+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Cart is empty

Catalogue
0
Cart 0 тг
Автомобили Казахстан: 205/55 R16 (2016) жазғы шиналарын тестілеу (қазақ тілінде)

Автомобили Казахстан: 205/55 R16 (2016) жазғы шиналарын тестілеу (қазақ тілінде)

17.29.2022

 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)
 
“Автомобили Казахстан” басылымы қазақстандық брендтер нарығында танымал шиналардың төрт жазғы жиынтығының басын қосып, басты шамаларын өлшеуден өткізе отырып, жұмыс барысында талай қызықты дүниелерге қанық болды. Сынақтан өткізушілер: Роман Масленников, Алмаз Төлеке.
 
Биыл Қазақстанның ауа-райы мерзімінен бұрын шуағын шашып тұр. Резеңке ауыстыру үшін шина монтаждау орнына жазылуға әбден болады. Ал егер жаңа жинақты әлі таңдамаған болсаңыз, елімізге танымал 185/65R15 мөлшерлі «жаздың» төрт нұсқасына шолу ұсынамыз.
 
Автомобили Казахстан: 205/55 R16 (2016) жазғы шиналарын тестілеу (қазақ тілінде)  

Тестілеуден өткен шиналр тізімі:

  • Bridgestone Ecopia EP150
  • Hankook Kinergy Eco K425
  • Michelin Energy XM2
  • Nokian Hakka Green 2
 
Тестілеу зертханасы – бұл кез-келген тип пен маусымға тән доңғалақ тысын тестіден өткізуге мүмкіндік беретін Финляндиядағы сынақ полигоны. Жазғы тестілер мынадай тәртіптерден тұрады: ылғал/құрғақ асфальттағы тежелу, ылғал асфальттағы басқарылу, жайлылық пен шу, аквапландауға төзімділікті өлшеу, сонымен қатар теңселуге қарсылық пен отын шығынына жүргізілген тестілер көмегімен үнемді доңғалақ тысын анықтау.
 
Полигонда жұмысқа бар ынтаңмен кірісіп кетіп, қыстың қалай келіп қалғанын байқамай қалуыңыз да мүмкін. Нақты кесте болғаны маңызды. Бірінші күн – бұл гараждағы жұмыс – шиналарды сәйкестендіреміз – таңбалануы, салмағы, қаттылығы, протектор биіктігі... Одан кейінгі апта – бұл өлшеу сынақтарын өткізген сағаттар мен жүздеген шақырымдар. Жазғы сессияның кезінде ғана автокөлік шамамен жүз рет доңғалақ ауыстырған. Сондықтан сынақ жүргізушілердің бірі: «Осы жолы 17-дюйм емес, 15-дюйм болғаны қандай жақсы, бұрынғысы арқама жаға қоймады...», - деп дұрыс айтыпты. Аталмыш өлшемдерді жоғары дәлдіктегі спутниктік аппаратура және өзге де өлшем аспаптары әдістері тіркейді. Полигон мамандары аппаратура баптаулары аясында тек қана консультациялық қолдау жасауға жауапты. Осылайша, бізді қандай да бір шина өндірушісі тартып отырған жоқ.
 
Оған қоса тестілерді жүргізу кезінде негіз құраушы фактор нәтижелердің тұрақтылығы болып табылады. Егер жұмыс барысында ауа температурасы бір-екі градустан асатын шамаға ауытқитын болса, біз тестіні келесі күнге шегереміз және өлшеуді қайтадан жүргіземіз. Мысалы, бұл жолы соңғы доңғалақ тысын сынау кезінде тежелуді өлшеуде аппаратурадан қате кеткен. Деректер сақталынды, алайда қайта жүктеу мен түзетуге уақыт кетіп қалды. Осы уақыт ішіндегі температура үш градусқа төмендеді. Келесі күні барлық жинақтардың тежелуіне сынақтарды қайта жүргізуге тура келді. Басқаша жасай алмадық. Тесттердің объективтілігі – басты міндет. Мұнда сонымен бірге әртүрлі елдердің өзге басылымдарының сынақтары да жүргізілуде. Біздің ортақ міндетіміз – бір-бірімізге кедергі келтірмеу, кестені сәйкес түрде жоспарлаймыз.
 
Бұл жолы агрегаттасығыш есебінде Skoda Rapid Spaceback әмбебапты таңдадық – бұл да Қазақстанда шығарылатын үлгі.
 
 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)  

Басқарылуы

Тестілер ылғал тректе жүргізіледі. Трасса бейіні, егер жеткілікті деңгейде жылдам жүретін болса, шинаны ілінісу шегінде жұмыс жасауға мәжбүрлейтіндей етіп жобаланған. Су алаңға қажетті көлемде автоматтандырылған суару жүйесі арқылы беріледі.
 
Созылмалы бұрылыста Bridgestone резеңкесіндегі машинаны көршілес жолаққа дейін жылжытып тастауға болады. Еппен, сәйкесінше баяу жүреміз. Оған қоса күрт бұрылыстағы еңістіктер байқала қоймайды. Hankook барынша жылдам жинақ ретінде қабылданады. Шиналардан шығатын шу баршылық, қарсыласады, алқынады, гуілдейді, алайда ылғалды жабында өзін барынша сенімді түрде ұстай біледі.
 
