DAVANTI TERRATOURA A/T - Британияда әзірленген, кез келген жолда жүруге арналған.
Terratoura A/T - бұл лас етікті британдық джентльмен секілді: асфальтта сабырлы, ал одан тыс жерде - батыл әрі шешімді. Трассада жайлылықты бағалайтын, бірақ приключение үшін бұрылып кетуден қорықпайтындар үшін жасалған.
Осы сенімді протектордың астарында не бар:
Ұлыбританияның инженерлік дәлдігі.
Land Rover-дың отанында әзірленген - бұл оның ниетін бірден аңғартады. Қатаң сынақтар, еуропалық стандарттар, қағаздағы графиктер емес, нақты жағдайларға бейімдеу.
Шынайы A/T - “көрсетпе” емес, әрекет.
Агрессивті өрнек қиыршық тас, құм және жеңіл офф-роудта жақсы жұмыс істейді, әрі трассада тұрақты және салыстырмалы түрде тыныш қалады.
Күшейтілген иық аймақтары және қатты бүйір қабырға.
Тастардан бастап бордюрге дейін соққыны “көтереді”. Ал тығыз резеңке құрамы - тозуға төзімділікті арттыру үшін.
Ылғалды жолда да, ыстықта да сенімділік.
Ойластырылған дренаж жүйесі мен тұрақты қоспаның арқасында шина әртүрлі ауа райында бірқалыпты жұмыс істейді - ағылшынның сіркіремесінен бастап қазақстандық күнге дейін.
Қысқы қолдануға сертификатталған (3PMSF таңбасы - “тау бейнесіндегі қар ұшқыны”).
3PMSF белгісі шинаның қардағы ресми сынақтардан өткенін және қысқы жағдайда лайықты ілініс көрсететінін білдіреді. Демек, тек құрғақ асфальтта немесе топырақта ғана емес, ауа райы күрт құбылатын кезде қысқы жолдарда да сенімді жүруге болады.
Шина профильдік басылымдардан оң пікірлер алып, бірқатар тәуелсіз тесттерге қатысқан. Солардың ішінде 4x4 Magazine сынақтары ерекше аталады. Terratoura A/T жолсыз жерде жоғары мүмкіндіктері және ылғалды асфальттағы тұрақтылығы үшін атап өтілген. Журналистер терең ізтабан-колеяда өзін сенімді ұстауын, сондай-ақ қала ішінде шу деңгейінің төмендігін ерекше көрсетті - бұл all-terrain санатында сирек кездесетін қасиет.
DAVANTI TERRATOURA A/T - әмбебаптықты таңдап, бірақ сападан бас тартпайтындар үшін.
Ұлыбританияда әзірленген. Біздің жолдарға лайықталған.