+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Корзина пуста

Каталог
0
Корзина 0 тг
Р. Цитлоу Goodyear шиналарымен әлем рекордын жаңартты

Р. Цитлоу Goodyear шиналарымен әлем рекордын жаңартты

17.29.2022

Қазақша | Русский
 
 
 
 
6 күн 9 сағат және 38 минут ішінде 15 145 шақырым — Магаданнан Лиссабонға дейін — танымал автосаяхатшы Райнер Цитлоудың (Rainer Zietlow) рекорды осындай. Рекорд орнатуға сонымен қатар Цитлоу командасын құраған оператор Мариусо Бьела (Marius Biela) және журналист Петр Баканов қатысты.
 
 
 
 
Сапар барысында Райнер командасы 7 елдің аумағын басып өткен, ал ең күрделі телім балшық пен қиыршық тас басқан, ұзақтығы 3 000 шақырым болатын Ресейдің Қиыр Шығысындағы қайғылы оқиғаларымен белгілі «Дорога костей» болды. Саяхаттың өн-бойында Goodyear шиналары қолданылды: жолдың 70%-ы Goodyear Wrangler HP All Weather шиналары салынған VolksWagen Touareg машинасымен өтілді, алайда Магадан-Якутск телімі үшін автомобильге бүйір жағы кевларлы күшейтілген Goodyear Wrangler All Terrain Adventure орнатылды.
 

 
«Райнер және оның командасын жаңа әлемдік рекорд орнатуымен құттықтаймыз. Бұл олардың кезекті жетістігі! — деді Алексис Бортолуцци (Alexis Bortoluzzi), Goodyear еуропалық бөлімшесінің маркетинг жөніндегі директоры. — Wrangler әулеті шиналарының Райнер саяхаты үшін үздік таңдау болғанын дәлелдейтін осындай жетістікке жетуге үлес қосқанымызды мақтан етеміз».
 

 
 
 
 
Райнер Цитлоу жаңа рекорд орнатқанына деген қуанышын жеткізіп, «кез-келген, тіпті жолдағы ең күрделі жағдайларды жеңіп шығуға қабілетті сенімді шиналары үшін» Goodyear-ге алғысын айтты. «Болашақ саяхаттарым үшін Goodyear-ді таңдайтыным анық», - деп аяқтады сөзін ол.