|
|
“Автомобили Казахстан” басылымы қазақстандық брендтер нарығында танымал шиналардың төрт жазғы жиынтығының басын қосып, басты шамаларын өлшеуден өткізе отырып, жұмыс барысында талай қызықты дүниелерге қанық болды. Сынақтан өткізушілер: Роман Масленников, Алмаз Төлеке.
Биыл Қазақстанның ауа-райы мерзімінен бұрын шуағын шашып тұр. Резеңке ауыстыру үшін шина монтаждау орнына жазылуға әбден болады. Ал егер жаңа жинақты әлі таңдамаған болсаңыз, елімізге танымал 185/65R15 мөлшерлі «жаздың» төрт нұсқасына шолу ұсынамыз.
|
Тестілеуден өткен шиналр тізімі:
Тестілеу зертханасы – бұл кез-келген тип пен маусымға тән доңғалақ тысын тестіден өткізуге мүмкіндік беретін Финляндиядағы сынақ полигоны. Жазғы тестілер мынадай тәртіптерден тұрады: ылғал/құрғақ асфальттағы тежелу, ылғал асфальттағы басқарылу, жайлылық пен шу, аквапландауға төзімділікті өлшеу, сонымен қатар теңселуге қарсылық пен отын шығынына жүргізілген тестілер көмегімен үнемді доңғалақ тысын анықтау.
|
Басқарылуы
Тестілер ылғал тректе жүргізіледі. Трасса бейіні, егер жеткілікті деңгейде жылдам жүретін болса, шинаны ілінісу шегінде жұмыс жасауға мәжбүрлейтіндей етіп жобаланған. Су алаңға қажетті көлемде автоматтандырылған суару жүйесі арқылы беріледі.
Созылмалы бұрылыста Bridgestone резеңкесіндегі машинаны көршілес жолаққа дейін жылжытып тастауға болады. Еппен, сәйкесінше баяу жүреміз. Оған қоса күрт бұрылыстағы еңістіктер байқала қоймайды. Hankook барынша жылдам жинақ ретінде қабылданады. Шиналардан шығатын шу баршылық, қарсыласады, алқынады, гуілдейді, алайда ылғалды жабында өзін барынша сенімді түрде ұстай біледі.
|
Тежелу
Тежелуге ашық алаңда жүргізіледі. Автокөлік 100 км/сағ дейін қарқын алады да, аппаратура аталмыш жылдамдыққа жеткеніміз жайлы белгі береді – бұл толық тоқтағанға дейінгі «еденге жеткізе» тежелудің белгісі. Біз әрбір жинақта 10 тежелу сынағын жүргіземіз. Сонымен бірге референстік бар. Аппаратура сынаушының реакция уақытын және тежелу қашықтығын тіркейді. Ылғал асфальттағы бұл сессияда шеткі нәтижелер елеулі алты метрлік айырмашылыққа қол жеткізеді.
|
Аквапландау
Жолдың ылғал бөлігінде жылдамдықты асыра сілтеу басқарудың жоғалуына алып келуі мүмкін, ол кезде дөңгелектер «жүзе бастайды» және машина көтергіште ілініп тұрғандай, руль жеңілдеп кетеді. Доңғалақ тысы қатты жабынмен байланысқа түспейді, автокөлікті бақылауға алу толығымен немесе ішінара жоғалады. Аквапландауға тозған протекторлы және қысымы қате енгізілген тыстардың тез ұшырайтыны есте болсын.
Жылдамдық жоғарылаған сайын ылғал трассадағы аквапландау ықтималдығы да жоғары болады. Қандай жылдамдықтарға дейін осы әсерге қарсы тұра алатындығын 7 миллиметрлік су қабаты басқан алаңда анықтадық. Мұндай жағдайда биіктік, компаунд, сурет және протектор сәулеті сияқты технологиялардың қалай жұмыс жасай бастайды. Ең үздік нәтиже алдыңғы дөңгелектер жол жабынының үстіңгі бетінде жүзе бастайтын ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Бұл тәртіпте 80 км/сағ. нышанына жетпестен барлығынан жылдамырақ Bridgestone жинағы «жүзіп шығады».
|
Шу және жайлылық
60 км/сағ жылдамдық, жасанды ой-шұңқырлы трассамен жүру: люктерді, шұңқырлар, шағын-шағын орлар, дөңес жерлер имитациясы. Мұнда жайлылық құрамдастарын бағалаймыз. Әрі қарай 100 км/сағ дейін жылдамдықты күшейтеміз де, жоғары беріліске өтеміз және акустикалық жайлылықты субъективті тұрғыдан бағалаймыз. Оның артынша – белсендендірілген жүйе жағдайындағы рульдің апатқа қарсы жұмысы, азаматтық тәртіптердің имитациясы.
|
Үнемділік
Жанармай шығынын өлшеу әдістемесі – белсендендірілген круиз-бақылаумен бірге 80 км/сағ тұрақты жылдамдықта 10 км арақашықтықты өту. Теңселуге қарсыласу коэффициенті (тест ISO 28580 зерттеу әдісі бойынша зертхана жағдайында жүргізіледі) шинаның жолмен ілінісуі кезінде туындайтын, доңғғалақ тысының түр өзгертуі кезінде қуаттың жұмсалуын көрсетеді. Көрсеткіш төмен болған сайын тыс та көп үнемделеді.
|
ҮкімБірінші орында — Nokian Hakka Green 2
Ұпай саны жөнінен Nokian Hakka Green 2 жинағы жеңімпаз деп танылды. Таңқаларлық жағдай емес. Бұл төрттіктегі ең соңғы ұсынылған үлгі. Жаңалық көпшілік назарына тестілерді өткізу кезінде ұсынылды.
|