+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Cart is empty

Catalogue
0
Cart 0 тг
Gute Fahrt: 205/55 R16 (2016) барлық маусымға арналған шиналарын тестілеу (қазақ тілінде)

Gute Fahrt: 205/55 R16 (2016) барлық маусымға арналған шиналарын тестілеу (қазақ тілінде)

17.29.2022

 
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)
 
Жыл сайын қыстан кейін күн жылынып, қар азая бастайды, жүргізушілер шиналарын ауыстыру үшін уақыттары мен қаражаттарын жұмсау қажеттілігіне тап болады. Жүргізушілердің біразы осы қажеттіліктен арылуға қуана келісетіндіктен, барлық маусымға арналған шиналарды сатып алу аса қызығарлықтай жайт болып табылады.
 
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)
 
Мысалға, Michelin, көптеген жылдар бойы барлық маусымға арналған шиналарға қарсы болған еді, алайда жуық арада компания өзінің CrossClimate моделін барлық мүмкін әдіс-тәсілдермен агрессивті түрде ілгері жылжытуда. Олар, расын айтқанда, оның барлық маусымға арналған емес, қысқы жағдайға бейімделген жазғы шина екенін айтады... Қайтсе де, оны тест нәтижесі көрсетпек. Жаңа беталысты байқай отырып, Еуропада өздерінің кез келген ауа райы жағдайына бейімделген шиналарын Falken, Hankook, Vredestein, Westlake ұсынды және осы сегменттің көшбасшыларының бірі – Goodyear компаниясы. Жаңа өнімдердің өзі-ақ үлкен тест жүргізуге жетерлік, алайда тексеруден өткен Uniroyal от Continental (өздерінің негізгі брендімен ганноверліктер әзірге барлық маусымға арналған шиналарды ұсынған емес) шиналарын да қосу туралы шешім қабылданды. Салыстыру үшін сонымен бірге жазғы (Continental) және қысқы (Dunlop) шиналар алынды. 
 
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)  

Тестіленген шиналар тізімі:

  • Continental ContiEcoContact 5 (жазғы, сынақтан тыс)
  • Dunlop Winter Sport 5 (қысқы, сынақтан тыс)
  • Falken Euroall Season AS200
  • Goodyear Vector 4Seasons gen-2
  • Hankook Kinergy 4S H740
  • Michelin CrossClimate
  • Nokian Weatherproof
  • Pirelli Cinturato All Season
  • Uniroyal AllSeasonExpert
  • Vredestein Quatrac 5
  • WestLake SW602
 
Жазғы жағдайдағы сынақтар Виццоладағы (Италия) Pirelli полигонында өткізілді. Тестте ат күші 184 TDI қозғалтқышымен алдыңғы жетекті Audi A3 седан пайдаланылды. Бастапқы есептеу нүктесі ретінде жаңа Goodyear шинасының нәтижесі алынатын болып шешілді.
 
Жолдың құрғақ бетіндегі ілініс шегіндегі өзін ұстауы, меңгеріктің бұруға реакциясының дәлдігі және т.с.с маңызды болатын басқарылушылыққа жасалған тестте ойлағандай бірінші орын жазғы шинаға тиесілі болды, алайда  Falken, Goodyear, Michelin және Pirelli де өте жоғары баға алады. Қалғандары аса үндесер емес, дегенмен, ілінісі нашарлау  Westlake шиналарын санамағанда, олардың да нәтижесі жақсы.
 
Әдеттегідей, жолдың ылғалды бетінде айырмашылық көп болады, және де мұнда тағы да сипаттамасының керемет теңгерімін көрсететін жазғы Continental шинасы үздік болып табылады. Бұл жолы оған Goodyear мен Hankook ғана жақын нәтиже көрсетті.  Michelin және Falken шиналарының бұрылуы жеткіліксіздеу, бірақ олар өздерін қысқы Dunlop деңгейінде көрсетті, бұл, мүмкін, барлық маусымға арналған шиналардың бірнеше жыл бұрынғыдан жақсырақ болғанын көрсететін шығар.
 
Жолдың құрғақ бетіндегі басқарылушылықты бағалау    Жолдың ылғалды бетіндегі басқарылушылықты бағалау
 
Бірақ олар автомобильді қаншалықты жылдам тоқтатады? Бұл маңызды тәртіпте жолдың ылғалды бетінде Continental үздік болып шықты, және де одан тек Michelin ғана қалмады. «Жақсы» деген бағаны сонымен қатар Goodyear, Falken, Pirelli, Hankook және Nokian алды, олардан кейін -  Dunlop, Westlake, Vredestein және Uniroyal.
 
