+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Корзина пуста

Каталог
0
Корзина 0 тг
Isuzu D-Max экстрим-нұсқасы Nokian шинасын алды

Isuzu D-Max экстрим-нұсқасы Nokian шинасын алды

17.29.2022

 
 Isuzu D-Max
 
 
Isuzu D-Max Arctic Trucks AT35 — 2 нұсқада – ұзартылған және қос кабиналы — қолжетімді Arctic Trucks тюнингіндегі танымал пикаптың жаңа моделі. Arctic Trucks-тің жаңа өнімі  2,5 литрлік турбодизельді қозғалтқыштан тұрады және сатып алушыларға аксессуарларының түрлілігімен стайлинг үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.
 
 
 Isuzu D-Max
 
 

 
«Isuzu D-Max өзінің премьерасынан кейін – 4 жыл бұрын – сәтті модель атанды. Ол жайлы салонының, керемет жүк көтергіштігі, бағасының төмендігі мен иелері үшін ұтымды кепілдік шарттарының арқасында мүмкін болды, - дейді Isuzu британдық бөлімшесінің бас басқарушысы Уильям Браун (William Brown). -  Arctic Trucks AT35 жол талғамайтын көліктің абсолютті теңдесі жоқ қабілеттері мен қатыгездеу сырт келбетін қоса отырып, D-Max –тің барлық басым жақтарын сақтап қалды. Біз оның қарапайым жүргізушілер мен корпоративтік клиенттер арасында да көптеген табынушыларын жинайтынына үміттеміз».
 

 
 
 Isuzu D-Max
 
 
 
Автомобильдерді экстремалды жағдайларға дайындауға мамандандырылған Arctic Trucks тюнинг-ательесі Nokian-мен көптеген жылдар бойы бірлесіп қызмет етіп келеді. Nokian-мен бірлесе отырып, Arctic Trucks   Hakkapeliitta қысқы бағытының арнайы нұсқасын әзірледі, дәлірек - 315/70 R17 өлшеміндегі Nokian Hakkapeliitta LT2 AT35 қысқы шина моделі.  Сол себепті  Isuzu D-Max жаңа нұсқасы үшін финдық өндіруші шинасы - Nokian Rotiiva AT-тың таңдап алынуы ешқандай да кездейсоқтық емес.