+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Nokian Hakkapeliitta R3 шолуы

Nokian Hakkapeliitta R3 шолуы

17.30.2022

Nokian Hakkapeliitta R3 шолуы

 

 

2018 жылғы қаңтар айында финдық Nokian Tyres компаниясы белгілі Hakkapeliitta R желісін жалғастыратын және қолданыстағы Hakkapeliitta R2 бүртабансыз қысқы флагманын алмастыруға арналған қысқы үйкелісті шинаның жаңа моделін жариялады. 

 

Hakkapeliitta R модельдік қатарының тарихын жалғастыра отырып, жаңа өнім ойға қонымды Nokian Hakkapeliitta R3 атауын алды. Оның Hakkapeliitta R2-ден түпкілікті айырмашылығы Arctic Sense Grip инновациялық тұжырымдамасын пайдалануы болып табылады, ол туралы кейінірек. Тұжырымдама бірлескен жұмысы Nokian Hakkapeliitta R3 шинасының қысқы жағдайда жоғары өнімділігін және басқарылуын қамтамасыз ететін жүйені білдіреді, ол жаңа өнімді алдыңғы модельден біршама ерекшелендіреді. Бірақ аздан бастайық – отын үнемділігінен.

 

 

   

 

 

Егер Hakkapeliitta R2 шинасының шайқалу кедергісінің коэффициенті сол сегменттегі және сол уақытта шыққан флагман-бәсекелестерге қарағанда біршама төмендігін ескерсек, онда  Hakkapeliitta R3 шинасының отын үнемділігі осы көрсеткіш бойынша алдыңғы модельден 5% асып түсіп, және отын үнемділігі бойынша жазғы шиналармен бір қатардан орын ала отырып, одан да жоғары болып шықты. 

 

 

Өндірушінің мәлімдеуінше, Nokian Hakkapeliitta R3 шинасы қауіпсіздік пен жайлылықтың жақсы теңдестірілген теңгерімін білдіреді. Алдыңғы модельдерді әзірлеу тәжірибесін қолдана отырып, Nokian Tyres  Hakkapeliitta R3 шинасы бұжыртабанының суретін оңтайландыру бойынша мейлінше жұмыс жасады, ол көлденең және бойлық ілінісуде жоғары көрсеткішке қол жеткізуге, сонымен бірге қысқы жағдайда шинаның басқарылуын біршама арттыруға мүмкіндік берді. 

 

Hakkapeliitta R3 дизайны  R2 шинасымен салыстырғанда біршама агрессивті шықты. Бұжыртабанды «ламельдеу» жиілігінің артуымен қатар, Hakkapeliitta R соңғы буын шиналарын танымал еткен V-тәрізді су бұрғыш каналдардың саны да өсті. Суыққа төзімді және икемді компаундпен бірге бұжыртабанның жаңа суреті сондай-ақ жүрісінің жақсартылған жайлылығына қол жеткізуге мүмкіндік берді. R2 және R3 арасындағы айырмашылық асфальтта да және қысқы маусымда ауа райының өзгеруінен табиғи жолмен қалыптасатын өзгерістер: асфальт пен мұз арасындағы «биіктіктің ауытқуы», басқа шиналар мен батып кетулердің әсерінен пайда болатын сорап және қарлы немесе мұзды жолдағы соқпақ түзілетін тегіс емес жерлерде де жақсы сезіледі.  

 

 

Обзор Nokian Hakkapeliitta R3. Увеличенное число ламелей  

Nokian Hakkapeliitta R3 шинасының алдыңғы модельге қарағанда 3D-ламельдері, соның ішінде ламель-сорғылары көбірек. Осының арқасында сулы төсемде сенімділігі артты, сонымен бірге мұздағы жылдамдық алу-тежеу сипаттамалары да біраз көтерілді.

(ұлғайту үшін суретке басыңыз)

 

Nokian Hakkapeliitta R3 бұжыртабанының суреті мен су бұрғыш каналдары жақсы көрінетін агрессивті сипат алды, ол қардағы және сулы жол төсемдеріндегі өнімділігінің артуына себепші болды.  

