+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Cart is empty

Catalogue
0
Cart 0 тг
Когда переобувать шины, чтобы не получить штраф?

Когда переобувать шины, чтобы не получить штраф?

17.29.2022

Шиномонтаж в шинных центрах Vianor Алматы и Астана

 

Кедендік одақ елдері үшін 2015 жылдың басында күшіне енген Техникалық Регламентке сәйкес, сонымен қатар қыстың жақындауына байланысты, маған бүртабанды дөңгелекті пайдаланғаным үшін айыппұл салуы мүмкін бе? Ал қыста жазғы дөңгелекті пайдаланғаным үшін ше? - деген сұрақтар тағы да өзекті сұрақтарға айналды.  Бұл жөнінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина өзінің Facebook парақшасында түсініктеме берді. 

 

В свете вступившего в силу Технического Регламента для стран Таможенного Союза в начале 2015 года, а также приближающейся зимы, снова стали актуальными вопросы: могут ли меня оштрафовать за использование шипованной резины? А за использование летней резины зимой? Пояснения дала на своей странице Facebook Ирина Лукьянина, пресс-секретарь Комитета административной полиции МВД.

 

Алдымен, қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты тармағына жүгінейік. Мұнда ЖЖЕ-ге сәйкес жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық күйі мен жабдықтары тиісті техникалық регламенттің оларды пайдалану бойынша талаптарына жауап беруі тиіс делінген.   

 

Прежде всего, обратимся к действующему законодательству, в частности к пункту, относящемуся к безопасности дорожного движения и охраны окружающей среды. Здесь отмечается, что в соответствии с ПДД техническое состояние и оборудование транспортных средств, участвующих в дорожном движении, должно отвечать требованиям соответствующих технических регламентов по их эксплуатации.

 

Және де ЖЖЕ-де қандай да бір талап болмаса, онда бұл жағдайларда ереже бұзу үшін айыппұл төленбейді деп ойлау дұрыс емес. Егер талап техникалық регламентке қоса ЖЖЕ-де жазылатын болса, онда олар мүлтіксіз орындалуы тиіс.

 

При этом будет ошибочным думать, что если в ПДД нет каких-то требований, значит и нарушения в данных случаях не будут подлежать штрафу. Если требования прописаны как в технических регламентах, так и в ПДД, то они должны неукоснительно выполняться.

 

Мұны «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың Техникалық регламенті мысалында қарастырайық. Регламентте «тайғанауға қарсы бүртабанды дөңгелек» (күнделікті қолданыста бүртабанды дөңгелекдеп аталатын) және «үш шыңды тау аясындағы қар » белгісімен таңбаланған, сонымен қоса «M+S», «M&S», «MS» белгілерімен таңбаланған «қысқы дөңгелек» деген ұғымдар бар. Бұл дегені осындай таңбасы жоқ дөңгелектер қысқы дөңгелек болып саналмайды дегенді білдіреді.  Сонымен қоса Регламентте «жазғы дөңгелек», «маусым аралық» немесе «барлық маусымға арналған» деген ұғым жоқ.     

 

Рассмотрим это на примере Технического Регламента Таможенного Союза «О безопасности колесных транспортных средств». Регламент содержит такие понятия как «шины с шипами противоскольжения» (в обиходе называемые шипованным шинами) и «зимние шины» — шины, маркированные значком «снежинка на фоне горной вершины с тремя пиками», а также маркированные обозначениями «M+S», «M&S», «MS». Отсюда следует, что шины не имеющие таких обозначений — зимними не считаются. Также стоит отметить, что Регламент не содержит таких понятий как «летняя резина», «межсезонная» или «всесезонная».

 

 

Ал сіздің автоңыздағы дөңгелектің маусымға жарамайтынын және сіз айыппұл төлеуіңіз мүмкін екенін қалай түсінуге болады? ТҚ Техникалық регламентінің №8 қосымшасының 5.5-тармағы бұл сұраққа қарапайым жауап береді: тайғанауға қарсы бүртабанды дөңгелектермен толымдалған көлік құралдарын жазғы кезеңде (маусым, шілде, тамыз) пайдалануға тыйым салынған; қысқы дөңгелектермен толымдалмаған көлік құралдарын қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) пайдалануға тыйым салынады. Және де қысқы шина көлік құралының барлық дөңгелегіне орнатылауы тиіс.   

