На этот раз Авто Mail.Ru тестировали шипованные покрышки. В качестве точки отсчета эксперты автомобильного интернет-портала выбрали самые дорогие колеса в размерности 205/55R16 — Nokian Hakkapeliitta 8, которые в этом сезоне российские интернет-магазины продают от 7 000 руб. (≈36 610 тг.) за штуку.
Бұл жолы Авто Mail.Ru бүртабанды дөңгелекқаптарды тестіледі. Есептеу нүктесі ретінде автомобильдік интернет-порталдың сарапшылары осы маусымда ресейлік интернет-дүкендер бір данасын 7 000 рубльден (≈36 610 тг.) сатып жатқан 205/55R16 өлшеміндегі ең қымбат дөңгелек - Nokian Hakkapeliitta 8-ді таңдап алды.
Қолжетімді бүртабанды дөңгелектерден бағасы 2 900-3 600 рубльбен (≈15 167-18 828 теңге) болатын Sava Eskimo Stud (Goodyear компаниясының бюджеттік желісі), ресейлік Кама Euro-519 және Viatti Brina Nordico, корейлік Nexen Winguard Winspike WH62 және қытайлық Sunny Winter-grip SN3860 алды.
Дөңгелек индустриясының өндірістік тәжірибесі бойынша приемиумдық сегментте барлық сипаттамаларында абсолюттік сапалық көрсеткішімен дөңгелек жасау қиын болса, эконом-сегментте одан да қиын. Қысқы бүртабанды дөңгелектерді өндірушілерде бұл нарық тауашасы үшін жол төсемінің тозуына тексеруден сәтті өтетін, бүртабан саны көп болатын (Nokian-дағыдай 190 дана) модельдерді әзірлеуге көбінесе мүмкіндігі болмайды. Алайда, Авто Mail.Ru тесті көрсеткендей, тіпті азайтылған бүртабан мөлшерімен де жақсы нәтиже көрсетуге болады.
«Авто Mail.Ru» редакциясы қардағы және мұздағы сынақтарды поляр шеңберінен әрі өткізді, ал асфальттағы тестілеу екі апталық бағдарламаны Финляндияның оңтүстігінде аяқтады.
Ұзындығы 700 м ратракпен тегістелген қарлы алаңда динамика өлшеулері орындалды. Жылдамдық алу – орнынан 45 км/сағ дыбыстық сигналға дейін және бірден – тежеуішке басу. Өлшеуіш кешен жылдамдық алуды 4-тен 45 км/сағ дейін және тежеуді 44-тен 5 км/сағ дейін белгіледі.
Суық күн райында қардағы тежеудің үздік нәтижесін Nokian Hakkapeliitta 8-ден асып түсіп, Viatti Brina Nordico көрсетті; бұжыртабанының қалыңдығының арқасында ең жылдам жылдамдық алған - Sava Eskimo Stud. Бұл дисциплинада ең нашар болған - Sunny SN3860: машина тіпті жылдамдық алудан да, тежеуден де бас тартты.
Бұл тестілеуде сарапшылар айналым уақытына дөңгелектің қармен ілінісуінің кешенді көрсеткіші ретінде қарады. Сонымен қоса басқарудың сенімділігі, дәлірек айтқанда, Volkswagen Golf-тің жұмсақ және қауіпсіз сырғанауы назардан тыс қалмады. Тестілеудің мақсаты – қарапайым жүргізуші бюджеттік бүртабанды дөңгелектермен жағдайды бақылай ала ма, жоқ па, соны анықтау.
Әр дөңгелек жиынтығында Авто Mail.Ru тестілеушілері үш айналымнан өтті: біреуі танысу үшін және екеуі уақытқа. Содан кейін трассаны тау шаңғылық ратрак жаңалап өтеді. Hakkapeliitta 8-де сынақтан өтетін модельдер 2-3 рет жүріп өткеннен кейін қарлы жолмен ілінісудің өзгеруі бақыланып отырды.
Бес бюджеттік дөңгелектен тек Кама Euro-519 ғана сырғанаған кезде автомобильдің өзін жұмсақ және қауіпсіз ұстауын қамтамасыз етті. Nexen мен Sunny Volkswagen Golf-ті кенеттен сырғанатып, омбы қарға тіреді. Nokian Hakkapeliitta 8, әрине, бюджеттік дөңгелектерге қарағанда шапшаң және бастысы, меңгерікті шектен тыс бұрап немесе бұрылыста тежеуішке басып жиі қателесетін қарапайым жүргізуші үшін өзін түсінетін жүріс көрсетеді.
