+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Michelin X-Ice North 4. Әлдебіреулерден көп бұдыр

Michelin X-Ice North 4. Әлдебіреулерден көп бұдыр

17.30.2022

Michelin X-Ice North 4. Больше шипов чем у кого либо

 

2018 жылдың бірінші жартысында Michelin француз концерні X-Ice North жеңіл модельдік топтамасының ұзақ күткен жалғасы - Michelin X-Ice North 4 қысқы бүртабанды шинасын ұсынды. 

 

Жаңа өнім X-Ice North 3 алдыңғы буын моделінен тіпті бір көргеннен біршама ерекшеленеді: XIN3 шинасында барлығы 96 бұдыр болса, X-Ice North 4 шинасында – 250 және ол тек  205/55 R16 өлшемінде! 

 

 

Расында да, бұдыры өте көп

 

Michelin X-Ice North 4. Алгоритм рассадки шипов

 

Тек бұдыр саны емес, оны орналастыру алгоритмінің өзін елестету қиын: мысалы, 205/55 R16 өлшем түрінде бұдырлар бойлық бағытта 22 жолақта, көлденең бағытта 22 жолақта орналасқан. Алгоритм сонымен қоса орналастыру диаметрінің өлшемімен бейін ұзындығының өсуін ескереді - 245/40 R18 өлшемінде мұндай орналастыру жолағы 30х30, ал бұдыр саны 268 данаға жетеді.

 

Бір таңғаларлығы, олардың ешбірі бір де біріне «ізбе із» түспейді. Яғни шина мұз басқан төсеммен қозғалған кезде әрбір бұдыр мұз жиегін басқамен қиылыспайтын өз траекториясымен ойып өтеді.

 

Бұдырларды осылай отырғызу алгоритмі ілінісу мен тежеу тиімділігін біршама арттырды. Бұдыр орнатудың соны тұжырымдамасының арқасында Michelin X-Ice North 4 сериялық өндіріс кезеңінде-ақ TÜV SÜD пен TestWorld тәуелсіз сараптау ұйымдары өткізген мұзда тежеуге жүргізілген тестілеуде белгілі брендтердің флагмандық бүртабанды модельдерін басып озды.

 

 

 

Ерекше бұдырлар

 

Michelin X-Ice North 4. Раллийные шипы

 

Мұзда ілінісудің үздік сипаттамасына тек бұдырдың көп ерен саны ғана емес, олардың пішіні де әсер етті. Бұл жағынан Мichelin де қарабайыр болып қалған емес, дәстүрден озып, XIN4 бұдырын қос фланецпен және жұмыс жиегінің түйісуінің өткір бұрышты бұдырымен жабдықтады. Бұдырдың осы құрылымына ұқсасын концерн әлем чемпионатының қысқы раллиіне қатысатын шиналардың өнідірісінде қолданады. XIN4 бұдырының жасалғаны сондай, ол тіпті де жол төсемімен түйіспейді – мұзбен түйісуге бұдырдың қатты қорытпалы ұштығы және оның астындағы фланец жауап береді.

 

Мұндай форманың бұдырлары стандарттың бұдырларға қарағанда жылдам ұшталатыны ойға қонымды. Осыны түсіне отырып, Мichelin бұдырдың қорытпасына темірді қосты. Осының арқасында XIN4 бұдыры тозуға, үлкен жүктемеге және қысқы жолдардағы химиялық реагенттерге одан да жақсы қарсы тұратын болады. Бұдырлардың тозу жылдамдығы да олардың шинадағы санын жоғалтады.

 

 

 

Протектор

 

 

MichelinX-IceNorth 4 бұжыртабанының суреті - симметриялық бағытталған сурет. XIN3 қарағанда оның блоктарының сегментациясы төмен, ол ілінісу тиімділігіне жауап беретін жағымды бейіннің ауданын ұлғайтады. Бұжыртабан суретін оңтайландыру, соның ішінде бұдырларды орнату жерінде, сонымен қоса шинадан шығатын шуыл деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Бейіннің орталық бөлігіндегі бұжыртабан блоктары шинаның қарда, құрғақ асфальтта, сулы төсемде және шалшықта басқарылуы мен өнімділігін арттыра отырып, өткір бұрышта бірігеді.

 

Су бұрғыш жүйесі де өзгерді. Ирек пішінде X-IceNorth 3 ламельдеріне қарағанда XIN4 үш өлшемді ламельдері ұзартылған тік учаскелерден тұрады және сыртқы келбеті қосылған тегершікті еске түсіреді. Сенімді көрінеді және қарда ілінісуге, басқарылуына жақсы көмектеседі.

 

Сонамен қоса бұжыртабанның бүйірлік шашкасының ерекше құрылымы мен беті тежеу үшін қосымша бонус береді.

 

   

 

 

 

Резеңке қоспасы

 

Жаңа қысқы бүртабанды Michelin шинасының резеңке қоспасын аз да емес, көп те емес, инновациялық деп айтуға болады – ол Цельсий бойынша -65 градуста қатады. Жол төсемімен тығыз және қауіпсіз түйісуге кепілдік беретін нағыз арктикалық шина.

 

Жаңа резеңке қоспасының артықшылығына сонымен қоса Michelin шиналары дәстүрлі түрде әйгілі болған тозуға қарсы жоғары ресурсты қамтамасыз етіп қана қоймай, біршама отын үнемділігін қамтамасыз ететін соңғы буын эластомерін қолдану жатады.

 

Қазіргі сәтте жаңа қысқы бүртабанды Michelin X-Ice North 4 шиналары отырғызу диаметрі 15-тен 19 дюймге дейінгі өлшем түрлерінде UNITYRE интернет-дүкені мен дөңгелек орталықтарында қолжетімді.