Жолдың құрғақ бетінде тағы да алда жазғы шиналар және Michelin, ал ең нашар болып Westlake мен Uniroyal танылды.
 
Жолдың ылғалды бетіндегі ABS арқылы тежеу  (тежеу жолы 100-ден 10 км/сағ. дейін, м)   Жолдың құрғақ және ылғалды бетіндегі ABS арқылы тежеу  (тежеу жолы 100-ден 10 км/сағ. дейін, м)
 
Бұдан әрі ең жоғары көлденең ілініс анықталатын ылғалды айналмалы тректе тест жасалады, дәл осында қытайлық Westlake бастаманы өзіне алып, мүмкіндіктерін көрсетті. Жазғы шиналар аз ғана кем түсті, Goodyear мен Michelin шиналарының да нәтижелері өте жақсы. Жалпы «қанағаттанарлық» деген бағаны тек  Hankook, Vredestein мен Uniroyal ғана алды.   Жолдың ылғалды бетіндегі бүйір жақ орнықтылығы (Ең жоғары бүйір жақ үдетуі, м/с2)
 
Акважоспарлауға орнықтылығына жасалған екі тестте де бірінші орынды Nokian шиналары алды. Түзу бойымен жүру кезінде сонымен қатар ең жоғары іліністі Uniroyal мен Dunlop көрсетеді, ал ең нашары – тек Westlake.
 
Егер көлденең акважоспарлау туралы айтсақ,  Nokian шиналарын тек Dunlop қысқы шинасы ғана қуып жете алды, одан кейін Continental, сонымен қатар Goodyear, Hankook және Uniroyal. Westlake шиналары жолмен түйісуін жылдам жоғалтады.
 
Бойлық акважоспарлауға орнықтылығы  (іліністі жоғалту жылдамдығы, км/сағ)   Көлденең акважоспарлауға орнықтылығы  (Ең жоғары бүйір жақ үдетуі, м/с2)
 
Жайлылық деңгейіне жасалған сынақта шиналар арасындағы айырмашылық айтарлықтай болмады, және де әсіресе бірқалыпты жүрісімен Dunlop пен Goodyear ғана ерекшеленді. Басқаларының да бағасы жақсы, ал 80 км/сағ жылдамдықта салондағы шуыл түріндегі аздаған кемшілік тек Pirelli мен Uniroyal шиналарында болды.
 
Жүрісінің жайлылығын бағалау   Шуылын бағалау
 
Теңселуге қарсыласуда көрсеткіштері уақыт талабына жауап бермейтін Falken мен Hankook шиналарын есептемегенде,  барлық шиналар лайықты нәтиже көрсетті.   Үнемділігі  (80 км/сағ жылдамдықта дөңгелекке түсетін күштің жоғалуы)
 
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)
 
Күтілгендей, тесттің бірінші бөлігінен кейін ең көп балды жазғы шиналар алды, алайда екі барлық маусымға арналған шина осыған жақын нәтиже көрсетті, олар - Goodyear және Michelin. Бұдан басқа, өзге үміткерлер де таңқаларлықтай жақсы нәтиже көрсетті, бұл жөнінде Uniroyal мен Westlake шиналарынан басқасының «жақсы» деген баға алуынан көруге болады. Тіпті «қанағаттанарлық» деген рейтингімен қытайлық шина да қауіпсіз болып танылды.
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)
 
Сынақтардың екінші бөлігі қаңтар айының ортасында Швецияның қарлы Arctic Falls полигонында -3 температурада өткізілді. Дәл осы жерде Michelin шиналарының расында да қысқы жағдайда пайдалануға жарамдылығын  тексеруге мүмкіндік туды.
 