Қорытынды: Sava Eskimo Stud тұрақсыз жүріс көрсетті: сірә, басқа қысқы дөңгелектерге қарағанда олардың блоктарындағы ламельдері жазғы түріндегідей түзу болуы бекер емес. Мінез-құлқы да сондай – кенет сырғанау және сол сияқты кенет тұрақтану.
Volkswagen Golf Nexen Winguard Winspike-ті кигенде, аз жылдамдықпен бокстен шыға сала, ілінісудің жоқтығы сияқты келеңсіз сезім туды. Трассамен мұқият жүру аса төмен жылдамдықта да омбы қарға тірелуден сақтамады. Қардағы басқарылуы туралы айтудың мәні жоқ, себебі дөңгелектердің өзін ұстауын болжап болмайды.
Секундомерге қарамастан Кама Euro-519-дың жүрісі Nokian-дағыдай жылдам жүріс әсерін береді: реакциясы ырғақты және болжанатын. Сірә, финдық дөңгелектерден көшіріп алынған суретінің арқасында шығар. Сонда да Кама айналым уақытын Sava дөңгелегіне қарағанда 1,3 с төмен көрсетті. Алайда, кенет сырғанаудан Euro-519 дөңгелегінің трассадан шығып кету мүмкіндігі аз болды. Яғни, бұл дөңгелектердің қарда басқарылуы түсінікті еді.
Sunny SN3860 қысқа трассада 12 секундқа кеш келіп және жолмен ілінісуінің нашарлығымен тағы да қысқы дөңгелек ретінде өзін ақтамады. Сарапшыларда бұл дөңгелектер қарда кез келген бұрылысты өтуде қауіпті деген күдік туындады.
Алдыңғы жетекті автомобильдерде қарапайым жүргізушінің ойлағанындай емес, тайғанау оңай. Егер қаладан тыс қарлы жолда 80 км/сағ жылдамдықпен келіп, кенеттен газды жіберсе, онда машина артқы осімен таяды. Бұл бұрылыс кезінде автомобильді бақылауды жоғалтудың ең кең таралған жағдайы. Дәл осындай жағдайды АМР сарапшылары тапталған қарда жасап көрді.
Қорытынды: ең болжанатын Hakkapeliitta 8 базалық дөңгелегі болып шықты. Екінші орында - Кама Euro-519: сырғанауға ауысуының жұмсақтығы сонша, жүргізушінің қатесін түзетуге мүмкіндігі болады. Viatti дөңгелегімен сақ болу керек – таю кенеттен басталуы мүмкін. Sava – көрсеткіштері қалыпты. Nexen-ді болжап болмайды: біресе тайғанайды, біресе кенеттен газ жібергенде сырғанайды.
Қалың қар болмады, сондықтан бір апта бұрын жауған 12 сантиметрлік «ұлпа» қолданылды. Әр бүртабанды дөңгелек жиынтығында 5-тен 15 км/сағ дейін 10 рет жылдамдық алу өткізіліп, орташа нәтиже есептелінді.
Қорытынды: Hakkapeliitta 8 ең үздік атанды. Viatti Brina Nordico V-522 мен суреті Hakkapeliitta 4-тен көшіріп алынған Kama-519 өздерін жақсы көрсетті. Sava Eskimo Stud – орташа нәтиже көрсетті. Ең нашары Sunny: VW Golf тұрып қалып, жүрісті баяу алды.
White Hell полигонында мұзда жылдамдық алу мен тежеу жабық жайда – ілінісу коэффициентіне және соңғы нәтижесіне жел мен күн әсер етпейтін 700 метрлік тоннельде тексерілді. Нәтижесіндегі кемшіліктерді азайту үшін кемінде 15 рет жылдамдық алып, тежеу жасалды.
Тіпті тасбақаның жүрісімен (25 км/сағ) мұзда тежеу қысқы дөңгелектер арасындағы айырмашылықты анықтады: Hakkapeliitta 8-ден кейінгі үздік нәтижемен 4,5 м қашықтық Viatti-ді ажыратты және Nexen-ді – ең нашар нәтижемен. Ал 60 км/сағ жылдамдықта бұл нәтиже ондаған метрге өседі емес пе. Сонымен қоса тежеу жолы Viatti-ге қарағанда 3,2 м ұзағырақ болған қытайлық Sunny SN3960 нашар нәтиже көрсетті. Кама Euro-519 бүртабанының бұжыртабаннан небәрі 0,9 мм биіктігін ескере отырып, мұзда тежеу жолы таңданарлықтай аса ұзақ болмады.