 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)  

Тежелу

Тежелуге ашық алаңда жүргізіледі. Автокөлік 100 км/сағ дейін қарқын алады да, аппаратура аталмыш жылдамдыққа жеткеніміз жайлы белгі береді – бұл толық тоқтағанға дейінгі «еденге жеткізе» тежелудің белгісі. Біз әрбір жинақта 10 тежелу сынағын жүргіземіз. Сонымен бірге референстік бар. Аппаратура сынаушының реакция уақытын және тежелу қашықтығын тіркейді. Ылғал асфальттағы бұл сессияда шеткі нәтижелер елеулі алты метрлік айырмашылыққа қол жеткізеді.
 
 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)  

Аквапландау

Жолдың ылғал бөлігінде жылдамдықты асыра сілтеу басқарудың жоғалуына алып келуі мүмкін, ол кезде дөңгелектер «жүзе бастайды» және машина көтергіште ілініп тұрғандай, руль жеңілдеп кетеді. Доңғалақ тысы қатты жабынмен байланысқа түспейді, автокөлікті бақылауға алу толығымен немесе ішінара жоғалады. Аквапландауға тозған протекторлы және қысымы қате енгізілген тыстардың тез  ұшырайтыны есте болсын.
 
Жылдамдық жоғарылаған сайын ылғал трассадағы аквапландау ықтималдығы да жоғары болады. Қандай жылдамдықтарға дейін осы әсерге қарсы тұра алатындығын 7 миллиметрлік су қабаты басқан алаңда анықтадық. Мұндай жағдайда биіктік, компаунд, сурет және протектор сәулеті сияқты технологиялардың қалай жұмыс жасай бастайды. Ең үздік нәтиже алдыңғы дөңгелектер жол жабынының үстіңгі бетінде жүзе бастайтын ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Бұл тәртіпте 80 км/сағ. нышанына жетпестен барлығынан жылдамырақ Bridgestone жинағы «жүзіп шығады».
 
 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)  

Шу және жайлылық

60 км/сағ жылдамдық, жасанды ой-шұңқырлы трассамен жүру: люктерді, шұңқырлар, шағын-шағын орлар, дөңес жерлер имитациясы. Мұнда жайлылық  құрамдастарын бағалаймыз. Әрі қарай 100 км/сағ дейін жылдамдықты күшейтеміз де, жоғары беріліске өтеміз және акустикалық жайлылықты субъективті тұрғыдан бағалаймыз. Оның артынша – белсендендірілген жүйе жағдайындағы рульдің апатқа қарсы жұмысы, азаматтық тәртіптердің имитациясы.
 
Мұндағы ең байсалды жинақ ретінде Michelin-ді, «момын» тыстарын таңдап алдық. Жайлылық құрамдауышы орташа деңгейде. Апатқа қарсы бұлтарыстарды орындау кезінде машина сырғанап кетуге барынша икемді. «Орын ауыстыру» бұлтарысын орындау, өз жолағына қайта оралу кезінде Skoda жүргізушіден рульді қосымша тұрақтандыруды талап ете отырып, құйрығын бұлғаңдатады. Nokian жабында жақсы жүреді, ол кедергілерді апатты айналып өту кезінде рульдің минималды базалық қозғалыстарын талап етеді. Акустикалық фон жайлылық деңгейінде, тегіс емес жерлермен жол жүру жайсыздық туғызбайды. Bridgestone сонымен бірге ой-шұңқырлы жерлерде жайлы, оған қоса салонда онша жағымды емес акустикалық фонды туғызады.
 
«Апатқа қарсы қимылдарды» орындау кезінде Michelin жинағымен салыстырғанда барынша көп күресуге тура келеді. Шектеудегі автокөліктің жүріс-тұрысы онша айқын емес, тұрақтандыру жүйесі жүру процесіне жиі араласады. Hankook шуды көбірек туғызады, алайда өзгелермен салыстырғанда тегіс емес жерлермен барынша жайлырақ алып өтеді. Жоғары жылдамдықтағы «орын ауыстыру» кезінде машина өзін өктемдеу ұстайды, шиналардың бұрылуы Bridgestone-мен салыстырылады – яғни, ертерек басталады. 
 
 
Автомобили Казахстан: Тест летних шин размера 185/65 R15 (2016)  

Үнемділік

Жанармай шығынын өлшеу әдістемесі – белсендендірілген круиз-бақылаумен бірге 80 км/сағ тұрақты жылдамдықта 10 км арақашықтықты өту. Теңселуге қарсыласу коэффициенті (тест ISO 28580 зерттеу әдісі бойынша зертхана жағдайында жүргізіледі) шинаның жолмен ілінісуі кезінде туындайтын, доңғғалақ тысының түр өзгертуі кезінде қуаттың жұмсалуын көрсетеді. Көрсеткіш төмен болған сайын тыс та көп үнемделеді.
 
 
Nokian Hakka Green 2  

Үкім

Бірінші орында — Nokian Hakka Green 2

 
Ұпай саны жөнінен Nokian Hakka Green 2 жинағы жеңімпаз деп танылды. Таңқаларлық жағдай емес. Бұл төрттіктегі ең соңғы ұсынылған үлгі. Жаңалық көпшілік назарына тестілерді өткізу кезінде ұсынылды.