Бірінші тәртіпте шиналардың қарда басқарылушылығы бағаланды, және де мұнда Dunlop бәрін артта қалдырды, одан кейін Goodyear, Hankook және Uniroyal орын алды. Michelin өзін қалай көрсетті? Бұрылуы кем болғанына қарамастан, олар Pirelliмен бірге «қанағаттанарлық» деген баға алады, сондықтан олар өндірушінің сенімін растады десе де болады.   Қардағы басқарылушылығын бағалау
 
Тежеу арақашықтығының ұзақтығына тестілеуде Dunlop машинаны 27,5 метрден кейін тоқтатты, ал  Nokian шиналарының нәтижесі тіпті жақсырақ болып шықты – дәл 27 метр. Goodyear мен Uniroyal шиналарының тежеу жолы 27,9 м құрады, сондықтан олар да «өте жақсы» деген баға алды. Дегенмен, Pirelliден басқасының бәрі де жақсы нәтиже көрсетті.
 
Бұдан әрі қардағы тартым күші бағаланды, мұнда да Pirelli өз бәсекелестерінің артында қалды. Falken мен Westlake де өздерін аса жақсы көрсете алмады, ал алғы шептен тағы да Dunlop, Goodyear, Nokian және Uniroyal орын алды.
 
Қардағы тежеу (тежеу жолы 50-ден 0 км/сағ дейін, м)   Қардағы тартым күші  (тапталған қардағы орташа тартым күші, Н)
 
Gute Fahrt: Тест всесезонных шин 205/55 R16 (2016)
 
Жазғы шиналардың нәтижесі неге айтылмайды? Олардың қардағы ілінісі өте төмен, ал 50 км/сағ жылдамдықтан тоқтату үшін тіпті 56,7 метр қажет болады. Бұл жазғы шиналарды қыста пайдалануға тыйым салудың маңызы бар екенін білдіреді.
 
Жалпы қарда қысқы Dunlop шинасымен қатар бір деңгейде тек Goodyear мен Uniroyal ғана шыға алды. Бұдан кейін  өздерінің көптеген жіңішке ламельсіз суреті де жеткілікті тиімді екенін көрсететін Nokian, Hankook, Falken, Vredestein, сонымен қатар Michelin шиналары орын алады. Рейтингінің төменгі жағында күрт сырғуы мүмкін және автомобильді өте ұзақ тоқтататын Pirelli, сонымен қатар Westlake шиналары орын алды.
 
Жалпы есепке алуда баға салмағы жазғы және қысқы жағдайларда 70/30 ретінде анықталды, және де тек Goodyear «Өте жақсы» деген баға алғандықтан, бұл шиналар сынақтардың анық көшбасшысы болып табылады. Сонымен бірге Nokian мен Michelin де тесттен лайықты түрде өтті, сондықтан бірінші үш шина  Gute Fahrt журналының ұсынылған деген мәртебесін алды.
 
Сарапшылар сонымен бірге тест нәтижесінің «жаңа барлық маусымға арналған шиналар алдыңғы буын модельдерінен әлдеқайда жақсы, сондықтан егер сіздің автомобиліңіздің ат күші 150-ден аспаса, және жылына аса көп қашықтық жүрмейтін болсаңыз, маусым сайын шина ауыстырудан бас тартуыңызға болады» дегенді көрсететінін қоса айтты.
 
Қорытынды кесте
 

Әр шина туралы Gute Farht сарапшыларының пікірі төменде келтірілген:

 
Continental ContiEcoContact 5 (жазғы, сынақтан тыс)
ContiEcoContact 5
 
VW ұсынылған және барлық жолдың құрғақ және ылғалды бетінде барлық тесттерде «эталон» болған шиналар. Асфальтта барлық маусымға арналған шиналар оларға жете қоймайды, алайда жазғы шиналардың ілінісі өте нашар және қардағы тежеу жолы ұзақ екенін ұмытпау қажет.
 
Dunlop Winter Sport 5 (қысқы, сынақтан тыс)
Dunlop Winter Sport 5
 
Dunlop
Winter Sport 5
Қарда Dunlop өзінің табиғи стихиясындағыдай, алайда бұл жолы барлық маусымға арналған Goodyear және Uniroyal шиналары оны қуып жетуге аз қалды. Жазғы жағдайда Dunlop оның өзін ұстауын болжап білуге болатындықтан, бір рет басқарылушылығы үшін «Жақсы» деген баға алды, алайда жұмсақ компаунды үшін олар ыстық ауа райында жылдам тозады.
 

 
Goodyear Vector 4Seasons Gen-2. Бағасы: 5- (Gute Fahrt ұсынған)
Goodyear Vector 4Seasons SUV Gen-2
 
Артықшылығы:
  • Қарда Dunlop шиналарынан және жазғы жағдайда Continental шиналарынан  аз ғана артта қалды.  
  • Жолдың құрғақ бетінде бақарылушылығы жақсы.
 
