Ең басты мәселе тудыратын суық деген пікір қалыптасқан. Жалған. Басты мәселені тудыратын ауыспалы температураның ауытқулары. Біресе плюс, біресе минус, ал нәтижесінде жарықшақтарға кірген су қатып, оларды жыртады. Жарықшақтар ұлғаяды, тереңдейді, көбейеді. Су құлыпқа, нығыздауыштың саңылауларына, әйнек жиектеріне кіреді де, мұзға айналып, олардың жұмысын әлсіретеді. Қыстың басты қатері осы. |
Бытует мнение, что самые главные проблемы несет холод. Неправда. Главные проблемы создают переменные температурные колебания. То плюс, то минус, а в результате попавшая в трещины вода, замерзая, разрывает их. Трещины разрастаются, углубляются, множатся. Вода затекает в замки, в щели уплотнителей, в рамки стекол, превращаясь в лед, парализует их работу. В этом главное коварство зимы. |
Автомобильдің негізгі элементтеріне не болатынын рет-ретімен қарастырайық. |
Но давайте по порядку посмотрим, что происходит с основными элементами автомобиля. |
Бояу сырлау цехынан шыққанда ғана мінсіз болады. Өмірде автомобильдің сырты ұсақ сызаттардан тұрады. Бұл микрожарықшақтар полирольмен толтырылған кезде шанақ жарқырап тұрады. Қыс – шанақты қосымша сынауға қолайлы жыл мезгілі. Еру-қату, су-мұз циклдері лакты-сырлы жабынының міндетті түрде зақымдануына әкеп соғады. Жарықшақ металға тигенде, тотығу химиялық реакциясы жүреді де, коррозия ошағы пайда болады. Шанақты тот баса бастайды. Автомобильді аязда ыстық сумен жуу температураның күрт ауысуына себеп болады. Полироль мен қорғайтын балауыз қолдана отырып, шанақтың бетін сақтауға болады. Препараттар да жеткілікті, алайда қылшақпен қарды тазалау қажеттілігі күнделікті дерлік туындайды. |
Краска безупречна только на выходе из окрасочного цеха. В жизни поверхность автомобиля представляет собой скопище мелких царапин. Кузов сияет, когда эти микротрещины заполнены полиролью. Зима — идеальное время года для того, чтобы подвергнуть кузов дополнительным испытаниям. Циклы оттаивание-замерзание, вода-лёд неизбежно приводят к повреждению лакокрасочного покрытия. Когда трещина коснется металла, начнется химическая реакция окисления и возникнет очаг коррозии. Кузов начнет ржаветь. Резкий перепад температур вызывает мойка автомобиля на морозе горячей водой. Сохранить же поверхность можно, применяя полироль и защитный воск. Препаратов в избытке, но и необходимость счищать щеткой снег присутствует чуть ли не ежедневно. |
Шанақтың төменгі жиектері үнемі дөңгелектен ұшатын құм аймағында болады. Шашыратқыштар біршама қорғайды, бірақ олардың өзі қарда жұлынып қалуы мүмкін. Көбінесе автомобиль өндірушілері жиектерді пластик қаптамамен жабады, ал қызмет көрсету стансаларында оларға қосымша қиыршық тасқа қарсы бүркеу жағады. |
Постоянно в зоне летящего из-под колес песка находятся пороги кузова. Какое-то спасение приносят брызговики, но они сами рискуют быть оторванными на снегу. Нередко автопроизводители закрывают пороги пластиковыми накладками, а на станциях обслуживания наносят на них дополнительно антигравийное покрытие. |
]
Олар бәрінен бұрын қыста жолға себетін құмнан зардап шегеді. Нәтижесінде – әйнектегі сырылу, тұнықтығын жоғалту, көмескілену. Әрине, құмды агрессияға алдыңғы әйнек көбірек ұшырайды. Олар бұдан да қатты соққыны қабылдайды, мысалы, жол жөндеушілердің салғырттығынан жолдың жүретін бөлігіне шашылған құмда кездесетін дөңгелектерден ұшатын тиектер мен тастар. Әйнек тазалағыш құмды алдыңғы терезе әйнегінен сүртеді, сондықтан олардың құрғақ жұмыс істеуін болдырмауға тырысу қажет. Әйнек жуғыш сұйықтық туралы ұмытпаңыз. Айтпақшы, суыққа төзімділігі бойынша ол да қоршаған ауа температурасына сәйкес келуі тиіс. |
Они страдают, прежде всего, от попадающего на них песка, которым зимой посыпают дороги. Результат — потертости на стекле, потеря прозрачности, замутнение. Разумеется, наиболее подвержены песчаной агрессии лобовые стекла. Они принимают удары и посильнее, например, от вылетающих из-под покрышек шипов или камешков, которые встречаются в плохо просеянном песке, попадающем на проезжую часть из-за небрежности дорожников. Дворники растирают песчинки по лобовому стеклу, поэтому нужно стараться избегать их работы всухую. Не забывайте о стеклоомывающей жидкости. Кстати, по морозоустойчивости она тоже должна соответствовать температуре окружающего воздуха. |
