|
|
BFGoodrich бізді әзірлеу сатысындағы MUD-TERRAIN KM3 шиналарын тестілеп, оларды қолданыстағы батпақты жерге арналған MUD-TERRAIN KM2 резеңкелерімен салыстыру үшін Юта штатына шақырды.
|
Біз күн сайын өзіміздің мекенжайымызға көптеген оғаш хаттар аламыз. Америкалық дәріхана ұйымдарынан, егер біз жай ғана өзіміздің нақты мекенжайымызды және әлеуметтік желіміздің деректерін берсек, бізге өзінің мұрасын қалдырмақ болған шығыс шейхтарынан, немесе өнім берушілерді іздестіріп жүрген азиялық қосалқы бөлшектер жеткізушілерінен алған хабарламаларды оқи отырып, біз өзіміздің Off-Road.com жәшігімізде одан қызығырағын көрсек дейміз.
Біздің назарымызға ерекше түскен хабарламаны былтырғы жылы BFGoodrich Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Том Салливаннан алдық – және де басқа хаттарға қарағанда, бақытымызға орай спамға түспеген. Ол хатта BFG бізді жаңа буынның батпақты жерге арналған шинасын тестілеуге шақырған еді, бұл әрине бізді қуантты. Дегенмен бізді, журналистерді, тауарды жалпы жұртшылыққа ұсынғанға дейін көруге жиі шақырады, және де әдетте, біз оларды көрген кезде, олар дайын күйінде ұсынылады, яғни, тестіленбейді, тек сырт келбеті мен атауы ғана өзгереді. Алайда бұл тест BFG батпақты жерге арналған шинасының келесі буынын үздіксіз әзірлей отырып жүргізілді. Мұндайды жіберіп алмауымыз керектігі анық.
|
|
BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3 бұжыртабанының суретін әлі көрсету мүмкін емес болса да, BFGoodrich бізге резеңкенің бүйір жақ құрылымын жақынырақ көруге мүмкіндік берді.
|
|
|
Біз резеңкенің жолмен ілінісу коэффициенті мен Юта штатының автоспорттық кешенінде әр түрлі жасанды кедергілерде BFGoodrich MUD-TERRAIN KM2 және BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3 резеңкелерінің тастақ жерде жүру қабілеттерін сынадық.
|
Өткен жылдың желтоқсан айында, шақыруды қабылдағаннан кейін, біз Джорджия штатына ұшып бара жаттық. Біздің шағын топ жолсыз жерге арналған Дарем кешенінің түрлі жерлерінен жеке-жеке өтіп, трактор сияқты қолданыстағы батпақты жерге арналған BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 және өңдеуден өтіп жатқан BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 (ендігі жерде ресми түрде BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 деп атай алатын) шиналарымен батпақты белшесінен басып (жақын арада жауып өткен жаңбырдың арқасында) өтті. Біз шинаның құрылымына және BFGoodrich инженерлерінің жаңа шиналардан нені талап ететініне түсіністікпен қарауға мүмкіндік берген зор тәжірибе алдық, сонымен қоса бұл BFGoodrich-тің жарысқа түсушілер мен журналистерден резеңкеге берген бағасын алуға мүмкіндік берді.
2016 жылы біз тағы да бір хат алдық. Бұл жолы BFGoodrich BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3-тің соңғы нұсқасының жолмен ілінісу коэффициентін бағалау үшін, оны Юта штатында тестілегенімізді қалады. Көп ұзамай, біз ұшақпен Солт-Лейк-Ситиге беттедік, содан кейін Солт-Лейк-Ситиге жақын жатқан Юта автоспорттық кешеніне бардық. Кешенде тастақ жерлі саябақ бар болғандықтан, бұл бізге резеңкенің жолмен ілінісу коэффициентін тексеруге және BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 резеңкесімен осындай жерді жүріп өту қабілетін тексерудің тамаша мүмкіндігін ұсынды. Біздің бірінші тест-драйвтағыдай, мұнда бірнеше жарысқа түсушілермен және BFG өкілдерімен бірге журналистер болды. Бұл BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 үшін екінші тест-драйв болғанына қарамастан, бұл іс-шаралардың түрі BFG үшін ерекше бір эксперимент болып табылады.