 

А как понять, что шины на вашем авто уже не соответствуют сезону и вы рискуете получить штраф? Пункт 5.5 Приложения №8 Технического Регламента ТС отвечает на это довольно просто: эксплуатация транспортных средств, укомплектованных шинами с шипами противоскольжения запрещена в летний период (июнь, июль, август); транспортные средства, не укомплектованные зимними шинами, запрещается эксплуатировать в зимний период (декабрь, январь, февраль). При этом зимние шины должны быть установлены на все колеса транспортного средства.

 

 

Сонымен қатар, Регламентте дөңгелектерді пайдалануға тыйым салу мерзімі КО-ға мүше елдердің мем.басқару өңірлік органдарымен ұлғайту жағына өзгертілуі мүмкін. 

 

Вместе с тем, Регламент допускает, что сроки запрета эксплуатации шин могут быть изменены региональными органами гос. управления государств-членов ТС в сторону увеличения.

 

 

Мұны қалай түсінуге болады? Ал ол былай, егер республикалық немесе аумақтық мем.басқару органдарымен дөңгелекті пайдалану мерзіміне тыйым салу мерзімі ұзартылмаса, онда бүртабанды дөңгелекпен жабдықталған автомобильмен маусым, шілде, тамыз айларында жүруге болмайды. Өз кезегінде, дөңгелектерде «үш шыңды тау аясындағы қар» белгісі, сонымен қоса «M+S», «M&S», «MS» белгілері жоқ автомобильдермен желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жүруге тыйым салынады.  Наурыздан мамырға дейінгі немесе қыркүйектен қарашаға дейін маусым аралығында қандай дөңгелектермен жүру керектігі заңнамамен реттелмеген және автомобиль иелерінің өз қалауына қалады. Әрине, жүргізушілер дөңгелектерге қойылатын жалпы талаптарды ұмытпауы тиіс: бұжыртабанының биіктігі, тозуы және дөңгелектің бүлінуі, және т.б.

 

Как это понимать? А так, что если республиканскими или территориальными органами гос. управления не увеличивались сроки запрета эксплуатации шин, то автомобилем, который оснащен шипованными шинами, нельзя управлять в июне, июле и августе. В свою очередь, запрещается управление автомобилем в декабре, январе и феврале, на шинах которого нет значка «снежинка на фоне горной вершины с тремя пиками» или обозначений «M+S», «M&S», «MS». На каких шинах ездить в межсезонье с марта по май или с сентября по ноябрь, законодательством не регламентируется, и остается на усмотрение автовладельцев. Разумеется, водителям не стоит забывать об общих требованиях, предъявляемых к шинам: высота протектора, износ и повреждения шины, и т.д.

 

 

Осылайша, егер мем.басқару органдары дөңгелектерді пайдаланудың Регламенттегі стандарттан басқа мерзімін белгілемесе, автомобиль иелері заңды негізде бүртабанды немесе қысқы дөңгелектермен 1-ші маусымға дейін жүре алады.

 

Таким образом, если органы гос. управления не устанавливали иных сроков эксплуатации шин, чем стандартные — в Регламенте, автовладельцы на законных основаниях могут ездить на шипованных или зимних шинах вплоть до 1 июня.

 

 

Регламенттің мұндай жерлеріне қарамастан, біз автомобиль иелерінің дөңгелектерді маусымға сай пайдаланбау, жоқ дегенде, олардың жылдам тозуына, ал көп жағдайда жол-көлік оқиғасына әкеп соғатынын ұмытпауларына шақырамыз.    Дөңгелектерді уақытында ауыстырыңыз!

 

Несмотря на это допущение Регламента, мы призываем автовладельцев всегда помнить, что использование шин не по сезону приводит, как минимум, к их ускоренному износу, а в большинстве случаев — к ДТП. "Переобувайте" шины вовремя!