31 мамырда Мәскеу жанындағы «Сорочаны» спорт кешенінде Michelin концернінің жаңа өнімі — BFGOODRICH MUD-TERRAIN KM3 батпақты жерге арналған шинасының тыныстырылымы өтті.
BF GOODRICH революция жасамай-ақ, дизайнын тек аз ғана өзгертіп, оның функционалдық элементтеріне көңіл бөлді – қалыңдату есебінен қапталының беріктігін 27%-ға көтерді, марканың кәсіби спорттық желісінде қолданылатын COREGARD MAX 2.0 технологиясын негізге ала отырып, иінді аймағының дизайнын өзгертті.
Сулы асфальттағы, өзен арналары мен өткелдердегі тастарға ілінісуіне алдыңғы буын шиналарының параметрлерімен салыстырғанда ілінісуін 8% жақсартуға мүмкін болған жаңа KRAWL-TEK резеңке қоспасы жауап береді.
Жалпы алғанда, резеңке қоспасы құрамының өзгеруі, блоктарының өлшемі және қапталының жаңа құрылымының арқасында балшықтағы және борпылдақ топырақтағы тарту күші 5%-ға артты.
Шина 0.5 Бар қысыммен тамаша жұмыс істейді, ал таныстырылым кезінде біз машинаны 1.0 Барда да отырғыза алмадық :)
Жаңа өнім отырғызу диаметрі 15-тен 20-ға дейінгі рекордты 42 өлшемде жеткізілетін болады.
Біздің шина орталықтары желісімізде алғашқы шиналар маусым айының аяғында-ақ пайда болады, ал жоғарғы ұсыныс 2018 жылдың соңына қарай қалыптасады.