Айналма трассаның мұзы жолға ұқсас болуы үшін, оған арнайы тіркеме мен ұзын жарысқа арналған бүртабаны бар дөңгелектің көмегімен сызат салынды, ал әрбір соңғы айналымнан кейін коммуналдық техника уатылған мұзды тазалап отырды. Автомобильде барлық электронды көмекшілер (АБС, ESP) ажыратылған. Аса ілгір Nokian және Viatti дөңгелектері бұрылыстардағы жоғары жылдамдықтан өзге тайғанаған жағдайда машинаны рөлді бұрусыз газбен алып шығуға мүмкіндік берді.
Viatti Brina Nordico дөңгелегі бұжыртабаннан 1,5 мм-ге шығып тұратын бүртабанының арқасында Hakkapeliitta 8 дөңгелегімен салыстырарлық айналым уақытын көрсетіп, таңқалдырды. Алайда, Viatti-дің осындай бүртабаны қисынсыз қыр көрсетті – асфальттағы сынақтарда модель алдыңғы дөңгелектерінің ондаған бүртабанын жоғалтты. Sava Eskimo Stud біршама «жазғы» мінез танытты: күтпеген кезде сырғанауы және кенет тұрақтануы алдыңғы тестілеудегі оңтайлы көрсеткіштерінен алған жағымды әсерді біраз басып салды. Nexen Winguard Ice дөңгелегімен ілінісуінің төмендігінен Golf боулинг шары тәрізді мұзды трассаның бір шетінен екінші шетіне сырғанады. Sunny Nexen-ге қарағанда өзін біршама болжанатындай ұстады, бірақ бұл дөңгелектермен мұзды учаскелерге тап болмаған жөн – күтпеген жерде тайғанауы мүмкін. Кама Euro-519 бірқалыпты және болжанатын кейіп танытты, алайда жақсы уақыт та көрсетпеді. Тежеу кезінде әлсіз бәсеңденуіне бола онымен бұрылысқа кіру қиын болды.
Бұл дисциплинада нәтижені үлкен олқылықтарды ескере отырып есептеуге тура келді, себебі тректің жасанды суланған бөлігі ілінісу коэффициенті жоғары жаңа асфальт болды, ал «құрғақ» тестілеуге арналған учаскеде ескі төсем қалды.
Viatti-ді, сірә, асыра мақтаған сияқтымыз: сулы асфальтта бұл дөңгелек ең нашар нәтиже көрсетті. Ең қысқа тежеу жолы тестіленетін дөңгелектердің ішіндегі ең қаттысы - резеңке қоспасына бола – Шор бойынша 65 бірл. – Sunny SN3860 дөңгелегінде болды. Бір қызығы – Nexen компаундының осындай қаттылығына қарамастан, осы дисциплинада үшінші орынға ие болды.
Сулы тректе қажақ асфальт, сондықтан уақыт арақашықтығы үлкен емес, бірақ дөңгелектердің жүрісінде айырмашылық бар: бірінде меңгерікті бұруға тура келсе, екіншісінде бұрылыстан асып кетіп, қайта жүруге тура келді. Жасанды сулау ілінісудің өзгеруін бақылаудан босатты, Hakkapeliitta 8-бен басындағы және соңындағы жүріп өтулер 0,1 с дейін дәлдікпен бірдей нәтиже берді.
Айналымдағы ең нашар уақыт – Кама мен Viatti-де. Соңғысына орнықтылығы бойынша балы төмендетілді – меңгерікті үлкен бұрышқа бұруға тура келеді. «Жазғы» резеңке құрамымен қытайлық Sunny үздік атанды. Sava дөңгелектерінде нөлдік аймақ маңайында және меңгеріктің бұруына реакция аса анық емес.
Тіпті қыста қалада және трассада қардан тазартылған асфальт кезігеді. Резеңке қоспа неғұрлым жұмсақ және блоктардағы ламельдер көбірек болса, соғұрлым дөңгелек құрғақ жолда нашар тежейді.
Ең жақсы тежеу жолы - Sava Eskimo Stud дөңгелегінде, ал резеңке қоспасы қатты - Nexen мен Sunny – ойлағаннан нашар болып шықты. Ең ұзақ тежеу жолы Кама мен Viatti-де болды.