|
|
BFGoodrich MUD-TERRAIN KM2-ні BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3-пен салыстыру (көрсетілген) шинаның екі түрінің де бұжыртабандарының құрамасы мен құрылымындағы айырмашылық туралы нақты көрсетеді. BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 шинасының жақсы болғанына қарамастан, біз іс жүзінде BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 шинасының ілінісу коэффициентінің бірнеше есе артық екенін байқадық.
|
“Біздің өңдеу барысында осындай ішкі сынақтар өткізетініміз белгілі, және де оны осы арқылы табыс табатын және осындай тестіні біздің шиналарымызбен және басқа фирмалардың шиналарымен өткізген адамдарға табыстай отырып, бұл шиналарды жасауда біздің қаншалықты табысқа қол жеткізетінім туралы ең объективті пікір ала аламыз”, - деді Салливан. “Біз қазір BFGoodrich MUD-TERRAIN KM2-ні пайдаланып жатқан адамдардан олардың жаңа буын шиналарынан нені күтетінін естідік, сол себепті бірнеше ай бұрын сіздер біздің шиналарымызды тестілеген кезде, біз батпаққа төтеп беруде жоғары жетістік көрсеткендей болдық, ал ендігі көрсетіп жатқанымыз, ол шинаның жол бетімен ілінісу коэффициенті мен осы резеңкенің сенімділігіне жасалып жатқан тест болып табылады.”
BFG өздерінің инженерлері мен сынақ жүргізетін мамандар тобын шетке қойып, сырттан пікір ала отырып, бірегей тәсіл қолдануда, бірақ бәрі BFG-дің біздің ортақ пікірімізге қандай мағына беретініне келіп тіреледі. Таң қалған біз: Сіз осындай топты қалай жинай алдыңыз?- деп сұрадық.
|
|
BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3 және BFGoodrich MUD-TERRAIN KM2 бойынша тестілеудің барлығы Jeep Wranglers автокөлігімен жүзеге асырылды. Юта штатындағы автоспорт кешенінде өткізілген тестілеу кезінде, шинаның екі түрін де дәлме-дәл бағалау мақсатында, біз шиналарды тиісті қысыммен алдық. Дегенмен, күннің соңына қарай, BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3 шинасының саябақтағы тастақ жерлерден қаншалықты қиыншылықсыз өтетіндігін көру мақсатында, JK шинасының бір жұбының қысымын азайттық.
|
«Бұл көп уақыттан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан және сенімді жігіттер», - деді Салливан. «Бұл жерде өкілдер мен журналистерден кұралған өзіндік құрама және де бұл өзінше бір бірегей тәсіл. Бұл идея бізге маркетинг бағдарламасы мен даму бағдарламасы негізінде келді. Біз: «Біз ұзақ уақыт бірге жұмыс істеген адамдарды тартып, олардың көзқарастарын білсек қалай болады? Ал ақпараттың сыртқа шығып кетуі туралы тым көп уайымдамаймыз, себебі бізде сенім факторы бар» - дедік.
Сондай-ақ, Салливан BFGoodrich BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 пен қолданыстағы BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 арасындағы қандай айырмашылықтарды көретіні туралы кейбір мәселелерді айтып берді.
|
|
Біз әрлі-берлі жүріп өткен тастақ жерлі саябақтан шығып, шиналарды тексеру үшін арнайы Раттлснэйк Галч Трэйл жолымен жүріп өттік.
|
«Менің ойымша, біз осы шинада өзгерткіміз келетін бірнеше жерлер бар, және соның ішінде сатып алушылардан да көп еститініміз, ол бүйір жағынан қандай да бір күштілігін арттыру, біздің қазір қарастырып жатқанымыз да осы», - деді ол. «Тіпті біздің соңғы сынаудан қазіргі сынауға дейін шинаны өңдеу дамытылуда және де сол қарқынмен жалғастырамыз».
BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-тің соңғы тестілеуі кезінде біз бірнеше нәрсені түсіндік. Салливан атап өткендей, шинаның бүйір бөлігін күшейту BFG ұжымы үшін айқын міндет, және BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-те KO2-ге ұқсас оның бүйір бөліктерін құрсайтын бұжыртабаны бар. Бүйір жақ беті құрылымының өзгеруінен басқа (ол туралы біз енді ғана айта алатын... сенім факторы есіңізде ме!), BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 құрамасы BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2-ден біраз ерекшеленеді. Юта штатындағы автоспорт кешеніндегі кейбір тау-тасты кедергілерде, біз әрбір шинаның тасқа қалай ілінісетінін көрдік. Екі шина да құзға шығуға арналған жерде жол бетімен ілінісудің жақсы коэффициентін көрсетті, бірақ BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 іліністі жоғалтқан кезде, шина біраз секірте отырып, оны қиындықпен қалпына келтіруге тырысты, ал BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 тап осындай жағдайда, ілінісуді қалыпты тәсілмен (айналуы көбірек, секіру азырақ) қалпына келтірді.
Юта автоспорт кешеніндегі біздің тестілеу шиналардың толық ауа қысымы болған кезінде жасалғанымен, біз соқпақ жолда төменгі ауа қысымымен тестілеуді жүзеге асырдық. Біз Юта штатындағы Фэйрфилд таулары арасындағы соқпақты жерлермен жалғасқан Раттлснейк Галч Трэйлге аттандық. Бұл бізге BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 мен BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-ті төменгі ауа қысымында, сондай-ақ ол учаскеде қатты жолдар, ауа райынан бүлінген жолдар, және тіпті бірнеше құмдауыт төбешіктер болғандықтан, шинаның сенімділігін салыстыруға мүмкіндік берді.
|
|
Тіркемемен біраз жүргеннен кейін, біз құмдауыт төбелерден өттік. BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ2 және BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 екеуі де жақсы көрсеткіш көрсетті, бірақ BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 шинасының сезімтал шеткі аумағы оған құмды жерде біраз басымдылық береді.
|
BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-ті тестілеген барлық жерде де ол өзін жақсы көрсетті. Тестілеуге қатыстырылған Jeep Wranglers автомобильдерінің көпшілігі 2-дюймге көтерілген болды, және біз алып (265/70 R17) шиналар сынағын жасаған жоқпыз. Алайда, бізде қатысушылар арасындағы BFG-дің бір қызметтік Wranglers-інде 37 жиынтығы болған еді. Бірнеше кедергілерден өткеннен соң және бірнеше басқа кедергілерден өткенде (біз тіпті бір осьті сындырып алдық) BFGoodrich MUD-TERRAIN KM3 жақсы көрсеткіш көрсетті. Қысымы азайтылған BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-ке де бірнеше кедергі өтуге ұсынылды және де олардың агрессивті бүйір жақ аумақтары тастақты жерде қосымша қорғау мен іліністі қамтамасыз етті.
Бізге қиынға соққан фактінің бірі, ол BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-тің тек келесі жылы сатылымға шығатыны болды. BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-тің толықтай жасалуы аяқталғанға жақын қалды, бірақ әлі де өзгерістер енгізілу мүмкіндігі бар. Осылайшы, осындай тестілеулерден кейін, бізді мазалаған мәселе: Осы шиналар эволюциясындағы келесі қадам қандай болмақ?
|
|
BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3-тің дамытуы қалай ілгерілемек? Немесе бұл соңғы түрі ме? Біз толық сенімді емеспіз, сондықтан біз де басқалар сияқты күтеміз... егер бізді BFG кезекті құпия тестілеуге шақырып қалмаса!
|
«Осылайша, бұл шиналардың өзін жақсы жағынан көрсетуі үшін, бірнеше талап қойылады. Құрғақ жердегі ілінісуі, батпаққа қарсыласуы, сонымен қатар бұжыртабанының қатты тозуы керек», - деді Салливан. «Біздің келесі міндетіміз – төзімділікке сынау болып табылады. Біздің оларды кейбір жолсыз жерлердегі кәсіби жарыстарда сынау мүмкіндігіміз бар және олардың қалай өзін көрсететінін көреміз, содан кейін ғана келесі өзгерістерді енгіземіз. Ал содан кейін, келесі жылдың басында, менің ойымша, біз өзіміздің ішкі тестілеу және біз сіздермен бірге жасап жатқан сынаулар нәтижесінде көп ақпарат алып, бірігіп шынайы жақсы өнім шығарамыз деп ойлаймын».
Біз шинаның соңғы түрін көрсетуді және сынауды күтудеміз. Енді бізге BFGoodrich өзінің BFGoodrich MUD-TERRAIN КМ3 шинасының келесі нұсқасына не қосатынын көру үшін, шыдамдылықпен күтуіміз керек.