Michelin CrossClimate. Бағасы: 4+ (Gute Fahrt ұсынған)
Michelin CrossClimate
 
Артықшылығы:
  • Жолдың құрғақ бетінде басқарылушылығы жақсы, меңгеріктің бұруына жылдам әрекет етеді және тежеу жолы қысқа.  
  • Жолдың ылғалды бетінде басқарылушылығы жақсы және тежеу жолы қысқа.
Кемшілігі:
  • Қарда бұруға жақсы икемделмеуі
  • Орташа тартым күші және қардағы тежеу жолының салыстырмалы ұзақтығы
 
Nokian Weatherproof. Бағасы: 4+ (Gute Fahrt ұсынған)
Nokian  Weatherproof
 
Nokian
Weatherproof
Артықшылығы:
  • Жоғары тартым күші, тежеу жолының қысқалығы және қарда аздаған бұруға икемсіздігімен жақсы басқарылушылығы
  • Акважоспарлауға өте жоғары орнықтылығы
Кемшілігі:
  • Жолдың құрғақ және ылғалды беттерінде бұруға қолайсыз болуға икемділігі
 
Hankook Kinergy 4S H740. Бағасы: 4
Hankook  Kinergy 4S H740
 
Hankook
Kinergy 4S H740
Артықшылығы:
  • Бағасы мен сапасының тартымды ара салмағы
  • Қардағы жақсы басқарылушылығы, қысқа тежеу жолы және жоғары тартым күші
  • Жолдың ылғалды бетіндегі қысқа тежеу жолы
  • Акважоспарлауға өте жоғары орнықтылығы
Кемшілігі:
  • Теңселуге салыстырмалы жоғары кедергі
 
Uniroyal AllSeasonExpert. Бағасы4
Uniroyal AllSeasonExpert
 
Uniroyal
AllSeasonExpert
Артықшылығы:
  • Қардағы өте жақсы нәтижесі
Кемшілігі:
  • Жолдың ылғалды бетіндегі басқарылушылығының аса жақсы болмауы
  • Жолдың құрғақ және ылғалды беттеріндегі тежеу жолының ұзақтығы
 
Falken Euroall Season AS200. Бағасы: 4-
Falken Euroall Season AS200
 
Falken
Euroall Season AS200
Артықшылығы:
  • Бағасының төмендігі
  • Қардағы жақсы басқарылушылығы және тежеу жолының қысқалығы
  • Жолдың құрғақ бетіндегі жақсы басқарылушылығы
  • Жолдың ылғалды бетіндегі жарамды басқарылушылығы (бұруға икемділігінің жеткіліксіздігіне қарамастан)
Кемшілігі:
  • Теңселуге жоғары қарсыласуы (жалғыз көзге түсер кемшілігі)
 
Pirelli Cinturato All Season. Бағасы: 4-
Pirelli  Cinturato All Season
 
Pirelli
Cinturato All Season
Артықшылығы:
  • Жолдың құрғақ бетіндегі жақсы басқарылушылығы және тежеу жолының қысқалығы 
  • Жолдың ылғалды бетіндегі тежеу жолының қысқалығы
  • Теңселуге төмен қарсыласуы
Кемшілігі:
  • Ылғалды асфальтта бұруға жеткіліксіз икемделуі
  • Қардағы төмен тартым күші және тежеу жолының ұзақтығы
 
Vredestein Quatrac 5. Бағасы: 4-
Vredestein  Quatrac 5
 
Vredestein
Quatrac 5
Артықшылығы:
  • Жолдың құрғақ бетіндегі жақсы басқарылушылығы және тежеу жолының қысқалығы
  • Қардағы жақсы басқарылушылығы және жоғары тартым күші
Кемшілігі:
  • Жолдың ылғалды бетінде бұруға жеткіліксіз икемделуі  және тежеу жолының ұзақтығы
 
WestLake SW602. Бағасы: 3
WestLake SW602
 
WestLake
SW602
Артықшылығы:
  • Қардағы, құрғақ және ылғалды асфальттағы қанағаттанарлық басқарылушылығы (бірақ үздік шиналардан нашар)
Кемшілігі:
  • Тежеудің төмен нәтижелілігі
  • Акважоспарлауға ең төмен орнықтылығы
 
colesa.ru материалдары бойынша