+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг

17.30.2022

 

 

BFGOODRICH — америкалық шина өндірушісі және 2001 жылдан бері MICHELIN концернінің құрамына кіретін бренд. Көбі бұл брендпен бір ғана санатты – жол талғамайтын, соның ішінде жоғары сапалы,  шинаны байланыстырады. Және де ол бекер емес: All-Terrain және  Mud-Terrain модельдік қатарына бастау беріп, және де оларды жаппай өнімге айналдыра отырып, BFGOODRICH кәсіпқойлар мен жолсыздық әуесқойлары қауымдастығының артуын қолдады және өзіне ұлттық офф-роуд чемпионаттарына жол сала отырып, осы күнге дейін олардың дамуына мүмкіндік берді.

 

Бірақ бұл марка жолсыздыққа арналған шиналарға ғана бай емес. BFGOODRICH  сондай-ақ ортақ қолданыстағы жолдан, кейбіреуі тіпті – жарыс трегінен, сирек шығатын автомобильдерге арналған шиналарды да жасап шығарады. Қалада және трассада пайдалануға арналған шиналарға BFGOODRICH-тің  150 жылдығына орай шығарылып, 2020 жылдың басында MICHELIN концерні ұсынған жаңа BFGoodrich Advantage моделі жатады.

 

BFGoodrich жаңа шиналары жеңіл көліктерге, ал оның SUV-нұсқасы — BFGoodrich Advantage SUV — шағын кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерге арналған. Модель еуропалық елдер нарығы үшін жасалған, сондықтан оны әзірлеуге MICHELIN-нің еуропалық ғылыми бөлімшесі қатысып, концерннің тиісті тәжірибесі қолданылды. Өндірушінің жоспарында - 2009 жылдан бері дәл осылай еуропалық нарық үшін шығарылып келген BFGoodrich g-Grip және  g-Grip SUV шиналарын біртіндеп жаңа модельдерге алмастыру.

 

Мұхитқа жақындығынан Еуропа елдерінің көбінде, әсіресе Скандинавияның, Батыс және Орталық, климаты жұмсақ, едәуір ылғалды, жиі жауын-шашынды болып келеді. Жаңа шинаны әзірлеуде концерн осындай жағдайларда маңызды болатын (соның ішінде еуропалық автомобильшілер үшін маңызды) сипаттамаларына үлкен мән бере отырып, еуропалық климаттың осы ерекшелігін ескерді. Оларға сулы төсемдегі жүрісінің жоғары қауіпсіздігі, сондай-ақ жайлылығы мен тозуға төзімділігі жатады. 

 

ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ: 

  • Бұжыртабанның негативті және позитивті бейіндерінің үйлестірілген арақатынасының арқасында құрғақ және сулы төсемдерде тежеу тиімділігі жақсартылған1;  
  • Жаңа Handling plus жүйесінің арқасында сулы төсемде басқарылуы2 2%-ға жақсартылған;  
  • Жаңа резеңке қоспасы шинаның сулы төсемде ілінісу және қауіпсіздік деңгейін еуропалық бағалау жүйесі бойынша А класына дейін көтеріп, олардың шуылын азайтты;    
  • BFGOODRICH-тің америкалық бөлімшесінде әзірленген бұжыртабан суреті отын үнемділігін С-В класына дейін көтерді және түйісу нүктесінің тұрақтылығын жақсартты;  
  • Франциялық концерннің технологиясын қолданудың арқасында Michelin шиналарына тән жақсы тозуға төзімділігі.

 

Қазіргі уақытта BFGoodrich Advantage  жоспарланған 14”-20” диапазонындағы 120 өлшем түрінің орнына  14'' -тен 18''-ге дейінгі диаметрде 97 өлшем түрінде шығарылады. BFGoodrich Advantage SUV өз кезегінде 16''-дан 19''-ды қоса алғандағы диаметрімен жоспарланған 23-тің орнына 17''-ден 19''-ға дейінгі 12 өлшем түрінде шығарылады.    

 

BFGoodrich Advantage

 

 


 

Примечания:

 

1. Тежеу жолындағы айырмашылық (орташа)*:

Дисциплина, шарттары

BFGoodrich Advantage

BFGoodrich g-Grip

BFGoodrich Advantage SUV

BFGoodrich g-GripSUV

80-нен 20 км/сағ дейін сулы төсемде тежеу, ABS қосылған

-2,4 м

0 м

-2,9 м

0 м

100-ден 0 км/сағ дейін құрғақ төсемде тежеу, ABS ажыратылған

-1,5 м

0 м

-1 м

0 м

 

2. BFGoodrich: Advantage пен g-Grip; Advantage SUV пен g-Grip SUV шиналары арасында сулы төсемде* айналымды жүріп өтудің орташа жылдамдығын салыстыру.

 

3. BFGoodrich g-Grip пен g-Grip SUV салыстырғанда.

 

* 2019 жылғы шілде айында Ладу, Клермон-Ферран, Франция, сынақ полигонында MICHELIN Group жүргізген ішкі зерттеулерінің қорытындысы бойынша.