+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Корзина пуста

Каталог
0
Корзина 0 тг
2016 жылдың жаңалығы: фрикциялық Goodyear UltraGrip Ice SUV қысқы шиналары

2016 жылдың жаңалығы: фрикциялық Goodyear UltraGrip Ice SUV қысқы шиналары

17.29.2022

Қазақша | Русский
 
 
Жаңа фрикциялық Goodyear UltraGrip Ice SUV (Гудиер УльтраГрип Айс Сюв) қысқы шиналары жол талғамайтын көліктерге арнап жасалған және қатаң қыс мезгілі жағдайында пайдалануға керемет оңтайландырылған. Жаңалықтың басты ерекшеліктерінің бірі – арнайы резеңке қоспа. Аталмыш қоспа аса төмен температураның өзінде иілгіштігін сақтап қалуға қабілетті. Осының арқасында қатты аязда шиналардың сыртқы жағы ілінісу мен қауіпсіздіктің қажет деңгейін сақтай отырып, жол жабынының кедір-бұдырын «жауып өтуін» жалғастыруда.
 
Goodyear UltraGrip Ice SUV бұғатталып қалатын ламель жүйесімен жабдықталған. Ол шиналардың қар басқан жерлердегі іліністі күшейте отырып, асфальттағы бұрылыстардан қауіп-қатерсіз өтуді қамтамасыз ететін қаттылықты сақтап қалуына мүмкіндік береді. Осы ерекшеліктің арқасында жаңа Goodyear қысқы шиналары SUV санатындағы ауыр автомобильдер үшін аса қолайлы.
 
 
 
Goodear UltraGrip Ice SUV
 
 
UltraGrip Ice SUV шиналарын жасауда уақыттың сынынан өткен, шинаның жолмен байланысқан тұсында қысымның бөлінуін біршама біркелкі қалыпқа түсіретін ActiveGrip технологиясы қолданылды, әрі ол түрлі жағдайларда басқару мен тежелудің тиімділігін жақсартады.
 
Өзге де қолайлылықтар үшін шиналар қар ұшқыны түріндегі тозу индикаторымен жабдықталған. Ол пайдалану барысында өшіріле береді және доңғалақ тысының тозу дәрежесін еш қиындықсыз қадағалауға мүмкіндік береді.