Сарапшылар құрғақ асфальтта Volkswagen Golf-тің доға бойынша 110 км/сағ жылдамдықтағы қозғалысының дәлдігін бағалады: меңгерікті бұру қажет пе және машина бұрылыста қалай қозғалады. Түзу бойымен жүрген пилот-тестер шұңқыр мен кедергілерді имитациялап, жолақтан жолаққа кенеттен ауысты. Бірінші кезекте ілінісуді жоғалту және қалыпқа келудің жатықтығына назар аударылды.
Sava дөңгелегі меңгерікті бұруға жай реакциясына қарамастан, құрғақ жолда ламельдерінің арасындағы арнайы резеңке құлыптарының арқасында артық деформациялануына кедергі болатындай болжанатын болып шықты. Viatti дөңгелектері ілінісу артқан кезде барлық төрт дөңгелекпен кенет жұлынып, ұзақ уақыт қалыпқа келе алмады, сондықтан ESP жүйесінсіз оны пайдалану қиындық тудыратын тәрізді. Nexen резеңкесі тағы да тұрақсыз және түсініксіз жүріс көрсетті. Кама Euro-519-ды киген VW Golf қардағыдай жұмсақ ауысу режимін көрсетті, сондықтан аса тәжірибесі жоқ жүргізушілердің қатесін түзетуге уақыты болады.
Бұл сынақ жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда өткізілді. Финдық трассадағы қарлы жолтабан – қалыпты жағдай. Бірақ арзан бүртабанды дөңгелектер осындай жолдарда өзін қалай ұстайды?
Қорытынды: Hakkapeliitta 8 жоғары планка қойды: аздаған жолтабанды машина мүлдем сезбеді. Viatti дөңгелектері шамамен осындай нәтиже көрсетті. Кама Euro-519 қарама-қарсы нәтиже көрсетті – онымен жолтабанды қала сыртындағы жолға шығудан сақтасын. Жүргізушіге тіпті қатты аязда да тігінен жүру үшін біраз тер төгуге тура келеді.
Авто Mail.Ru сарапшылары басып өтуі тиіс діңгектің биіктігі мен үшкірлігіне тәжірибе өткізді – ол үшін екі дөңгелекті тесу қажет болды, бірақ бастысы – оптимум табылды.
Діңгектің биіктігі – 92 ммғ алайда тестерлер оны дөңгелекпен жанасу үшін доғал жағымен қойды. Бұл тесілулер мен тілінудің көбі шұңқырдан емес, тегіс емес жерден жүріп өткенде дискінің дөңгелекқаптың қапталымен жанасуынан болатынына байланысты. Жылдамдық алу бір жерден жасалды, және әр кезде дөңгелекті соққы жаңа жеріне келетіндей етіп бұрып отырды. Тек дөңгелектің соңғы соққысы ғана емес, сонымен қоса әрбір жүріп өтуден кейінгі 35 км/сағ бастап және 5 км/сағ қадаммен күйінің нашарлауы белгіленіп отырды.
Бүртабансыз дөңгелекқаптарды тестілеудегі сияқты, алғашқы болып Nexen дөңгелегі жол берді. Борттық шетінде және қапталы мен бұжыртабан шегінде екі рет тесіліп, бұл дөңгелектер олармен тегіс жолда жүрген дұрыс екенін тағы да растады. Hakkapeliitta 8 эталондық дөңгелегі тегіс емес жерді жүріп өтуде ең үздік жайлылығымен және салмағының аздығымен қуантты, алайда бұны қапталының әлсіздігімен өтеуге тура келеді. Кама Euro-519-да 50 км/сағ және 40 км/сағ жылдамдықта жарық түзіп, тура тесіп өттіғ ал 45 км/сағ қапталының қампайғаны сонша, жаңа дөңгелек алуға тура келетіндей еді. Тесілуге ең төзімді қатты қапталының арқасында ресейлік Viatti Brina Nordico болды.
Қысқа арналған арзан бүртабанды дөңгелектерді ерекше мұқияттылықпен таңдау қажет. Кейбір бюджеттік дөңгелектерде бүртабан өз қызметін үстіртін орындайды. Олар не бұжыртабанға тым батырылған немесе мұзда жұмыс істемейді. Авто Mail.Ru сарапшылары Sunny мен Nexen дөңгелектерінің жүрісін қауіпті деп санайды, сол себепті сатып алуға нұсқа ретінде кеңес етпейді. Тек эталонды Hakkapeliitta 8 бен Euro-519 – оларды кенеттен тайып, сырғанаудан қауіптенбей, ESP қосылмаған (немесе онсыз) автомобильде пайдалануға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Авто.Майл.ру