстарына аса дәлдікпен жауап қатады, ылғал, құрғақ, жалпы кез келген беткі жақпен бойлық және ендік ілінісуді тамаша ұстайды, бұл ретте қауіпсіздік те жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.
Алдыңғы спорттық-бағдарланған модельдер сияқты, Pilot Sport 4S өнімі Michelin күллі әлемге белгілі Formula E, Le Man, WEC және басқалары сияқты чемпионаттар мен сайыстарға қатысатын шиналарды дайындауда пайдаланған технологияны қолдану арқылы жасалды. Michelin үшін автобәйгілерді «табиғи ортадағы зертханалар» ретінде пайдалануы көп жылдық дәстүрге айналып отыр.
Қазіргі күні Michelin Pilot Sport 4S отыру диаметрі 18-20 дюйм аралығындағы 35 типтік-мөлшерде ұсынылған. Жылдамдық индексі — Y, бұл 300 км/сағат шектік пайдалану жылдамдығына сәйкес келеді. Өндіруші мәлімдеген ресурс — 48 000 шақырым. Ұсынылған бөлшек бағасы $233. Еуропа елдеріне сатылымға түсуі – қаңтардың басы; АҚШ — наурыздың ортасы. |
Дереккөз: colesa.ru