2025 жылғы қысқы маусымның жаңалығы - WINTER LT класындағы Comforser Winter Pro-Blizzard кез келген қысқы жағдайда қарлы және мұзды жолдарда сенімді ілінісуді, ал жолдан тыс жерде жоғары өтімділікті қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Comforser Winter Pro-Blizzard арсеналында:
-
су басқан учаскелерде және қарлы ботқада (шугада) қауіпсіздікті арттыруға арналған, көптеген ламельдері бар бағытталған протектор өрнегі;
-
13 мм шиптармен шиптелген, шиптеу Германиядағы SITEK жабдығында орындалады;
-
арнайы резеңке қоспасы аса төмен температураларда да серпімділігін сақтап, жолмен ілініс пен көлікті бақылауды қамтамасыз етеді;
-
берік каркас пен күшейтілген бүйір қабырғалар жолсыз жағдайда шинаның төзімділігін арттырады;
-
блоктары шахмат тәртібімен орналасқан өткір әрі агрессивті иық бөлігі қалың қарда және лайда өтімділікті күшейтіп, кез келген бетте колеядан шығу қабілетін жақсартады.
Бұл шиналар қыста жол талғамайтын көлікті тек асфальтта ғана емес, асфальттан тыс жерде де қолданатындар үшін - балықшыларға, аңшыларға, саяхатшыларға, фермерлерге, жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.
Comforser Winter Pro-Blizzard екі нұсқада ұсынылады - шипті және шипсіз.