Қатты пластик қырғыш та әйнекті сырады. Кейде жаңа сызаттар салғанша, мұздың еруін күткен жөн. Бүйір жақтағы терезелер жиектерінде қатып қалатыны бар. Тіпті қататыны сонша, электр жетегі оларды орнынан қозғалта алмайды. Сақтандырғыштар күйіп кетеді. Күш салса, түсіретін пластик тұтқалар шатынауы мүмкін. Көтеретін механизмде бекітілетін әйнек ұстағыштың жұлынып кеткен кездері есімде. |
На стеклах оставляют царапины и жесткие пластиковые скребки. Иной раз лучше дождаться оттаивания льда, чем добавлять новые царапины. Боковые стекла имеют еще свойство примерзать в проемах. Да порой так, что электропривод не может их сдвинуть с места. Предохранители горят. Пластиковые ручки опускания при чрезмерных усилиях могут треснуть. Помню случаи, когда вырывался держатель стекла, в котором оно фиксируется на подъемном механизме. |
Әйнекке әйнек тазалағыштың қылшақтары да қатып қалады. Көбінесе бұл қар жауған кезде, қызып тұрған автомобильдің алдыңғы терезесіндегі қар еріп, түнде мұз боп қатқан кезде болады. Аязда әйнек тазалағыштың резеңке жолақтары икемділігін жоғалтып, әйнекті нашар тазалайды. Сондықтан әйнек тазалағышты капоттың конфигурациясы мүмкіндік берсе, түнгі уақытта көтеріп қоюдың мәні бар. Қылшақты капот ашылғанда ғана көтеруге болатын автомобильдерде, әдетте, қылшақты тік күйінде орнататын режимі болады. Ол үшін қозғалтқышты өшіргеннен кейін әйнек тазалағышты қосыңыз да, содан кейін оларды әйнектен алып көтеріңіз. |
Примерзают к стеклам и щетки стеклоочистителя. Наиболее часто это случается в снегопад после ночной стоянки, когда разогретый автомобиль еще не остыл, а снежинки на лобовом стекле превратились в воду, которая за ночь замерзла. В мороз резиновые полоски стеклоочистителей теряют эластичность, они хуже чистят стекло. Поэтому есть смысл отводить дворники от стекла на время ночной стоянки, если, конечно, это позволяет конфигурация капота. На тех автомобилях, на которых, казалось бы, щетки можно приподнять только при открытом капоте, как правило, есть режим установки щеток в вертикальном положении. Для этого включите стеклоочиститель после остановки двигателя, а уже потом отведите дворники от стекла. |
Қыста қолданылатын техникалық тұз бен көктайғаққа қарсы реагенттер дөңгелек пен аспа элементтеріне жақсы емес. Автомобилімнің дөңгелегі жол қызметі өңдеп өткен асфальтпен жүріп өткеннен кейін қара із қалдырып боялатынын бірнеше рет байқадым. Бөлшектеріндегі тот басу ошағын байқау үшін автомобильді көтергішпен көтеру жеткілікті. Жолға себілетін тұз компоненттерінің резеңке тығыздама, тозаңдық және көмкерменің қызмет ету мерзімін қаншалықты қысқартатынын айту қиын. Бірақ, агрессивті ортаның олардың ұзақ пайдаланылуына мүмкіндік бермейтіні анық. |
Ничего хорошего не несут используемые зимой техническая соль и противогололедные реагенты шинам и элементам подвески. Неоднократно замечал, что шины моего автомобиля после поездки по обработанному дорожными службами асфальту начинали краситься, оставляя на ладони черные следы. Достаточно поднять автомобиль на подъемник, чтобы заметить очаговую ржавчину на деталях. Насколько солевые компоненты, которыми поливают дороги, сокращают жизнь резиновых сальников, пыльников и манжет, сказать сложно. Но очевидно, что агрессивная среда не способствует их долговечности. |
Сонымен бірге амортизатордағы қоюланған жұмыс сұйықтығы да алғашқы шақырымдарды өте қатқыл етіп, олардың сипаттамасын түпкілікті өзгертеді. Меңгерікпен басқарудың буындасқан элементтері икемділігін жоғалтады, меңгерік қатты болып қалады. Меңгерік күшейткіші біраз мәселені шешкендей болады, бірақ күшейткіші жоқ машиналарда және онымен қоса бұрамдықты механизмімен, қатты аязда меңгерікті бұру қиындайды. |
Также не нужно забывать о том, что загустевшая рабочая жидкость в амортизаторах в корне меняет их характеристики, делая первые километры поездки очень жесткими. Теряют подвижность сочлененные элементы рулевого управления, руль становится тугим. Усилитель руля отчасти справляется с проблемой, но на машинах без усилителей и в придачу с червячным механизмом, в хороший мороз повернуть руль непросто. |
Келеңсіздіктерді болдырмау үшін, жетектердегі және меңгерік күшінің топсаларындағы резеңке қорғаныс қаптарының күйіне көңіл бөлген дұрыс. Агрессивті балшық, оның үстіне құммен бірге, қорғалмаған торапқа түсіп, оны тез арада істен шығаруы мүмкін. |