(ұлғайту үшін суретке басыңыз)

 

 

Алайда, Hakkapeliitta R3 шинасының қысқа қарсы негізгі басымдылығы – бұл Arctic Sense Grip жаңа тұжырымдамасымен қамтамасыз етілетін тамаша ілінісуі. Тұжырымдама бір механизмдей жұмыс жасайтын үш технологиялық шешімнен тұрады: бұжыртабанның орталық бөлігіндегі ламельдің жетілдірілген жүйесі, резеңке қоспасының құрамындағы үшінші буын Cryo Crystal микрокристалдары және қыстың температуралық жағдайына қарай өзгеретін бейімделме қаттылығымен бұжыртабанның иінді блогы.   

 

Уақыт тексеруінен өткен, жоғарыда аталған технологиялық шешімдердің бірі Hakkapeliitta R модельдік қатарына тән ламельдердің дамыған жүйесі болып табылады. Үшінші буын модельдерінде ламель-сорғылар одан да көп болды. Шинаның жолмен түйісу нүктесінде су бұрғыш және қар мұзын шығару тиімділігі де артты. Нәтиже: сулы жолдағы ілінісудің жоғары сенімділігі. Иін аймақтарында ламельдер санын арттыру сонымен қоса жылдамдық алу және сулы жол төсемінде тежеу динамикасын жақсартты.   

 

Hakkapeliitta R3 шинасының солтүстіктік қысқы үйкелісті шиналарға жататынына қарамастан, жаңа өнім Nokian Tyres шиналарының жұмсақ еуропа қысына арналған кейбір сипатын да – Nokian WR SUV 3 шинасын өндіруде қолданылатын «қарлы құрсақ» (Snow Claws) технологиясын қабылдап алды. «Қарлы құрсақ» Hakkapeliitta R3 шинасының тапталған және күпсек қардағы жұмысының тиімділігін арттырды.  

 

 

Обзор Nokian Hakkapeliitta R3. Концепция Active Grip Sense   Nokian Hakkapeliitta R3. "Снежные когти"

 Active Sense Grip тұжырымдамасы: бұжыртабанның орталық бөлігіндегі ламель-сорғылар сулы төсемдегі ілінісу сипаттамаларын арттырады; Cryo Crystal 3 микрокристалдары мұздағы өнімділігін арттырады; бейімделме қаттылығымен бұжыртабанның иінді блогы басқару орнықтылығы мен жайлылығына жауап береді.

(ұлғайту үшін суретке басыңыз)

 

Nokian Hakkapeliitta R3 "скандинавиялық" шина деп, ал Nokian WR 3 SUV — жұмсақ қысқа арналған шина деп есептеледі. Алайда екі модельді де «қарлы құрсақ»  (Snow Claws) технологиясы жақындатады. Бұжыртабанның дизайнында қолданылатын бұл технология тапталған және күпсек қардағы жоғары өнімділік үшін жауап береді.

(ұлғайту үшін суретке басыңыз)

 

 

Hakkapeliitta R3 бұжыртабаны екі қабатты. Біріншісі – резеңкенің ішкі қабаты – өзінің қатталығы есебінен шинаның орнықты басқарылуын қамтамасыз етеді. Екіншісі – резеңкенің сыртқы қабаты – аздап жұмсағырақ – бұжыртабанның өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді және қызмет ету мерзімін ұзартады. 

 

Hakkapeliitta R3 шинасында Cryo Crystal 3 технологиясы қолданылған. Автоиеленушілерге бұл тұжырымдама Hakkapeliitta R шинасының алдыңғы модельдерінен таныс. Жаңа өнімнің компаундында біркелкі таралған ерекше микрокристалдар Hakkapeliitta R3 шинасының көлденең және бойлық жүктемеде бүртабанды шиналар сияқты мұзда сенімді ұстануына мүмкіндік береді. 

 


 

UNITYRE интернет-дүкендері мен дөңгелек орталықтарында Nokian Hakkapeliitta R3жаңа үйкелісті қысқы шинасы отырғызу диаметрі 14-тен 21”қоса алғандағы өлшем түрлерінде жеңіл автомобильдер үшін қолжетімді.SUVсанатты автомобильдер үшін жаңа өнім сәйкесінше Nokian Hakkapeliitta R3 SUV деп аталады және отырғызу диаметрі 16-дан 21”қоса алғандағы өлшем түрлерінде біздің интернет дүкендерімізде қол жетімді.