Чтобы избежать неприятностей, рекомендуется следить за состоянием резиновых защитных чехлов на приводах и шарнирах рулевых тяг. Агрессивная жижа да еще с песком, попав в незащищенный узел, очень быстро может вывести его из строя. |
Аязда оның майы қоюланады, ал суықтай қосу ресурстарды қысқартады. Әр түрлі есептеулер бойынша бір рет суықтай қосу 100-300 шақырым жүргенмен тең. Осылай қосу кезінде аккумулятор батареясына жүктеме түседі, содан кейін оған қуатын қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек болады. Қысқы пайдалану кезінде және аз жүрген кезде қозғалтқыш толық қызбайды да байытылған қоспада жұмыс істейді, бұл отын шығынын көбейтеді, жану камерасында күйе пайда болады. |
На морозе в нем загустевает масло, а холодные пуски сокращают ресурс. По разным подсчетам, один холодный пуск равен пробегу 100–300 километров. При таком запуске с нагрузкой работает аккумуляторная батарея, которой затем требуется больше времени для восстановительной зарядки. При зимней эксплуатации и небольших пробегах двигатель не прогревается полностью и работает на обогащенной смеси, что вызывает повышенный расход топлива, образование нагара в камере сгорания. |
Дизель қозғалтқышының отын жүйесінде солярканың қоюлану қаупі бар, дәлірек, қоректендіру жүйесі арналарын және сүзгілерді бітеп тастайтын парафиндердің кристалдануы болады. Жанармай бекеттерінде сатылып бітпеген жазғы дизель отыны қалуы мүмкін күзгі-қысқы кезеңде қауіп ұлғаяды. Бұл туралы «За рулем» журналы бірнеше рет жазған болатын. |
У топливных систем дизельных двигателей существует опасность загустевания солярки, точнее, кристаллизация парафинов, которые забивают фильтры и каналы системы питания. Риск возрастает в переходный осенне-зимний период, когда на заправочных станциях может оставаться нереализованное летнее дизтопливо. Журнал «За рулем» не раз писал об этом. |
Для подстраховки рекомендуется добавлять в дизтопливо депрессорные присадки. Кстати, их экспертиза также проводилась нашим журналом. |
Сақтандыру үшін дизель отынына селқостандырғыш қоспалар қосу ұсынылады. Айтпақшы, олардың сараптамасын да біздің журнал өткізді. |
Мүмкін, дәл дизельмен жүретін машиналардың иелерінің қысқы мезгілде өздеріне қосымша қамқорлық жасау қажеттігінен дизельмен жүретін көлік аса көп пайдаланылмайтын шығар. |
Возможно, именно дополнительные заботы, которыми обременяют себя владельцы дизельных машин в зимнее время, не прибавляют популярности частному транспорту на дизеле. |
Суық маусым басталар алдында тәжірибелі автомобилистер тұтқырлығы біраз төмен мотор майын құяды. Бензинмен жүретін моторға біреулер сақтық жасап, жаңа тұтану білтесін қояды. Аса аязды күні моторды үрлемеу үшін, жасанды радиатор торын тығыз матамен жауып қою керек. Ең болмағанда салқындату жүйесі радиаторының алдында орнатылған картон қиығы да жарайды. Желдеткіштің қалағын зақымдамау үшін оны дұрыс бекіту маңызды. |
В преддверии холодного сезона опытные автомобилисты заливают рекомендованное моторные масло чуть меньшей вязкости. В бензиновые моторы кто-то для перестраховки ставит свежие свечи зажигания. В особо морозные дни, чтобы мотор не продувало, можно прикрыть фальшрадиаторную решетку плотной тканью. В крайнем случае подойдет и просто кусок картона, установленный перед радиатором системы охлаждения. Важно правильно его закрепить, чтобы исключить повреждение крыльчатки вентилятора. |
Қысқы тайғақ жолмен жүріп келе жатқандай, барлығын асықпай істеу қажет. Суық машинаны ешқашан орнынан жұлқымаңыз. Ақырын жүріспен қозғалтқыш пен трансмиссия біраз қызсын, бөлшектерінің қозғалғыштығы байқалсын. Дегенмен, қыстағы басты шаруа – автомобиліңіздің негізгі және ең қымбат бөлігі болатын шанақты сақтау. |
Зимой все надо делать неторопясь, словно идешь по обледенелой дорожке. Никогда не рвите с места на холодной машине. Пусть на медленном ходу немного прогреется двигатель и трансмиссия, появится подвижность в деталях. Впрочем, главная забота зимой — сохранить кузов, основную и самую дорогую деталь вашего автомобиля. |
Владимир Соловьев, "За рулём"журналының онлайн-редакциясы | Соловьев Владимир, онлайн-редакция журнала "За рулём"